Айналым құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 12:13, реферат

Описание работы

Айналым құралы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды шарттарының бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік және басқа да қолайсыз жағдайлар кәсіпорындарды айналым құралына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге итермелейді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 29.50 Кб (Скачать)

  Айналым құралы -  кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті  қызметінің маңызды шарттарының  бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы  оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын  анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік  және басқа да қолайсыз жағдайлар кәсіпорындарды айналым құралына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге  итермелейді.

  Өндіріс үздіксіздігін қамтамасыз етуші  маңызды шарттардың бірі  болып оның материалдық негізін, яғни өндіріс қаражаттарын үнемі жаңартып отыру  саналады. Ол өз алдына өндіріс қаражаттары қозғалысының үздіксіздігін алдын ала анықтайды.

  Өзінің  айналысында айналым құралдары  ақшалай, өндірістік және тауалы нысандарға ие болып отырады. Ол айналым құралдарының өндірістік қаражаттар және айналыс қаражаттары болып бөлінуіне сәйкес келеді.

  Өндірістік  қорлардың материалдық нұсқаушысы болып өндіріс құралдары табылады. Олар еңбек кұралдары және еңбек  заттарына бөлінеді. Дайын өнім ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттармен бірігіп  айналыс қаражаттарын құрайды.

     Айналым құралдары ең алдымен құндық категория ретінде қабылданады. Олар материалдық құндылықтар болып табылмайды, себебі олардан дайын өнім өндіруге болмайды. Ал ақшалай нысандағы құн бола отырып, айналым құралдары айналым процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысандарын қабылдайды. Тауарлы-материалдық қорларға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, жойылмайды, олар  авансталады.

  Кәсіпорынның айналым құралдары екі функция атқарады: өндірістік және есептік. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым құралдары өндірістік айналым қаражаттарына авансталады, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өзінің құнын өндірілген өнімге көшіреді. Өндірістің аяғында айналым қаражаттары айналыс қорлары түрінде айналыс сферасына өтеді. Онда олар екінші функциясын атқарады, бұл функцияның мәні – айналым құралдарының тауарлы формадан ақшаға айналуы және айналыстың аяқталуы.

  Айналым құралы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий болып саналады.

  Айналым құралы -  кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті  қызметінің маңызды шарттарының  бірі.

  Айналым құралдарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін    белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет.

  Айналым құралын қалыптастырушы меншікті, қарыздық және тартылған қаражаттар көздері  арасындағы дұрыс қатынас кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыруда маңызды роль алады.

   Айналым капиталы минималды қажетті мөлшердегі өндірістік айналым  және айналыс қорларының жоспарлы қалыптасуы мен қолданылуына арналған  ақшалай нысандағы авансталатын құнды білдіреді. Олар кәсіпорынға өндірістік бағдарламаны орындауға және есептесулерді өз уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Айналым қаражаттарының үнемі  қозғалысы өндіріс пен айналыс  үрдісінің үздіксіздігінің негізі  болып табылады. Өндірістік қызмет - айналым қаражаттарының маңызды  қызметі. 

  Айналым қаражаттары өндіріс сферасына, айналыс сферасына, халық шаруашылығындағы есептесулер жағдайына елеулі әсер ететін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып табылады. Төлемдік-есептік қызмет оның екінші қызметі болып табылады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жағдайы бірнеше себептерге байланысты нашарлады: біртұтас экономикалық кеңістіктің ыдырауы, өндіріс деңгейінің түсуі, бағалардың өсуі.

      Айналым құралдардың жарамсыздығын анықтау  үшiн, сондай-ақ қажеттi құжаттарды дайындау үшiн басшының бұйрығымен коммисия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшiсiнiң орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершiлiгi бар тұлғалар, меншiк иесiнiң өкiлi, мемлекеттiк көлiк инспекциясының өкiлi бар тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар құрылады.

      Айналым құрал-жабдықтардың кейбiр түрлерiн  баланстан шығырғында комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады.

      Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар есптеп шығарылатын қажеттi объектiлерiмен тiкелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтiру немесе одан әрi пайдалануға ижарамсыздығын, есептен шығару есептерiн, қажеттi жағдайда объектiлердiң уақытынан бұрын есептен шығаруға кiнәлiлi тұлғаларын, кейбiр топтардың, тетiктер мен материалдың пайданылу мүмкiндiктерiн және олардың бағасын анықтайды, негзгi құрал - жабдықтардың есептен шығару актiлерiн жасайды.

    

Информация о работе Айналым құралдары