Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 21:00, реферат

Описание работы

Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан жұмсап, мағыналы сөйлеу білуі-заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.

Работа содержит 1 файл

Нугман Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.docx

— 16.44 Кб (Скачать)

Жұрт  алдында сөйлеу мәдениеті

      Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың  ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан  жұмсап, мағыналы сөйлеу білуі-заман  талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.

      Бүгінгі қоғам талабы – егеменді еліміздің  әрбір азаматын тек дипломды маман  ғана емес, іскер де сауатты, өз пікірін  ашық та айқын жеткізе алатын тұлға  етіп тәрбиелеу. Тіл-халықтың болмысын ашып көрсететін, бар салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісі ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Тіл мәденеитін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстары білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, жеке ұғым қалыптастыру, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет.

      Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына  бөлейді, ол туралы жақсы пікірілердің қалыптасуына септігін тигізеді, тыңдаушының  тіл мәдениетіне деген ықыласының артуына игі ықпал етеді.

      Жұрттың бәрінің сөйлеу дағдысы, тіл пайдалану  тәсілін бір өлшеммен өлшеуге, бір  үлгімен пішуге болмайды. Әр сөйлеуші адамның ақыл-ой, парасаты, білімі, мәдениеті, білімге қанықтығы, іс-әрекеті біркелкі емес. Әр түрлі әлеуметтік ортада өз орымен сөйлеу-үлкен мәдениеттілік. Үлкен жиындарда сөз ресми  түрде болса, күнделікті қарым—қатынаста  басқаша сөйленеді. Қанша ділмар шешен болса да, әр жастағы адамдармен өзінше қарым-қатынас тәртібін сақтау абзал.

      Тілдік  қатынас – адамдар қарым-қатынасының  ерекше формасы, ой бөлісу түрі. Ғалым  Ф. Оразбаева: «Тілдік қатынас-сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді  нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас  дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы  үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар  қарым-қатынасынң түп қазығы дегенді  білдіреді», - деп анықтама бере келе: «Жалпы, адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі-тілдік қатынас, екіншісі-тілсіз қатынас», -деп адамдардың тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайтынын, қатынастың тағы бір түрі-тілсіз қатынас екенін атап өтті.

      Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу-көптің  алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз анық, дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса, жігерсіз әрі бірқалыпты әуенмен айтылса, сөз қанша қызықты болғанмен, тез жалықтырады. Тыңдаушы көңілін басқаға аударып кетеді. Көп алдына шыққан адамның сөзінен табандылық, сенім сезіліп тұрса, оны жұр ұйып тыңдайды. Құр шаңқылдап айғайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.

      Тілсіз  қарым-қатынасқа деген қызығушылық  ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды  жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон  басқа шешендерге: «Барлық жан  қимылы ишаралармен үстемеленуі  тиіс»,-деп кеңес береді.

      Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын  баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемңің  мазмұнына сәйкес әр түрлі қол  қимылдарын – қолды сермеу, қол  бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді  құбылту сияқты қосалқы құралдардың  да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар  ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айдаладағы бір нүктеге қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс. Мысалы, санамалап жеткізуде қолдың саусақтарын бүгу не ашу арқылы сөзіңдегі негізгі мәселеге баса назар аудартуға болады. Қасын керу, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың. Көп алдына шығып алып, әрі-бері теңселіп жүрудің керегі жоқ. Қолды оңды-солды сермеу де дұрыс емес.

      Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары: бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары-тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.

      Жұртты  ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей  қатысты шарты-сөзді сазына келтіріп айту немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.

      Сөз сазы дегенміз - сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.

      Қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтары, оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу, дұрыс сөйлеу нормаларын пайдалану, оны көпшілікке үйрету қоғам мүшелерінің  өз ана тілі алдындағы парызы. Солардың бірі-қоғамда орыс, араб және парсы  тілдері арқылы енген басқа тілдерден  енген сөздер мен терминдерді  дұрыс айту және орынды қолдану.

      Тағы  бір тілдік норманы бұзу – екпінді  және сөйлемдегі сөздердің жігін  ажырата алмаудан сөйлеушінің сөзі кедір-бұдыр шығады. Осылайша тыңдаушыны жалықтырып алуы мүмкін.

      Әдемі күлкі, әдемі жымию –іскерлік  әлеміндегі ең қажетті қасиеттердің бірі. Адамдармен тіл табысудың тағы бір кілті – жылы қабақ таныту, жымия білу.

      Үлкен жиындарда көп адамға дауысты  көтере сөйлеу қажет болса, тар бөлмедегі 5-6 адамға айғайлап сөйлеу - әбестік. Сөйлеушінің  даусы құбылмалы, әрі жайдары  болса, тыңдаушы бар ынтасымен тыңдауы  сөзсіз.  

      Сөз мазмұнды, әсерлі бол үшін жалпылама  сөйлеуден қашу керек. Сөздің нақты, дәлеледі болуын көздеу керек, бос сөз  ешкімге білім бермейді, қайта  тыңдаушыны жалықтырады.

Сөз мазмұнды болу үшін шешен білуі тиіс нәрсе:

  • Кімдердің алдында сөйлейсіз?;
  • Қандай мәселе ол аудитория үшін маңызды?;
  • Сізде ол жөнінде қызықты мәлімет жеткілікті ме?;
  • Қорытынды түйін мен авторлық көзқарас бар ма?;
 

    Осы мәселелер ескерілсе, сіздің сөзіңіз  табысқа ие болары сөзсіз.

   

Информация о работе Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті