Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 12:25, статья
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың: «адам – отбасы – мәдени шағын топ – этномәдениет – үлкен өркениет – адамзат» жүйесі бар. Осыған тең келетін қазақ шежіресіне тән жүйе: «ата баласы – ру – тайпа – жүз – ұлт».
Қоңырбаева С.С.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті,
Жалпы педагогика кафедрасы
п.ғ.к., доцент м.а.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың: «адам – отбасы – мәдени шағын топ – этномәдениет – үлкен өркениет – адамзат» жүйесі бар. Осыған тең келетін қазақ шежіресіне тән жүйе: «ата баласы – ру – тайпа – жүз – ұлт».
Қазақ отбасылары – Қазақстан
Республикасының негізгі
Ұлттық мәдениет пен кеңістік арасындағы байланысты Л. Гумилев былайша түйіндейді:
Қазақ тіліндегі мәдениет сөзінің этимологиясы ортағасырлық ислам мәдениетінің өркендеуімен тікелей байланысты болса кезек. Арабтың «медине» қала, «маданият» қалалық сөзінен енген. Уақыт өткен сайын еуропалық елдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» деген мағыналарға ие бола бастады. Оның нақты мысалдарын да көре аламыз.
Мәдениеттану ғылымындағы кең мағынада ашылған анықтамамен қорытындылар болсақ, “Мәдениет” термині “ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір затқа, материалдық құралдарға (еңбек құралдары, белгілер), ал нақтырақ алғанда “ағартушылық”, “білімділік”, “қалыптасушылық”, “гуманизм” сияқты адам әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің (материалдық сияқты, руханилықта да сондай) жиынтығы” деп берілген [2].
Ұлттар мен ұлыстардың өздеріне тән ұлттық мәдениеті ұлттың сезімімен, мінезімен, психологиясымен біте қайнасып кетеді. Соңғы ғасырда ішінара өзгерістерге ұшырағанымен, алайда егемендік алғалы бері ұлттық сана бой көтеріп, этномәдениетке рухани сұраныс күшеюде. Қазақ халқының этномәдениеті халықтың сезімі, мінезі, рухы, психологиясы сияқты әр қырынан көрініс береді. Бұған Мұхтар Арынның “Бес анық” атты кітабынан жауап табамыз. “...Ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес, кез келген ұлтқа байланысты айтылар әңгіме. Жеке-жеке алған кезде бұлардың қай қайсысы да тұтастықты білдіре алмайтын сияқты. Бес шарттың бірімен бірінің диалектикалық байланысы бар. Бірінен бірі туындап жатқан тәрізді және бірін-бірі қажет қып тұрғандай”, - дейді де: 1) тіл, 2) дін, 3) дәстүр – әдет-ғұрып, мораль, 4) тарих, 5) атамекен, жер-су мәселесін атайды [3]. Бұл “бес анық” – этномәдениеттің тірегі.
Мәдениеттің белгілі бір ұлтқа қатыстылығы жөнінде А. Сейдімбек “Ұлт және мәдениет” атты мақаласында “...мәдениет дегеніміз – экологиялық жүйемін, өмір салтпен етене өмір сүру тәсілі. Мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Мәдениеті жоқ ұлт не өледі, не басқа ұлтқа жұтылады”, - деген пікір айтады [4].
Белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтай өзінің “Дін және Ұлт” кітабында мәдениет туралы да өз ойларымен қатар бірнеше әлем ғұламаларының пікірлерін келтірген. Соның бірі Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidah6 1861-1914) “Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді”- деген пікірін келтіреді де “Мәдениет - әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі болып табылады”, - деп өз тұжырымын ұсынады және мәдениеттің негізгі қасиеттерін төмендегіше ашады:
«Мәдениет – жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты, барлық адамдарға тән, өмір туралы көрініс беретін құндылықтар жүйесі» - деп нақтырақ анықтама береді Н.Смелзер [6]. Демек, мәдениет пен құндылық бір-бірінен алыс емес, керісінше бірін-бірі толықтыра түседі.
Қай заманда да адам баласы үшін құнды да бағалы, мәнді де маңызды дүниелер болған. Оның заттың немес рухани бейнелі екендігі адамның ішкі қажеттілігіне, түсінігіне қатысты болмақ. Құндылықтың адамзат үшін маңыздылығы мен қажеттілігіне бойлау үшін жан-жақты мәнін ашқан жөн.
Философ-ғалым С.Нұрмұратовтың
кітабында Э.Кассирердің “құнды
Ресейлік педагог-ғалым Л.И. Гриценко “құндылық – адамның санасына бағынбайтын іс-әрекетке қатысты реттегіш” – дейді. Субъектінің құндылық туралы саналы көзқарасы бар, яғни, жеке адамның шынайы құндылықтары мен жарияланған құндылық бағдарлары бар. Құндылықтың әлеуметтік, топтық, жекеше деп бөлімдері кең таралған.
Құндылықтың ұлттық ерекшеліктеріне ескере отырып, орыс философы И.А. Ильин орыс діліне (менталитетіне) қатысты: руханилық, халықтық, рухтық (державность) деп, үш іргелі қорытындылаушы құндылықтарды атады [8]. Осы ойларды қорыта келе, ғылымдағы құндылықтар теориясына тоқталар болсақ: аксиология – құндылықтар табиғаты туралы, оның шынайы өмірдегі орны және құндылықтар әлемінің құрылымы туралы, яғни, тұлға құрылымы мен әлеуметтік және мәдени факторлармен түрлі құндылықтардың өзара байланысы туралы философиялық ілім.
Құндылық мәселесі мейлінше кең мағынада дәуірлердегі асыл мәдени дәстүрлер мен адамзат қоғамының қалыптасқан биік мұраттары арқылы туындағаны рас.
Аксиология философияның дербес саласы ретінде тұрмыс ұғымын ашатын екі белгі: шынайылық пен құндылық арқылы адамның түрлі талап-тілектері мен талпыныстарының нысаны ретінде зерттеле бастайды. Аксиологияның басты міндеті – жалпы қоғамдық құрылымдағы құндылықтың мүмкіндіктерін және оның шындықтың «дәлелдеріне» қарым-қатынасын көрсету. Аксиологиялық проблемалар тұрғысынан құндылықтар теориясын: табиғилық, психологизм, трансцендентализм, дербестілік, онтологизм, мәдени-тарихи релятивизм және социологизм деген түрлерге бөлуге болады.
Сонымен, этномәдени құндылықтар негізі төмендегіше түзілді:
ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР |
ТІЛ |
Қарым-қатынас, байланыс, дискурс, т.б. |
ДІН |
Құран, хадис, иман: шариғат, неке, ахлақ (мінез-құлық), фиһқ (ғибадат), ақида (сенім), сиар (Пайғамбардың (с.а.у.) өмірі), т.б. | |
ДІЛ |
Тұрмыс, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, т.б. | |
ТАРИХ |
Оқиғалар, соғыстар, төңкерістер, замана ағымымен даму, т.б. | |
ҚҰҚЫҚ |
Заң, ереже, жарғы, мұрагерлік, мирасқорлық, т.б. | |
ӨНЕР |
Сөз өнері, саз өнері, қол өнері, сәулет өнері, бейнелеу, кескін т.б. | |
АҒАРТУ |
Тәрбие, әлеуметтендіру, білім, ғылым. |
Біз қарастыратын басты мәселе даярлау, яки, отбасылық өмірге адам дайындау болғандықтан, әлеуметтендірудің негізгі компоненті – тәрбие құндылығына да назар аударғымыз келеді. Құндылық тәрбиесі – АҚШ, Қанада және Батыс Еуропа елдерінің педагогикалық теориясы мен тәжірибесіндегі бағыт. Бұл Америкада 60-70 жылдары зиялы қауым мен жастардың арасында бұқаралық мәдени құндылықтарға қарсы шығып, мәдениетке қарсы құбылыстар пайда болуына байланысты шыққан еді.
Құндылық тәрбиесінің негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерге жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесін тікелей беру емес, адамгершілік құндылықтарды таңдауға, ізгілік мұраттарына негізделген адамгершілік өлшемдерін жасауға жастардың мүмкіндіктерін қалыптастыру. Құндылық тәрбиесінде Дж.Дьюидің прагматизмі, М.Бубердің жаңа экзистенциализмі, К.Роджерс пен А.Г. Маслоудың гуманистік психологиясы, Л.Кольбергтің моральдық дамудың когнитивті тұжырымдамасы, Э.Х. Эриксонның тұлға эпигенетикасының моделі әдіснама ретінде қарастырылады. Құндылық тәрбиесінің теориясы: “құндылық сенім”, “құндылықтардың түсіндірілуі”, “құндылықты талдау”, “құндылықты рефлекция”, “құндылықты ықпал” сияқты өзіндік тұжырымдамалар қатарын біріктірді. “Құндылықтарға сай өмір сүруді адамдарға үйрету” деген жалпы тәрбиелік мақсатты бұл тұжырымдамалар жинақтап тұр [9].
Адам іргелі құндылықтардың өзегінде тұрады. Тәрбиедегі құндылық мәселесі жөнінде келелі мәселелері әлі күнге өзектілігін жоймаған орыс педагогтары: тұлғалық-әлеуметтік тәрбиенің маңызы және оның құндылықтары жөнінде А.С. Макаренко “еркіндік” пен “азаматтық парыз” мәселесі жөнінде В.А. Сухомлинскийдің ғылымда салып кеткен соны іздері бар.
Тәрбиенің тұлғалық-әлеуметтік тұжырымдамасында қабылданған негізгі құндылықтар: адам, руханият, махаббат, еркіндік, шығармашылық, жауапкершілік, парыз, қауымдастық, тұлға мен қоғамның үйлесімділік мұраты – тәрбиедегі ізгілік өзегі болып табылады.
Адамзаттың негізгі өмірі, бақытының бастауы отбасылық өмір болғандықтан, жастарды отбасылық өмірге даярлау – маңыздылардың маңыздысы. Отбасылық өмірге дайындауды тәрбиедегі түрлі құндылықтар қатары арқылы қарастыруға болады. Атап айтар болсақ: рухани-адамгершілік тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, жыныстық тәрбие, құқықтық тәрбие, экономикалық тәрбие, салауаттылық өмір салты, махаббат тәрбиесі, гендерлік тәрбие т.б.
Бүгінгі қазақ жастарына этномәдени құндылықтар негізінде заманауи тәрбие бере отырып, болашақ отбасылық өмірге даярлаудың маңыздылығы айқын. Бұл жөнінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Наурызбайдың “Этномәдени білім беру” тұжырымдамасы негіз бола алады. Ғалымдың “Этномәдени білім беру” термині “білім беру саласында этномәдени қызығушылықтарды іске асыру” түсінігімен қатар қолданылады. Сондықтан да біз оның мазмұнына: “этномәдени тәрбие – этномәдени ағарту ісі – этномәдени білім” өзара байланысты үштікті ендіреміз” [10] – деген пікіріне жүгіне отырып, біз де өз тақырыбымыз бен мүмкіндігімізге сай қарастырдық.
Бүгінгі қазақ жастарын этномәдени құндылықтар негізінде отбасылық өмірге даярлау – әлеуметтендірудің өзекті мәселерінің бірі болмақ. Әлеуметтендірудің аясына тәрбие кіргенімен, оның мүмкіндігі тәрбиеге немесе білім беруге қарағанда мол. «Әлеуметтендіру» ұғымын психологиялық тұрғыдан ашар болсақ, адамзат қалыптастырған негізгі рухани құндылықтар жиынтығын индивидтің меңгеру үрдісінде тұлғаның қалыптасуы екендігін білер едік.
Демек, отбасылық өмірге даярлауға жан-жақты ықпалды этномәдени құндылықтар арқылы әлеуметтендіру мәселесінің маңыздылығы айқын болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
РЕЗЮМЕ
Мақалада қазақ жастарын этномәдени
құндылықтар негізінде
Информация о работе Жастарды отбасылық өмірге даярлаудағы этномәдени құндылықтар мәселесі