Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:50, реферат
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
2. Жүректі жегідей жейді.
Адамның “моторы”
айталықтай өзгеріске ұшыраса,
оның өмірі де қысқаратыны
белгілі. Дәрігерлер “
3. Бауырды езеді.
Арақты “жақсы көретіндер” әлі
емі табылмаған цирроз ауруына,
4. Тамырларды
тарылтады, қуысын бітейді.
5. Шұғыл өліп
кетсең, арақтан көр. Маскүнемдер
арасындағы тұтқиыл өлімдер
6. Ақылдан адастырады. Психиатриялық емханаға түсетіндердің көбі – маскүнемдікке салынғандар. Галлюцинация, сандырақтау, иллюзия, құтыру, есте сақтау қабілетінің төмендеуі – осының бәрі арақтың кесірі.
7. Иммунитет
төмендейді. Араққа құмар адамдар
жұқпалы ауруларға, соның
8. Қабыну процестерін
қарқындатады. Өңештің, асқазанның,
ұйқы безінің, өкпенің,
9. Астың сіңірілуін азайтады. Мальабсорбция процесі жүрсе, яғни ас сіңірілмесе, тағам құрамындағы құнарлы заттар қанға өтпесе, ақуыз, көмірсу, май, витамин, минералды заттар жетіспегендіктен ағза ашығады.
10. Кемтар ұрпақты
дүниеге келтіреді. Спиртті
Нашақорлық-қоғам
дерті
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда
айтып кеткен АҚШ
Біздің елдегі
дәрігерлердің айтары АҚШ
Спирттік ішімдіктердің қауіптілігі мен тигізетін зардаптарына көзің жетті ме? Бұл әңгімемізде тек оның ағзаға ғана әкелер зиянын айтып өттік. Ал, харам сусыннан қоғамға келер моральдық, қылмыстық т.б жайттар өз алдына бөлек тақырып. Ендеше одан отбасыңды, жақындарыңды сақтандыр, өзгелерге де осыны айт! Ұлт болашағына қауіпті осы құбылыспен қоғам болып күресейік.
Осыдан он жыл бұрын “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 7 басым бағыттың ішінде денсаулық сақтау және білім беру, адамдардың өсіп-өнуі өміршең міндеттер екені белгілі. Бірінші кезекте сырқаттың алдын алу және дені сау болып, жақсы өмір сүрудің берік дағдысын күнбе-күнгі әдетке айналдыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану, қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді. Нарық жағдайында жеке меншік медициналық қызметтің де дамуына жол ашылды. Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені дау туғызбайды.
Сондықтан
да қоғамда саламатты өмір салтын
қалыптастыру аясында жаңа міндеттерді
шешуіміз керек. Оны медициналық сауаттылық
және өз денсаулығын ойлау жолындағы сауаттылық
және мәдениеттілік десек