Ежелгі Үнді философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 14:42, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды.

Работа содержит 1 файл

Ежелгі Үнді философиясы реферат.doc

— 64.50 Кб (Скачать)

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы: «Ежелгі Үнді философиясы»

Тобы: Ф-10-1

Орындаған: Дәукеева Арайлым 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қызылорда қаласы, 2011 жыл

    Үнді  халқының, көрші Қытай елі сияқты, 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.

    Үнді  елінің ғажап ерекшелігі - оның әлеуметтік ұйымдастыруында. Ондағы адамдар үлкен  жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна, я болмаса каста дейді.

    Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында 4 каста  тарихи пайда болды. Олар:

    Брахмандар (ақтар); айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен, діни қызметкерлер, ел басқарушылар.

    Кшатрилер (қызылдар); айналысатын істері –  жауынгерлік істер.

    Вайшьилер (сарылар); еңбек ететін адамдар, негізінен, егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.

    Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен  айналысатындар.

    Тарихи  алғы үш каста - б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде  пайда болған аборигендер болып  есептеледі (aborigine - латын сөзі, басынан бастап).

    Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста  болу керек жөніндегі ережелері  бар. Үлкен касталардың өзі іштей  әртүрлі топтарға бөлінеді.

    Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір  кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.

    Касталық  қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны  белгісіз болса да, оның негізінде  жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:

    Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;

    Касталық  қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады. 

      Біздің  жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға-эскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер кэсібі, саудагерлік тисе, шудраларға- қара жүмыс ғана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мэдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б. д. д. 1500ж) жиынтықталған. Ведалар 4 бөлімнен түрады: 1) самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы; 2) брахман- самхитті түсіндіретін эр түрлі мифологиялық эңгімелер,, ритуалдар т. б; 3) араньякта-(орман кітабы) брахманға тэн ритуалдардың орнына қүдайларды іштей сыйлап қүрметтеу, олар туралы ойланып - толғану сияқты көзқарас; 4) Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дэстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік- Брахман жатыр. Ал одан заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі-қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі-жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жэне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі-жалқы. Кейбір жағдайларда брахмандармен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман- тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Амен тек бастама ғана емес, ол- саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман жэне атманмен қатар тұрған үғымдаодың бірі-пуруша жэне "мен". Пуруша - ол әлем, адам түріндегі элем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, "мен әлемді жаратамын",-деп: аспан суын, сэуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" Брахманмен, Атманмен тең деп түсінген де ғана, адам өзін қүдаймен, бүкіл элеммен теңмін деп, түсінеді. Ал "мен" - бір бөлек, брахман, атман-бір бөлек деп түсінетін болсақ ол-білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей қүрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты-тірі кезінде атман-брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, қү-марлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап- арбаусыз ой кешіп, атманды үсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, элемдік қүрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білімді алуы басты шарт болып саналады.

      Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін  мойындау-мойындамауына байланысты эр-түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар,санкхья т.б.

      а) Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм  сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет.

     Жайналықтар элемді тіршілігі бар жэне тіршілігі  жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі  жоқ (аджива) элем атомдардан (ану) тұратын  материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен  қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен  қатар, кеңістік (ақаша) уақыт (кала), орта жэне қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі эр- түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек ғана сезіне алса, қүстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түсіну тэн. Жалпы алғанда, тіршілік мэңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.

     Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі  жоқтардың арасын толығымен алшақтаса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп мэңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі - өмірдің үзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, лэззаттануға қатынасты айқындайды.

     Ал  сансардан азат болу үшін "үш қазына" сақтау керек. Олар: дүрыс қылық, шынайы білім, дүрыс сенім. Дұрыс сенім-тиртханкалар деп аталатын 24 эулиенің іс-эрекетіне сену болса, дүрыс қылық-тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім- жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып білу процесінде жан қүрастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның 3 түрі өз тарапынан 3 сатыдан түрады. Бірінші сатысында-жан алшақтығы жэне үхақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында-өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті женген жан адамдардың қазіргі жэне өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында - азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.

     Жайналардың пікірінше, элем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тү-рады. Төменгі екі қабатында-эзэзіл (перілер), ортаншы қабатта-жер, келесі қабатта-құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта-құдайларға ұқсас джиндер орналасқан. Шындап келгенде жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дэлелдердің бэрі негізсіз, қате, сондықтан да қүдайға емес, 24 тиртханкараға (әулиелер) жэне джиндарға сену керек.

     Жайнизм кейінірек келе дигамбар жэне шветамбар  деген екі сектаға бөлініп  кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.

     б) Буддизм. Бүл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б.д.д. 563-483 ж.ж) есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір-қасірет. Адам қандай элеуметтік сатыда түрса да аурудан, кэріліктен, өлімнен қүтыла алмайды. Оған қүдайға шалған қүрбандық та көмектесе алмайды. Қасіріттен қүтылудың бірден-бір жасы сансардан (жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет. 1) Өмір - қасірет. Өмірге келу, кэрілік, ауру, жақсы көрген нэрсеңнен айырылу, қажетіңе жете алмау т.б.-осылардың бэрі қасірет. 2) Қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат. 3) Қасіреттің пайда болу себебі- өмірден лэззат алуға деген қүштарлық екенін түсініп аталған қүштарлықтардан қүтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену. 4) Қүштарлықтан қүтылу жолдарын білу. Қүштарлықтан қүтылу оңай емес, ол үшін 8 эдептілік қағиданы бүлжытпай орындау арқылы жанды таза үхтауға тырысу қажет. Олар:

     1)    Дұрыс жол-төрт ақиқатты дүрыс түсіну           

2)    Дұрыс шешім - төрт ақиқатқа өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

     3)        Дұрыс сөз-өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау.

     4)        Дұрыс іс-әрекет-ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, үрлық-қарлықтан қашық болу.

      5)    Дұрыс түрмыс қалпы- адал еңбек етуді әдетке айналдыру

      6)    Дұрыс күш жүмсау-қүмарлықпен, жаман оймен күресу           

7)   Дұрыс ой бағыты-бүл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну.

    8) Дұрысжинақтала білу-өз денеңді  сезінуден, ойлаудан, түсінуден арылу

    Дұрыс жинақтала білудің өзі 4 сатыдан түрады.

      1)   Ойды 4 ақиқатқа түсініп, пайымдауға бағыштау

      2)       Осы 4 ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта жэне қуанышта болуына мүмкіндік береді

      3)     Қуаныш-қайғыдан,           өз денеңді сезінуден арылу.

      4)       Толық сабырлық жэне толғаусыздық жағдайға жету. Соңғы сатыны будда "нирвана" деп атады. Нирвана-қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген түрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қүдіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана - бүл дүниеден азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана -ең жоғарғы ляззат. Кейін келе, нирвана үғымы адамның бойынан бүкіл элемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мэңгі, оны ешкім дүниеге экелмейді жэне пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дүрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті қызықтан алшақадам танып біле алады.

      Біздің  дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда буддизм Индияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна - "кіші шеңбер" деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса, махаяна-"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым-архаттан гөрі деп "бодхисатвана" пір тұтады. "Бодхисатва"-архатқа жетпеген бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі дін уағыздаушы адамға көбірек үқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана қүтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардан бәрін қүтқарады. Сөйтіп, нирвана өзінің бүрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" ұғымға пара-пар үғымға айналады.

      Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон т.б). Ал Үндістанның  өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі Будда Вишну күдайдың бір көрінісі болып қалады.

      в) Локаята (Чарвака). (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар  Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан өмір сүрмейді. Олардың пікірінше, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тэн күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Информация о работе Ежелгі Үнді философиясы