Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Ақын жырау мұрасының қазақ дүниетанымындағы тәлім-тәрбиге байланысты өсиеттері
Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары
Ақын-жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика реферат.doc

— 78.50 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Ақын жырау  мұрасының қазақ дүниетанымындағы тәлім-тәрбиге байланысты өсиеттері  
Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары

Ақын-жыраулардың  қазақ философиясы тарихында  алатын орны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

       Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.

       Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

      Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор.Халық тәлімінің тарихи кезеңдері шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.

      Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болады.

      Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.

      Үшінші кезең – Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ.ғ. қамтиды деп көрсеткен.

      Төртінші кезең – Араб-шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері деп топтап, бұл 10-15 ғ.ғ. қамтиды делінген.

     Бесінші кезең – Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.

     Алтыншы кезең – Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық –демократиялық идеялардың өрген жаюы.

       Жетінші кезең – Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.

       Сегізінші кезең – Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандауы. Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары.  
       Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.  
      Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, көптеген әндер сақталған. Халық зұлымдық, басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы әндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы күрескен, ел қорғаған батырларды жырлаған:  
 Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды.  
      Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.  
     Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады.  
     Ел ішінде кең тараған батырлар жырларының бірі «Ер -Тарғында» Сыпыра – жырау былай суреттеледі: Ноғайлы ханы Зада көрші руға көптеген зиян келтіреді. Сол руда жас батыр Ер-Тарғын дүниеге келеді. Хан Зада одан кек алуға қорқады, не істерін білмейді, оған Сыпыра – жырауға жолығуға кеңес береді. Сыпыра – жырау ханның зұлымдығын, екі жақтылығын қатты сынай отырып, бұрынғы зұлымдығын ұмытуға және достасуға шақырады. Екі жақты татуластыруға жұмыстанады. Сыпыра-жырау Ер-Тарғынның артықшылығын, оның ержүректігін, тазалығын айта отырып, ханды ойланбай істелген әрекеттен сақтандырады. Сонымен, ең соңында екі жақты да келісімге келуге көндіреді.  
     Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін – көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.  
 ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.  
     Оны ХҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халықымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көне басшысы бола білген Асан Қайғы шығармашылығынан байқауға болады. Асан қайғы – қазақ даласынан шыққан ойшыл-философ, аты аңызға айналған, ел қамын ойлаған данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты» іздеп желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік өмір мен рахат өмір болатын. Оны философтар қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп атайды.  
      Халқының сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен Асан Қайғы, заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов айтқандай, халық мұңын арман етіп, алысты меңзеген, өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген ел қамқоры…  
      Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді.  
   Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, қазақ жерінің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады…  
 Асан Қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктіріп кетер едім, әттең, желмаям көтере алмайды-ау! Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын, тып-тыныш мамыражай ел екенсің»,-депті.  
      Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Екі баласы: «Маңғыстау м алға жайлы қоныс бола ма?»-деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - деген екен.  
 Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің»- деп үш айналады да, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып, - «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-аунап кетейік»,-депті.  
     Асан Қайғы адамның бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалай келіп, «Ұлық болсаң, кішік бол» деген адами қасиетті, кішіпейілділікті жастардың бойында жағымды мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеуге және қалыптастыруға ақыл-кеңес береді.  
 Ел басқарған көсемнің, қол бастаған батырдың әділеттіліктің, адамгершіліктің туын жоғары ұстауы қажеттігін айта келіп, Асан Қайғы:  
 Арғымаққа міндім деп,  
 Артқы топтан адаспа.  
 Күнінде өзім болдым деп,  
 Кең пейілге таласпа.  
 Ғылымым жұрттан асты деп,  
 Кеңессіз сөз бастама.  
 Жеңемін деп біреуді  
 Өтірік сөзбен қостама,-деп ақыл-кеңес береді. Асан Қайғының көрегендікпен айтқан тәлімдік-тәрбиелік ойлары мен тұжырымдары бүгін де жас ұрпақ тәрбиелеу үрдісінде өзіндік мәнін жойған жоқ.  
     Халық дағдырын, мемлекет мәселесін шешуде хандармен бірге ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар да роль атқарып келуде.  
     Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра-жырау сияқты жыраулар заман, қоғам, жайлы, ел басына түскен әр алуан оқиғалар жайынан толғау – жыр айтушы болған. Қазақ поэзиясында жыраулар жеткіншек, ақылгөй тәрбиешінің ролін атқарады. Ақын – жырауларға тән бейнелі сөз айшықтары билердің шешендік сөздеріне де арқау болған.  
    Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. «Өнер алды – қызы тіл» демекші ата-бабамыз ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы ақындардың толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, дәуірімізге жеткізген. Оның себебі аталы сөздердің өмірщеңдігінде, халықтың сөз құдіретін бағалай білуінде жатыр. Демек, асыл сөздің төркіні қоғамдағы тәрбиелік мәніне ерекше назар аударып, «ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан ата-бабамыз сөйлей білуді үлкен өнер деп бағалаған.  
    Ақыл-ой, тәлім-тәрбие, көріп-білу, жүректен терең сезіну арқылы біртіндеп толықсып қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз еңбектің жемісі.  
 ХҮ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде ерекше өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ-ноғай поэзиясының көш басшыларының бірі болған Қазтуған –жырау – ел қамын жеген, халқы қастерлеп өткен көшпенді қазақ тайпалардың әскер басы, ру көсемі болған қазақ тарихында белгілі батыр қазақ жырауларының көрнекті өкілдерінің бірі.  
    Ол өзінің туып-өскен ата-мекені Еділ өзенінің Каспийге құлар жеріндегі сағаларының сұлу табиғатын, қазақ жерінің ғажайып көрінісін туған өлкесінің перзенті ретінде тамаша поэзия тілімен суреттей білген. Қазтуған толғауларының ұрпақ тәрбиесінде тәлімдік-тәрбиелік мәні ерекше.  
     Қазтуған өзінің туған өлкесіне деген сезімін төмендегідей жолдармен тебірене білдіреді:  
 Алаң да, алаң, алаң жұрт,  
 Ағала ордам қонған жұрт.  
 Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,  
 Кіндігімді кескен жұрт,  
 Кір-қоңымды жуған жұрт.  
 Ботташығы бұзаудай,  
 Боз сызаны тоқтыдай,  
 Балығы таудай тулаған,  
 Бақасы қойдай шулаған.  
 Қайран менің, Еділім,  
 Мен салмадым, сен салдың  
 Қайыр болсын сіздерге  
 Менен қалған мынау Еділ жұрт!…  
        Қазақ поэзиясының тарихында белгілі және көрнекті тұлғалардың бірі шамамен ХҮ ғасырдың 60-жылдарында және ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Шалкиіз Тіленшіұлы болып табылады.  
 1490 жылдары әрі жауынгер және дарынды ақын ретінде ол ел билеу істеріне ерте араласады, Алтын Орданың әміршісі Темірдің белді кеңесшілерінің бірі болды. Шалкиіз ол Жайық өзенінің бойында Дешті-Қыпшақ даласында дүниеге келді.  
        Шетел басқыншыларының жиі шабуыл жасауы және үздіксіз ру аралық тартыс жағдайында ортақ жауларға қарсы күресте ақын-жыраулардың қазақ руларының басын біріктіруге үндеген үні қаттырақ естілді.  
      Шалкиіздің бірқатар өлеңдері ел билеуші, әмірші Темірге үгіт-насихат, кеңес түрінде беріледі. Онда алыстағы ортағасырдағы хандар туралы, адамдардың жақсы жақтары туралы, жақсы және жаман адамдар туралы жырау екі жаққа да, ел билеуші мен халыққа бірдей, қызымет атқарады. Егер де Темір оның кеңесін, үгітін тыңдайтын болса, адамдар мен ел билеушінің арасында келісім, бірлік, бейбітшілік, бақыт орнайтындығына сенім мол деген болатын-ды.  
       Шалкиіздің ғибраттық, тәлімдік-тәрбиелік мағынаға толы толғауларының бүгінгі күні де маңызы және рухы аса күшті, философиялық тереңдігімен, аз сөзбен көп мағына беретін қысқа да болса, нұсқалығымен ерекшеленеді:  
 Қоғалы көлдер, қам сулар,  
 Кімдерге қоныс болмаған  
 Саздауға біткен қара ағаш,  
 Кімдерге сайғақ болмаған…  
 Күлелік те ойналық,  
 Киелік те ішелік,  
 Мынау жалған дүние,  
 Кімдерден кейін қалмаған! – деген жолдар арқылы жастарға ақыл-кеңес, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы ой тастайды.  
 Шалкиіз:  
 Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмес,  
 Жақсы байқап сөйлер,  
 Жаман шайқап сөйлер,-деген өлең жолдарынан адамның жақсы мен жаман болуы халқына, еліне жасаған пайдасына, сіңірген еңбегіне байланысты:  
 Жаманнан туған жақсы бар  
 Адам айтса нанғысыз,  
 Жақсыдан туған жаман бар  
 Күндердің күні болғанда  
 Бір аяқ асқа алғысыз, - деп Шалкиіз толғаулары афоризм, нақыл сөздерге тәлімдік-тәрбиелік ойлауға, өнегелік тұжырымдарға бай келеді.  
       Жиембет Кіші жүздегі Есім ханның басты биі, әскери қолбасшы, батыры болды. Оның ерлігі қабақтардың қалмақтармен соғысында айқын байқалды. Жиембет жырау сомдаған батырлардың тұлғасы олардың психология ерекшелігі мен жан дүниесін асқан шеберлікпен суреттейді. Батырлардың бейнесін, ерлік істерін дәріптей отырып, жастарға үлгі-өнеге етеді, үстем тап өкілдерін, хандарды қатты сынға алады. Жастардың бойында адамгершілік, елжандылық қасиеттерді дәріптейді.  
       Жиембет те Ақтамберді сияқты халық қамын жоқтаған, ел бірлігін сақтаған әрі батыр, әрі ақын болды. Хан қаһарынан қаймықпайтын от тілді, орақ ауызды Жиембет жырау:  
 Ханға қарсы тұрам деп,  
 Түн ұйқымды бөлгенмен,  
 Жұртымды жөнге салам деп,  
 Бас кессе де басылмай,  
 Ақ ісімді жасырмай,  
Атқа мінген ер едік…- деп ол жастардың болашағы, әділеттілік үшін белін бекем буып, қолына қару алып, күреске шықаннын жоғарыдағы өлең жолдарымен өрнектей білген.  
      Қазақ жырауларының қай-қайсысын алсақ та, жыр-толғауларында айтылатын негізгі идея – ел бірлігін, өз отанын сүю, оны сыртқы жаулардан қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол кезеңнің өзекті, маңызды мәселелерін жырлай отырып, аз сөзбен көп мағына беретін толғауларының жас ұрпаққа тәлімдік-тәрбиелік, тағылымдық ерекше. Бүгін де тәрбие жұмысында кеңінен пайдалануға болады.

      Қазақ жерiнiң байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келiсiм-шарт жасасып, қытай — жоңғарларды, ал Ресей — қалмақтарды бiзге қарсы айдап салды. 
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады. 
      Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды (37). Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелi сөздерiмен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етiп, халықты ел болуға, берекелi бiрлiкке шақырып, қоғамдық өмiр сахнасына шыға бастады. 
        Қазақ жырауларының толғау тебiренiстерi, билердiң шешендiк- қанатты сөздерi өзiнiң тәлiмдiк шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бiрге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәнi жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлiк заманда хандар мен бектердiң, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшiсi болып, жорыққа бiрге аттанды, ру-тайпаларына басшылық еттi, сұрапыл қанды майдан көрiнiстерiн жырға қосты, ерлiктi мадақтады, шейiт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлiстi. 
      XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау секiлдi дала философтары ерекше көзге түскен едi. Халқының қамын жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi. Содан да болар, ел аузында оның есiмiне “қайғы” деген ат қосақталып, аңызға айналды. 
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн (39). 
      XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды. 
      Қазақтың тәрбие мектебi — ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi. 
       Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi. 
      Бұл дәуiрде мал шаруашылығы, егiн шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсiптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудiң негiзгi құралына айналды. 
1650—1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын өте-мөте әлсiреттi. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан өлгеннен кейiн қазақ елi үш жүзге бөлiнiп, үш хан сайлап, бiртұтас қазақ хандығының бiрлiгi мен қуатын әлсiретiп, жоңғарларға жем болды. Кiшi жүздi — Әбiлқайыр, Орта жүздi — Сәмеке, Ұлы жүздi — Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры “Ақтабан шұбырынды” атты қайғылы жағдайға душар етiп, халықты зор қырғынға ұшыратты. 
     1730 жылы Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр өз билерiмен келiсе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Көптеген хандар мен сұлтандардың қарсылық бiлдiргенiне қарамастан, Ресей қазақ жерiн отарлап алу саясатын әрi қарай жүргiзе бередi. Қазақ жүздерiнiң бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы – Абылай хан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргiздi. 
        Бұл жайында “қазақтың көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...”,— деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi. 
Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты. 
Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында “Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды. 
      XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6). 
Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.) жазып, ұсынды. 
       Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Мұқанова,Р.Ильясова «Этнопедагогика»

Ғаламтор материалдары


Информация о работе Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары