Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 09:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................... 2
I. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері ............................................................................. 4
1.1. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар .............................................. 7
II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту .......................................................................... 9
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі ..............................................11
2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының кедергілері ...........................................13
III. Шағын кәсіпорындарды несиелеу ................................................................14
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі ..........................14
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар .....................15
IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ...................................................17
4.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ..............................................................20
Қорытынды .......................................................................................................... 23
Пайдаланылған әдебиет .......................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 346.50 Кб (Скачать)

Қордың өңірлік филиалдарының  торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар. [7]

 

 

 

   Қорытынды

Шағын және орта кәсіпкерлік  немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі  болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің  артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.  Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

 

Әлемдік тәжірибе шағын  және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылуы, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Пайдаланылған әдебиет

  1.  “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
  3. http://www.kaz.stat.kz/DIGITAL/BIZNESS_REGISTR_KZ/
  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  5. 2007 ж. 12 қаңтардағы № 224-III ҚР-ның Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы
  6. http://e.gov.kz/wps/portal/
  7. http://www.damu.kz/7372

 

 

 




Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау