Өнеркәсіпорындарда өнім сапасын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:26, реферат

Описание работы

ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.

Работа содержит 1 файл

ХІХ.doc

— 115.50 Кб (Скачать)

Бизнес  жүйесінде өзара байланыстары бар  субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.

Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық  жолмен дамуының нәтижесі.

Іскерлік  қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі мен олардың арасындағы мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз етеді. "Іскерлік" адамдардың өзара қатынастарындағы қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен шықпауы керек және жалпы мемлекеттік мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі керек.

Бизнес  өзін-өзі реттеуші жүйе. Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық  және бағдарлаушылық реттеушілері бар. Заң шығарушылық — реттеуші заңды және заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып, заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты экономикалық тетіктер заңды бизнесті кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын анықтайды.

Бүгінгі Қазақстан экономикасында бизнестің  жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы Совет  Одағында жеке кәсіпкершілікке ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен шұғылданатын адамдар тысқары қалды. "Бизнесті" айтпағанда, "кәсіпкер", "кәсіпкершілік" деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы еді.

Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері. Кәсіпкерлік  фирма дегеніміз — азаматтардың және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік  қызметінің түрі. "Кәсіпкерлік фирма" — заңды экономикалық термин. Қазақстан  Республикасындағы барлық кәсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді.

Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша  жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы  еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып тіркеледі.

Сөйтіп, кәсіпкерлік фирма — жалдамалы  қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бәрінде  де саны және сапасы жағынан әртүрлі  кәсіпкерлік фирмалар бар.

Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты. Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады.

Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік:

- жеке  меншіктегі фирмалар;

- жауапкершілігі  шектелген ұжымдық кәсіпорындар;

- мемлекеттік  және муниципалдық кәсіпорындар (Батыс елдеріне бұған мемлекеттік  ұжымдық не мемлекеттік және меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер де жатқызылады);

- фирмалардың  филиалдары мен өкілдіктері.

Сонымен қоса фирмалардың сапалық және сандық сипаттамалары бар. Кәсіпкерлік  фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады.

Өнеркәсіптердің сандық параметрі кызметкерлердің  санына сәйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД):

- ең  шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер  саны оннан аспайды);

- өте  ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер  саны 20-дан аспайды);

- ұсақ  өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 99-дан  аспайды);

- ірі  өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 500-ден  астам).

Басқа елдердегі кәсіпкерлік фирмалардың  түрлерін ажырату сандық параметрлері жағынан осыған ұқсас.

Өнеркәсіптер  капиталдың жылдық айналым мөлшеріне  сай мына төмендегідей бөлінеді (Германия):

- ұсақ  өнеркәсіптер (капиталдың жылдық  айналымы 25 мың маркадан аспайды),

- орта  және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан  жоғары). Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады.

Рынок экономикасы дамыған елдердің бәрінде  де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін  заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп  саналады.

Қазақстан Республикасы экономикасындағы кәсіпкершілік  фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, муниципалдық және басқадай меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда.

Әрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады.

Рыноктық  экономика қалыптасқан елдерде  меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік түрінде болады. Мысалы, Американың ауылшаруашылық секторында орта жылдық кірістері 50 мың долларға жететін 11 миллион дербес фирмалар бар. 

Пайдаланылған әдебиеттер 
 

1. Бердалиева  К.Б. «Қазақстан экономикасын  басқару негіздері».

Алматы -2001 ж.

2. Ермаков  В.А. «Қазақстан қазіргі дүние  әлемінде», Алматы – 2002 ж.

3. Мейірбеков  А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж

4. Набиев  Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001

5. Сәбден  О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті  басқару», Алматы – 

2002 ж 

6. Сахариев  С.С «Әлем экономикасы», Алматы  – 2003 ж.

7. Шеденов  Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы – 2002 ж.

8. «Экономикалық  саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж

9. Менеджмент  негіздері, 2005

10. Экономика  предприятия. Учебник, 2000

11. Ілиясов  Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж.

12. Мамыров  Н.К. «Халықаралық экономикалық  қатынастар»

13. Мейірбеков  А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж

14. Ахметов  К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы - 2005

15. Сәбден  О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті  басқару», Алматы – 

2002 ж 

16. Сахариев  С.С «Әлем экономикасы», Алматы  – 2003 ж.

17. Шеденов  Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы – 2002 ж. 
 
 
 

Информация о работе Өнеркәсіпорындарда өнім сапасын басқару