Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 07:44, реферат
Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды
1.Шығындардың мәні.
2.Шығындардың түрлері.
3.Табыс және пайда.
4.Шығындарды жіктеу
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырыл қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынандай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болшақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін күн. Бұдан шығатыны, «Шығындар» ұғымы «Өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығыстар-өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді
Ағымдағы есепті кезең;
Кейінге қалдырылған;
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
Ағымдағы есепті кезең;
Кейінге қалдырылған.
Есепті кезеңнің кірістері мен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
Осы есепті кезеңде алынған кірістер мен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстар);
Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы шығыстары.
Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есептер және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Ұйымның болашақтағы ресурстарына пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:
Инвестициялар (күрделі қаржы);
Болашақ кезең шығыстары.
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.
Шығындар
– басқару есебі негізгі
Өндіріс шығындарын жіктеу
Жіктелуші топ | Шығындар(шығыстар) |
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша |
|
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша | Тікелей жанама |
Құрамы (біртектілігі) бойынша | Ірі элементтік кешенді |
Өндіріс көлеміне байланысты | Өзгермелі ұрақты |
Пайда болу мерзімділігі бойынша | Ғымдағы ірі жолғы |
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша) | Өндірістік әкімшілік коммерциялық |
Тиімділігі бойынша | Өндірісітік өндірістік емес |
Бақыланатын мүмкіндігі бойынша | Реттелетін реттелмейтін |
Орташалау дәрежесі бойынша | Алпы орта |
Пайданы генирациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша | Өнімге кезеңге |
Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.
Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар).
Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).
Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.)
Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).
Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық – (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді – (жоспарланатын) тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес – (жоспарланбайтын) өндіріс технологиясымен ұйымдастырудағы белгіленген кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды-цех тексерушісі реттейді).
Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге – өнімнің өзіндік құнына кететін.
Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар.