Мемлекеттік экономикалық дамуын жоспарлау және болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 22:45, творческая работа

Описание работы

Каспий теңізі- Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасына қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспий қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан(І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Работа содержит 1 файл

Каспий теңізі.pptx

— 467.23 Кб (Скачать)

Каспий  теңізі

Каспий  теңізі- Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасына қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспий қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан(І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи  атауы бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.  

Каспий  теңізі неоген дәуірінің аяғында  жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің  пайда болған уақыты деп есептеуге  болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км². Оның беті мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері -435 км, ал енсіз  жері -193 км. Каспий теңізінің жағалау  сызығының ұзындығы -7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып  жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан  үлесіне 29% (2340 км), Ресейге- 16%, Әзірбайджанға- 20%,  Түрікменстанға-21%, Иран Ислам Республикасына- 14% тиеді.  

  Қалыптасуы  
       Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсік нде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.

  Географиясы  
      Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңқыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталык Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жал¬пы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской(65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.  
       Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).  
      Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.  
гр

  Климаты  
       Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азияшұғыл континентті климаттар арасында жатыр. ЖаздаКаспийтеңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыстатемператураөзгеше. Солтүстігінде қысы аязды болып келеді. Қаңтарайының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы бар¬лық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздық қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі.

  Табиғаты  
       Каспий теңізі балыққа бай. Бекіре, сазан, шортан, пілмай, қаракөз, мүңгірт, ақ балық, албырт, шоқыр, судақ, майшабақ, минога, кефаль, т.б. жалпы саны 30 –дан астам кәсіптік балықтар мекендейді. Каспий итбалығы – ежелгі мұз басу дәуірінің реликті, үлкен шаруашылық маңызға ие. Оның кейбірінің салмағы 80 кг дейін жетеді. Бағалы балықтар арасында бекіре (қызыл балық) уылдырығының дүниежүзілік өнімінің 80 %ын береді.  
       Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі.       Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары сула жүзетін 3 млн-дай құс қыстал шығады.  

Информация о работе Мемлекеттік экономикалық дамуын жоспарлау және болжау