Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 16:25, реферат
Банк қызметі – бұл банктердің арнайы заңмен белгіленген банк операцияларын және басқадай операцияларды жүзеге асыруы бойынша кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Кәсіпкерлік қызметтің бір түрң бола тұрып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметтің ең көп тараған түрлерінің бірі құрылыс қызметі болып табылады. Қазақстанда құрылыстың 2007 жылы шегіне жеткен шу-шұрқаны елеулі дағдарыспен айналды, ал бүгінгі күні жекелеген теріс зардаптарды жеңуге қол жеткізіліп, аяқталмаған құрылыстың «сүрленген» нысандарында құрылыс қызметі қайтадан жанданып келеді, бірақ, әрине, белгілі бір қиындықтар сақталуда және олар жақын арада өз шешімін табуға тиіс (ұл біріші кезекте, әлеуметтік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысы нысандарына және құрылыстағы үлестік қатысу шарттары бойынша міндеттемелердің бұзылуы себепті аяқталмай қалған тұрғын үйлер нысандарына қатысты).
Жылжымайтын мүлік нысандарының құрылысы олардың қатысушылары арасында әртүрлі құқықтық қатынастар – уәкілетті мемлекеттік органдар мен құрылыс қызметі (лицензия, сертификация беру, стандарттау және т.б.) убъектілері арасында көпшілік – құқықтық (деңгейлес) қатынастарды, сондай-ақ тең құқылы қатысушылар-жобалаушылар, сәулетшілер, техникалық және сметалық құжаттарды даярлаушылар, тапсырыс берушілер, инвесторлар, құрылыс жүргізушілер, мердігерлер, қосалғы мердігерлер және т.б. арасындағы жеке-құқықтық (шарттық) қатынастарды және т.с.с. туғызады.
Құрылысқа қатысушылардың құқықтық мәртебесі құқықтық реттеудің екі бағытымен айқындалады:
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі арнайы акт 2001ж. шілденің 16-да шыққан «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы болып табылады.
Қала құрылыс қызметі – ол аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастыру мен дамытуды қала құрылысындағы жоспарлаудағы, аумақтарды қала құрылысында пайдалану түрленрін анықтаудағы, қалалық және ауылдық елді мекендерді кешенді жобалаудағы қала құрылысы кеңістігін құрудың шығармашылық үдерісін қоса отырып, қала құрылысы жобасын жасау, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес тауарларын үйлестіру қызметі («Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңның 1-бабы, 22-тармағы).
Сәулет қызметі – құрылысқа (қайта салуға, қалпына келтіруге, жобны жүзеге асыру барысында авторлық бақылау жүргізуге) арналған жобалық құжаттаманың сәлеттік бөлімінде белгіленген нысаның сыртқы және ішкі бейнесін жасаудың шығармашылық үдерісін, кеңістік, композициялық көлемін жоспарлау жұмыстарын және қызметтік ұйымдастыруды қоса отырып, сәулет нысандарын құру бойынша жүргізілетін қызмет («Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңның 1-бабы, 53-тармағы).
Құрылыс қызметі – жаңа нысандар салу және (немесе) бұрыннан бар нысандарды өзгерту, солармен байланысты технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтарды құрастыру (бұзу), сондай-ақ құрылыс материалдарын, бқйымдар мен конструкцияларды дайындау (өндіру), сонымен қатар аяқталмаған нысандар құрылысын тоқтату және өз ресурсын орындаған нысандардың постулизациясы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру («Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңның 1-бабы, 31-тармағы).
Сәулет,
қала құрылысы, құрылыс қызметі саласындағы
қызметтің лицензияланатын
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу