Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:03, реферат
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік билік және басқару органдары белгілі бір дәрежеде айқындайтын қолайлы құқықтық, экономикалық, саяси және өзге де жағдайлардың болуына көбіне тәуелді болатын ұзақ мерзімді процесс болып табылады.
Кәсіпкерлік ұғымы бірінші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батист Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекел үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік билік және басқару органдары белгілі бір дәрежеде айқындайтын қолайлы құқықтық, экономикалық, саяси және өзге де жағдайлардың болуына көбіне тәуелді болатын ұзақ мерзімді процесс болып табылады.
Кәсіпкерлік ұғымы бірінші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батист Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекел үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Әйгілі ағылшын экономисті Адам Смит (1723-1790) кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды. Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.
Ағылшын экономисті Давид Ричардо (1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын ғалымы Аллон Маршал берді (1824-1924). Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ ғалымы Йозеф Шумпетер берді
Кәсіпкерлік қозғалысы 1991 жылы Қазақ ССР-інің «Қазақ ССР-ндағы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметінің еркіндігі туралы» Заңы шыққаннан бастап есептеледі.
Өткен жылдар ішінде Қазақстанның қоғамының тіршілік әрекетінің барлық саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды, бұған көп үлес қосқан нарық заңына бейім жеке кәсіпкерлер болды.
Қоғамдық өмірде болған өзгерістер көбіне кәсіпкерліктің тұрақтануымен байланысты болды, бұған 1997 жылы наурыз айындағы Ел басының «Үкімет жағынан шағын кәсіпкерлікті белсенді дамыту және қолдауды күшейту шарасы» жарлығы себеп болды.
1990 жылдары отандық шағын бизнесі пайда
болу уақытында ұйымдастыру құқықтық
формалары, заңды формалары, шағын кәсіпкерлік
субъектісін қай мекемеге жатқызу критериясы,
есептеу және есеп беру жүйесі, номативтік
– құқықтық базасы мерзімімен өзгерістерге
ұшырады. Бірақ шағын бизнес секторында
аумақтық–салалық қайта құру болған
емес.
Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әр түрлі салада қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жеке меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан саясаты қандай да болмасын саладағы меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп те айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдар шегінде жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа да қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Қоғамда кәсіпкерлік ахуалын қалыптастыру қоғамның фундаменталдық мінезін өзгертуді, адамдар санасындағы күрделі өзгерістерді қажет етеді. Мұндай көшу жұртшылықтың кәсіпкерлікке деген көзқарасын келеңсізден болымдыға қарай өзгерту жолымен іске асырылады.
Мемлекеттің мұндай саясатының негізгі мақсаты тұрақты түрде кеңейтілетін кәсіпкерлердің тұтастай табын құруға бағытталған. Бұл үшін жергілікті теледидар арналарында кәсіпкерлікке арналған телехабарлар шығару арқылы кәсіпкерлер имиджін көтеруге бағытталған белсенді насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Аталған телехабарлар табысты кәсіпкерлердің қызметін көрсетуі және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
-
жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер
– деген түсінікке барлық табиғи ресурстар
жатады, өндірісте қолданылатын барлық
«табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай
ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар,
ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары т.б.