Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 09:13, доклад

Описание работы

1. Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі.doc

— 52.00 Кб (Скачать)


 

Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, оның түрлері

 

       1. Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.

            Кәсіпкерлік тәуекел – жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.

            Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер 10 нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.

           Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:

1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:

а) өндірістік тәуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;

б) Коммерциялық тәуекел – тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады.

в) Қаржылық тәуекел – кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым – қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т.б.

2. Масштабтылығы бойынша:

а) Локальді тәуекел – бөлек фирмалардың тәуекелі.

б) Салалық тәуекел – саланың өзіндік қасиетіне байланысты.

в) Елдік тәуекел – елге тән, оның әлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.

3. Пайда болу табиғатына байланысты:

а) Субъективті тәуекел – кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.

б) Объективті тәуекел – стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.

4. Пайда болу саласы бойынша:

а) Сыртқы тәуекел – экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар.

б) Ішкі тәуекел – тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.

5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:

а) Сақтандырылатын тәуекел – сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді; б) Сақтандырылмайтын тәуекел – тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.

 

   2. Кәсіпкерлік түрлері және нысандары.

      Кәсіпкерлік субьектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы және мәртебесін ашу үшін «құқық субьектісі» және «азаматтық құқық субьектісі» ұғымдарын анықтау керек. Құқық субьектісі – құқықты танудың ең кең тараған категориясы, оған құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілетті қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары жатады. Жалпы құқықтық субьектілік  бөлек құқық салаларына қолданумен нақтыланады. Мысалы, конституциялық құқықта сайлаушылар, депутаттар; еңбек құқығында – жұмыс беруші мен жұмысшылар; қаржы құқығында – салық төлеушілер мен салық қызметі органдары; қылмыстық құқықта – анықтаушы, тергеуші, айыпталушы, сотталған, сотталушы, т.б.

Ал азаматтық құқық субьектілерінің барлығы «тұлға» ұғымына біріктірілген және ол келесі 3 топқа бөлінеді:

      1. Жеке. 2. Заңды тұлға. 3. Мемлекеттік пен әкімшілік аумақтық бөлініс. Сонымен кәсіпкерлік қызмет субьектісі – бұл азаматтық құқық субьектісі болып табылатын және заңда көзделген тәртіпте тіркелген; мүлікті сату, пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекеліне өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық құқық субьектісі болып табылады.

       2.Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпорынның дамуын қолдауда. Кәсіпкерліктің әлеуметтік - экономикалық маңызы нарықтық экономикада тұрғындардың қаржылық және өзіндік маңызы осы ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы потенциалды ұстанады. ҒТП бағыты бойынша сілтемелер тудырады және жұмыссыздық 16 мәселелермен әлеуметтік проблемаларды шешеді. ҚР- да қазірде кәсіпорынның бірнеше түрлері дамиды:

        Қызметі бойынша: Өндірістік; Коммерциялық; Қаржылық. Шаруашылық етуші субъектілер мөлшері боыйнша: Шағын; Орта; Ірі бизнес субъектілер.

        Ұйымдасқан нысаны бойынша: Жеке (индивид); Ұжымдық (АҚ, ЖШС).

Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады. ҚР – да кәсіпкерліктің экономикалық нәтижелері көбіне құқықтық база, салалық кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады. Кәсіпкерлік құрылымы мемлекеттік қолдау деңгейін анықтайды, яғни кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша меншікті жекешелендіру бойынша іске асады. Кәсіпкерлік қызметтің заңды негізі бойынша көптеген заңдар қабылданды, онда кәсіпкерлік сұрақтары қарастырылады:

Шаруашылық қызмет бостандығы, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, АК- ң, ӨК,МК дамуын мемлекеттік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау және т.б. Кез келген экономикалық қызмет өндірістік цикл типтік фазаларымен байланысты (өндіріс - айырбас - бөлу - тұтыну), яғни кәсіпкерлікті осыған байланысты 3 түрге бөледі:

1. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік тікелей өнім, тауар шығару, ақпараттар, қызмет көрсету және жұмыстарды іске асыру (еңбек күшін, өндірістік қорларды, материалдық ақпараттарды пайдаланады).

2. Коммерциялық кәсіпкерлік - тауар, ақша, сауда айырбас операциялыра, яғни сату, сатып алу бойынша мәмілелер жасалынады.

3. Қаржылық кәсіпкерлік – тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар сатылып және сатып алынады (негізінен рәсімдеу орын алады).

       Кәсіпкерліктің қатысушысы - меншік иесінің саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді, ол өз кезегінде кәсіпорынның нақты ұйымдық – құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.

         Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құрылымдық нысаны – кәсіпорын бойынша партнерлер арасындағы ішкі қатынастарды және мемлекттік органдар және өзгеде кәсіпкерлер арасындағы қатынастардан тұратын нормалардың нақты жүйелерін айтамыз. Кәсіпорынның дұрыс дұрыс ұйымдық

– құқықтық нысанын таңдау әртүрлі факторларға байланысты:

- дербес капиталының болуы;

- кәсіпкерлік қызмет масштабы сипаты және оны тарту бойынша мүмкіндіктері;

- кәсіпкерлік жобаның іске асу мерзімі, жеке тәжірибесі;

- кәсіпкердің ұйымдық қабілеті;

- нарық жағдайында және бизнесті бастайтын көптеген мәнді ерекшеліктерге

байланысты;

- кәсіпорынның сол немесе басқа нысанының ар – ұжданына байланысты.

ҚР-ғы кәсіпкерлік түрлері мынадай:

- заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер;

- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға (ол екі топқа бөлінеді):

1топқа:

17

а) толық серіктестік - өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілікке ие болып және серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.

б) командитті серіктестік (сенім серіктестігі) – серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын толық серіктестік және өз салымдары соммасы шегіндегі шығындар тәуекеліне ие және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметке қатысатын салымшылардан тұрады.

в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – серіктестіктің қызметтерімен байланысты шығындар тәуекелін оның қатысушылары ұстанады және өз салымдары шегінде іске асырады.

г) қосымша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның қызметімен байланысты өз мүлкіне міндеттемелер бойынша субсидиярлы жауапкершілікті иеленеді және қоғамның құрылтай құжаттармен анықталған салымның құны шегінде іске асырылады.

д) өндірістік кооператив – олардың мүшелері кооператив міндеттері бойынша субсидиярлы жауапкершілікке ие. ӨК азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбектерімен қатысуына және мүшелердің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген бірлестік.

2 топқа: арнайы құқықтық қабілеттілікке ие заңды тұлғалар жатады. Коммерциялық ұйымдар – мемлекеттік кәсіпорын жатады (қару-жарақ шығару және т.б.).

       Кәсіпкерлік нысандары: оның қатысушысының санына байланысты келесідей нысандарға бөлінеді: жеке (индивидуалды) және ұжымдық. Бұл нысандар ҚР Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның ұйымдастырушылық- құқықтық нысандарымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру шылық-құқықтық нысандары партнердің арасындағы ішкіқатынастар және басқа кәсіпкерлермен мемлекеттік органдармен қатынастарын білдіретін нормалардың жүйесін көрсетеді. Ұйымдастырушылық – құқықтық нысанды таңдау оның меншіктік капиталының болуы немесе оның өсуі кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы және нарық жағдайларымен бизнесті бастаушының ерекшеліктерінің заңды тұлғаны құрмай жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкердің және кәсіпкердің басқа да нысандарына байланысты оның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Ал ұжымдық кәсіпкерлікте бірнеше субьектілерге пайда тиесілі болады. Оған АҚ, кооперативтер, серіктестіктерді жатқызуға болады (ортақ меншік бойынша) серіктестік екі не одан да көп партнерлермен жүзеге асырылады.__



Информация о работе Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, оның түрлері