Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 09:57, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі….14
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……………………...14
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу……………………16
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…………………………19
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………...24
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………..24
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………………………………………………………………28
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару……………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.
4. Әлеуметтік
қорғауды және әлеуметтік
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестік
қорғау. Нарықтық экономика жағдайында
бәсекелестік – негізгі реттеу
инструменті. Бәсекелестік –
барлық экономика сферасында
прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді
ғылым жетістіктерін өндіріске
енгізіп, өнім сапасын
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз
жағдайлар. Мемлекеттің
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы
жағдайлар. Бұл экономикаға,
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға
ұарсы мемлекет шаралары тек қана
инфляцияның деңгейіне
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.
3. Бюджет
жетіспеушілігі – бұл мемлекет
шығындарының кірістен артық
болуы. Бұл проблеманың
3.3.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің
түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық
құруы келешегі зор бағыт. Шағын
кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы
сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді.
Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар
жеткізу мен қызмет көрсету құқығы
үшін өзара бәсекеге барады, мұның
өзі олардың тұрақты
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.
Кәсіпкерлікті
жетілдіру экономиканың тұрақтылығы
мен оның бәсекелік сипатын
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Республикада
кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден
қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық,
қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың
бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті
қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992
жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдаудың
мәні мен мазмұны, басты бағыттары
мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз
– аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық,
жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа
экономикалық құрылымдарды орнату болып
табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті
қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры
құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың
сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау
мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік
комиссия өз қызметін бастады. Жалпы
бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау
мақсатында Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Әрине, кәсіпкерліктің
құқықтық-ұйымдастырушылық негізін
құруда әлі де болса шешімін күткен
мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне
лицензия беруші, тексеруші органдардың
көптігі, кеден және салық заңдарының
жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың
қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын
органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті
дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан
да экономикада кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.
Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпкерлік
– шаруашылық қызметінің маңызды
түрі. Оның рөлін Адам Смит былай
деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер
өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды
көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам
мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі
экономика кәсіпкерлікті
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.