Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бизнес-жоспар көптеген графиктері мен кестелері бар қалың бетті, түрлі түсті құжат болуы да, бір бетке қолымен жазылған парақ та болуы мүмкін.
Бастысы оның қандай қағаз екендігінде емес, бастысы ол ТАБЫС әкелетін ЖОСПАР болуы керек. Бизнес те осы мақсатта басталады.

Работа содержит 1 файл

Бизнес жопар дегенимиз.docx

— 13.76 Кб (Скачать)

Бизнес және бизнес жоспар түсінігі

      «Қағазға түспеген ой жоғалған қазынамен тең». Менің ойымша,қарапайым халық «бизнес» сөзіне ат үсті қарайды, бірақта бұл ұғымның мәні өте тереңде.Егер де сіз бизнестің не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгігіз келсе,ең алдымен бизнес жоспардың мәнін танып біліңіз. 
      Бизнес – ағылшын тілінен алынған болып, “іс, іскерлік” дегенді білдіреді. Яғни бұл бизнес тек ғана қарын тоқ, қайғы жоқ, таңның атуы күннің батуы бір жалақыға қарап, дүйсенбі келсе қайғырып, жұма келсе қуанып, өмір бойы зейнет жасын күтіп, жұмыс істеу емес, керісінше өз ісіңді бастап, өз-өзіңе қожайын болу деген сөз.

     Ал бизнес-жоспар дегеніміз...

Бизнес-жоспар көптеген графиктері мен кестелері  бар қалың бетті, түрлі түсті  құжат болуы да, бір бетке қолымен  жазылған парақ та болуы мүмкін.

Бастысы оның қандай қағаз екендігінде емес, бастысы ол ТАБЫС әкелетін ЖОСПАР болуы керек. Бизнес те осы мақсатта басталады. 
      Бір параққа жазылған бизнес-жоспар керемет болса да, онда жатқан миллиондарды қалай алу керектігі түсініксіз. Бизнестің өнері,  тек жақсы таңдалған бизнес-жоспар емес, оның сауатты жүзеге асуында.

Табысты бизнесті ұйымдастыру,  жақсы үй салумен бірдей сияқты. Сіздер жете, нақты жоспарсыз үй тұрғызар ма едіңіз? Әрине,жоқ.

Жоспарды  жасау нақтылықты, ұсақ дүниелерге дейін зерттелуді талап етеді. Егер сіз жоспарланған бизнесіңізге не кедергі не пайдалы екенін ажырата алсаңыз,онда ол бірінші қадам. Егер бұл бизнес неліктен сізге лайық деген сұраққа жауап бере алсаңыз,ол екінші бір қадам.

Енді «Бұны қалай жүзеге асырамын?» деген сұраққа жауап беру керек. 
        Бизнес-жоспар – бұл Сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, маркетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды.Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.

       “Ақша-өмірдің маңызы емес, бірақ барлық маңыздылар соған тәуелді”дейтұрғанмен тек білімді және тәжірибесі мол бизнесмен ғана кез-келген бизнес-жоспардан табыс таба алады. Ал жаңа бастап жатқандарға жақсы бизнес-жоспар таңдай білу керек.

  

 

 

 

 


Информация о работе Бизнес жоспар