Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 16:28, реферат
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы, қалыптасуы, шет елдік тәжірибе
Шағын
безнесі дамытудағы
шетелдік тәжірибе
Кейінгі онжылдықтарда
экономикалы дамыған Батыс
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік:
динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың
сұранысының өзгеруіне тез бейімделе
алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға
ықпал етеді, экономикалық құрылымдық
қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс
орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлк топ
пен меншік иелерінің құрылуына жағдай
жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде
үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік
бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамығын елдерде шағын кәсіпорындар мынадай
салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервиз
құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір
шағын кәсіпорында жоғары технологиялық
сфераларға: машина құрылысы, энергетика,
электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық
қызымет, информатика, микроэлектроника,
телекомуникация слалаларына әртараптаңдырылып
жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындарын ірі кәсіпорындарымен
қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына
тән белгі. АҚШ –та өз ісімен айналысушы
азаматтар, яғни кәсіпкерліктер үлкен
құрметке ие. Нарықты экономикаға бет
бұрған елдер үшін АҚШ – тағы шағын бизнесті
дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы
бойынша шағын бизнес субъектілеріне:
жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік
және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар
үшін – жылдық табысы 2 миллион долларға
дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына
жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар
жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, бөлшек сауданың
72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып
тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде,
жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту
кезінде шағын кәсіпорынжұмыссыздық проблемасын
бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму
мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы
ортаның өзгеруне тез бейімделеді. АҚШ
Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша
шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты
елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін
үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік
қолдануға ие. әр түрлі мемлекеттік реттеулер
мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді.
Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң.
АҚШ конгрессіне шағын бизнес проблемаларымен
екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде
шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы – шағын
бизнесті жан-жақты қолдау. әрбір штатта
әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс
істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес
субъектілеріне нарық туралы ақпарат
береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік,
бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен
үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын
шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді.
Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске
тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын
бизнесті қолдау және дамыту мақсатында
бірнеше программа жасалады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік
жүйесі:
- Бюджеттен тікелей дотациялау;
- Мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін
шағын кәсіп орындарда орналастыру;
- Шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік
кепілді қолдану;
- Шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер
беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық
бағдарлама. Инкубаторлар- ол университеттер,
компаниялар, федералдық органдар, штаттық
басқармадлар жанында құрылатын ұйымдар.
Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – жаңа
кәсіпкерлерге жан –жақты көмек көрсету
болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер
өз ісін бастағысы келгенімен , мүмкіндігі
жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар
көмекке келеді. Қойылған мақсатқа , қаржыландыру
көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық,
университеттік, жекеше болуы мүмкін.
Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
Инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу.
- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер
алу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға
қатысады. АҚШ-та шағын кәсіпорындар экономикада
жетекші рөл атқарады. Сондықтан да федералдық,
штаттық басқару органдары шағын және
орта бизнестің дамуына үлкен мән беріп
отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап
жатыр.
Жапониялық шағын және орта бизнес. Шағын
және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония
мемлекеті де үлкен тәжерибеге ие болып
отыр.
Жапонияға шағын бизнеске ерекше назар
аударады. Себебі, шағын бизнесті дамыту
арқылы жапония соғыстан қираған әлден
жоғары технологиялық дамыған елге айналады.
Жапонияның халық шаруашылығында шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны,
жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа
секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда
тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация
өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады.
Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз
болады және өздерінің ұйымдық құрылымын
жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне:
өндірістік өнімнің 55%-зы, көтерме сауданың
60%-зы, бөлшек сауданың 80%-зы тиеді. Еркін
нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға
сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар
шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды
жаңртуға, технологияны жақсартуға, өнімге
деген сұранысты дамытуға көмек береді.
Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік
қолданудың басты ерекшелігі – басымды
бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі.
Басымдылық бағыттар бір немесе одан да
көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп
тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға
мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі.
Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде
бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік,
ведомство өз шығындар бюджетіне шағын
бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді.
Шағын және орта кәсіпорынға жеңілдетілген
салық мөлшермесі қолданылады. Жапонияда
шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық
өнімнің 73%-ына ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта
бизнес. Экономиканы құрылымдық қайта
құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды
мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың
бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар
экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге
асырылады.
1995 жылы Ресей Федерациясында « Шағын
бизнесті мемлекеттік қолдау туралы»
заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан
құрылған кәсіпорындар екі жылға дейін
табыс салынған төлеуден босатылады. Шағын
бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы
әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл
қорға Федералдық меншіктегі кәсіпорындарды
жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-зы
келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын
кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі
қағидаға негізделген:
- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір
рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы
керек;
- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы
жүзеге асырады.
Қор банкке өз резервтік қаржысын салады,
ал банк өз қаржысынан
аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.
1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге
асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан
кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті
қолдауды біркелкі жүйесі жұмыс істей
бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар
мен орталықтар кіреді.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары
мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған.
Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті
бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті
салықтар бойынша әртүрлі жеңілдіктерге
ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден
шағын бизнестің инфрақұрылымын құру
жобалары қаржыландырады.
1999 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында
900 000-нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс
істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа
жұмысшылар саны-7 адамнан тұрды.
Ұлыбританияның шағын бизнестегі тәжерибесі.
Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне:
жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен
аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт
стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен
қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания
мемлекеттік концультациялық қызметі
бастаушы кәіпкерлерге қажетті кеңестер
береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді
қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік
есепті қалай жүргізу керектігі туралы,
нарықты қалай зерттеу керек екендігі
туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі
Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әртүрлі
семинарлар мен курстар ұйымдастырылып
тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер
алдында кәсіпкер үшін қарыздық кепілдеме
береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа
жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін
жұмсалатын күш-жігерді шет елде шағын
кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен
салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің
шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан
шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан
іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің
мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты
жатяр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар.
Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың
ең динамикалық агенті. Францияда шағын
кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден
аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек
бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда
– 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа
есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.
әдетте әкімшілік процедуралар шағын
кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні
мәлім. Сондықтанда Франция Үкіметі формальды
мәселеледі қысқартуға көшті. Францияда
шағын және орта бизнесті экономика, қаржы,
индустрия министрлігінің бір департаменті
бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік,
әлеуметтік процедураларды оңтайландыру
арқасында азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде
пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды.
Бонификация – бұл жеңілдету. Қаржылық
механизм арқылы мемлекет шағын бизнеске
несие ұсынысын арттырды.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта
бизнеске жұмыспен қамтуды да қаржыландырады.
Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша
жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмыссыздар
өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне
сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей
шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға
аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен
кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға
ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды
қолдауға бағытталған саясаты өте алуан
түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындардың
ары қарай дамуын қолдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикмызда
атқарылатын іс – шараның әлі көп екенін
байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті
қолдау туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың
бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын
көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы
керек. Республикамызда шағын және орта
кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет
елдегі сияқты нақты көмек қажет.
АҚШ тәжірибесі скачать | 29.03.2010, 18:54 |
АҚШ
тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын
бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш.
Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы
кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді.
Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық
және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы
сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының
өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі
жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса,
екінші біреулері ашылады. Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр. Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады. Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған. Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері: - мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу. - Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б. Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді. Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек. Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады: а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер; б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.); в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар; Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор. Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды. Ұлыбританиядағы шағын бизнес. Ұлыбритания
тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын
бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар
мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде,
өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды.
Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық
мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына
консервативті үкімет саясаты – қаржылық
жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен
бизнес техникасын оқытатын курстардың
болуы ықпал етті. Франциядағы шағын бизнес. Кәсіпорындарды
шағын фирмалар категориясына жатқызудың
кең таралған қағидаларының бірі
– ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы,
он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар
ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын,
50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық
саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің
мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды
қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай
жасау концепциясы Францияда кеңінен
тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен
қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды
қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі
қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан
кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға
ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын
және орташа фирмалардың ынтымақтастығын
реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады.
Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие
беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның
ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік
даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын
компаниялар және т.б. Францияда несиелерді
кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар12.
80 жыл басында несиелерді кепілдеудің
Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа
фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын
компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске
әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын
займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді.
Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін
және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін
қаржылық ресурстар бөледі. Израильдегі шағын бизнес. 60
ж. бастап Израилде |
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы