Рөлдік ойын әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:10, доклад

Описание работы

Қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы – «тюльпан». Бұл парсы сөзі: «толибан» немесе «долбент». Оның мағынасы: басқа тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың баскиіміне ұқсас болғандықтан, осылай аталған. Мұның бәрі тіл мамандарының пайымдаулары. Әйтеуір, қызғалдақ ежелден-ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша қалдырып, өзіне ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір атақты шайыры. Ғафиз қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 14.91 Кб (Скачать)

 

 

Қызғалдақ қандай өсімдік

Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жатады. Ол – көп  жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қызғалдақ Қазақстанның далалық  аймақтарында жиі кездеседі. Өсімдіктер өмірін зерттеушілердің айтуынша, қазақ  даласында қызғалдақтың 36 түрі бар, оның 18 түрі Қазақстанның эндемигі болып  саналады. Бұлардың биіктігі 3-50 сантиметр, сабағы жұмыр, тік өседі, тамырымен  жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл, сары түсті. Жемісі қауашақ. Қызғалдақты қалалық  жерлерде әсемдік үшін және одан хош  иісті зат алу мақсатында өсіріп, баптап – күтеді. Қызғалдақтың 18 түрі өте сирек кездесетін гүлдер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бір ғажабы, сары, қызыл, ақ қызғалдақтар қазақ  даласының барлық аймағында өскенімен, біз қара қызғалдақтарды тек қана Торғай жерінен кздестіретінбіз.

Шығыс ғұламасы Омар Хайям  айтқан екен: «Қызғалдақ – раушан гүлге  тең», - деп. Иә, сәні жағынан өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен  нәзік пішіні жағынан қырмызы  қызғалдаққа тең келетіні жоқ. Қызғалдақ  пен бәйшешек – көктем хабаршысы, сұлулық символы, махаббат белгісі. Арабтың «Мың бір түн» ертегісінде  тіпті, «Ежелгі қызғалдақ аждаһа қанынан өсіп шыққан», - «Қызғалдақ суреті бар шарап ыдысына «ернімді тигізбей-ақ мас боламын!», - деген  де сырға толы сөздер бар. ХІІІ ғасыр  ақыны Мушариддин Садидың өзі: «Қызғалдақтың  сипатына салқын бұлақ сыбдыры, құстың сайрауы мен уылжып піскен жеміс  бейнесі тән», - деген ғой. Тіпті, кезінде шығыста, Кіші Азияда, әсіресе  Еуропада қызғалдақ гүл патшасы  болып та есептелді.

Қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы  – «тюльпан». Бұл парсы сөзі: «толибан»  немесе «долбент». Оның мағынасы: басқа  тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан  осы сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың баскиіміне ұқсас болғандықтан, осылай аталған. Мұның бәрі тіл мамандарының пайымдаулары. Әйтеуір, қызғалдақ ежелден-ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша қалдырып, өзіне ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір атақты шайыры. Ғафиз қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне, кипаристей сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды.

 

 

 

 

 

 

Қызғалдақтар қиырда құлпырады

Қызғалдақты талайлар жыр қылады,

Кең даланы жұпарға  толтырады,

Көз жіберсең, шіркін-ай, қандай ғажап,

Қызғалдақтар қиырда құлпырады.

 

Қызғалдақтың далада жатыр әні,

Тыңдай білсең, әсем саз үн тұрады.

Қызыл, сары, ақ түсті  қыр гүлдері – 

Қызғалдақтар қиырда құлпырады.

 

Қыр гүлінен тарайды  күн шуағы,

Қыз сырындай кейде  бір мұң тұрады.

Қыздың күйін  кешетін әдемі бір,

Қызғалдақтар қиырда құлпырады.

 

Көктем сәні –  қызғалдақ – гүл шырағы,

Гүл теруге қыз тобы ынтығады.

Тездетіңдер, сұлулар,қызғалдақтар,

Тек көктемде жайқалып, құлпырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Рөлдік ойын әдісі