Негізгі бөлім

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 17:33, реферат

Описание работы

Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарын жеткілікті қамтамасыз етілуі олардың рационалды пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділіктерін арттыру үшін үлкен маңызы бар.

Работа содержит 1 файл

Еңбек ресурстары.doc

— 137.00 Кб (Скачать)
 

І модель

1) Сату  рентабелділігіне байланысты:

▲П/ЧР = (П/Вн – П/Вж) * В/KLm * KL/ЧРж = (0,193-0,1879)*1,95*244,225 = +2.43  

2) Капитал  айналымдылығы бойынша: 

▲П/ЧР = (В/KLн - В/KLж) * П/Вн  * KL/ЧРж = (2 – 1,95)*0,193*244,225 = +2.30 

3) Бір жұмысшыға келетін капитал:

▲П/ЧР = (KL/ЧРн - KL/ЧРж) * В/KLн * П/Вн = (247,525 – 244,225)*2*0,193 = +1,27

Барлығы: + 6,00  

Бірінші модель бойынша мыналарды анықтауға  болады, бір жұмыскерге келетін пайданың сату рентабелділігіне байланысты өзгергендігін, капиталдың айналымдылық коэффиценті және еңбек капиталының жарақтандырылуы.  

ІІ модель.

1) Сату  рентабелділігіне байланысты:

▲П/ЧР = (П/Вн – П/Вж) * УДв/тпж * ТП/ЧРж = (0193 – 0,1879)*0,9922*480 = +2,43 

2) Тауарлы  өнімнің құң-ғы түсімнің үлесі:

▲П/ЧР = (УДв/тпн - УДв/тпж)* П/Вн* ТП/ЧРж = (09581 – 0,9922)*0,193*480 = -3,15 

3) Еңбек  өнімділігі:

▲П/ЧР = (ТП/ЧРн - ТП/ЧРж) * П/Вн* УДв/тпн = (516,33 – 480)*0,193*0,9581 = +6,72  

Барлығы: + 6,00  

Екінші модель бойынша бір жұмыскерге келетін пайданың сату рентабелділігіне байланысты өзгергендігін, тауарлы өнім құндылығындағы түсімнің үлес салмағы және еңбек өнімділігі.  

П/Вн ,П/Вж - нақты, жоспарлы сату рентабелділігі

В/KLн,В/KLж нақты, жоспарлы капитал айналым. коэф-т

KL/ЧРн - KL/ЧРж – нақты, жоспарлы бір жұмыскерге келетін капитал сомасы

УДв/тпн ,УДв/тпж – нақты, жоспарлы тауарлық өнімнің құң-ғы түсімнің үлесі

ТП/ЧРн ,ТП/ЧРж  - нақты, жоспарлы еңбек өнімділігі  

2.3.Ресурстардың  шектелуі және  сақтау саясаты.

    Ресурстар сатылатын және сатып  алынатын болғандықтан олардың  бағалары да болады. Сұраныс пен  ұсыныстың өзара іс-қимылының  болашақ нәтижесінде, баға ресурстар  нарығы ерекшеліктерінің жалпы  барлық түрлері, олардың әрбір  айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

    Ресурстар нарқының ерекшеліктері  – ең алдымен олардың шектелуіне  қарай өндіріс көлемінің өзінің  де және ресурстар ұсынысында  да шектелуінің қорытындысы болып  табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі  болмаған жағдайда, тауарлар мен  қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.

    Ресурстар ұсынысы олардың тікелей  баға арасындағы байланысы мен  нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды  иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама-қарсы байланысты көрсетеді; егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау басқалармен алмастырады.

    Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне  қысқаша тоқталайық:

  1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады.
  2. Ресурстарға сұраныс еңбек өңімділігіне тәуелді: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;
  3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:
  • дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
  • ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндік туады.
  • Жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

    Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының  арқасында алмасып отырады. Мысалы, мелиорация жұмыстары жүргізілетін  болса жерге ұсынысты арттыруға  болады. Соынмен ресурстар ұсынысы  заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты.

    Ресурстарды сақтау дегеніміз  – меншіктің әр түрлі формалары  және шаруашылық тетігінің ықпалымен  жүзеге асатын нақты және өткен  еңбекті үнемдеу. Оның практикалық  мәні еңбек, материалдық және  қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономиканың дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы ғана болмауы керек.

    Ресурстарды сақтау саясаты орасан  зор потенциалдық мүмкіндіктері  бар Қазақстан үшін өте үлкен  принциптік маңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.

    Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпініндетұтыну мен қорланудың арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сон1ымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау іс-жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі есе кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізіне қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.

    Ресурстарды сақтаудың басты  бағыттары - өнім бөлігінің материалдық  шығындылығын кеміту, ең алдымен  үнемді конструкциялық шешімдер  және ресурстарды сақтау техникасын және қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану; өндірістік процестерге отын-энергетика және т.б. да материалдық ресурстардың шығындарын азайту; шикізаттардың және екінші қайтарымды жылу ресурстарының, тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды қайтадан пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.  
 
 

Информация о работе Негізгі бөлім