Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, реферат
Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.
Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады.Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру –тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар – феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.
Таблица 1. Негізгі әлеуметтік қауымдықтар, олардың өлшемдері мен белгілері.
Әлеуметтік қауымдықтар түрлері |
Әлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдері |
Қауымдықтардың белгілері |
Таптар (стратылар) |
Қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны |
Меншікке қатынасы, кіріс көлемі, билік факторы және т.б. |
Кәсіби қауымдықтар |
Еңбек бөлінісі жүйесінде алатын орны |
Еңбек ету қызметінің сипаты |
Салалық қауымдықтар |
Еңбекті қолдану аясы |
Өндірістік қызметтің бағыты |
Этноұлттық қауымдықтар |
Этникалық және ұлттық |
Жалпы ортақ шығу тегімен, тілімен, территориасымен, ортақ экономикалық өмірімен, мәдениеті мен психологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. |
Аймақтық құрылымдар |
Этноаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық байланыстар |
Қоғамдық өмірдің
барлық салаларында ұлтаралық |
Демографиалық қауымдықтар |
Индивидтердің жыныстық- жастық ерекшеліктері |
Жастар, әйелдер, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік топтар |
Территориалық қауымдықтар |
Тұратын жері (қала, деревня, аудан, облыс және т.б.) |
Мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар |
Нәсілдік топтар |
Морфологиялық және физикалық ерекшеліктері |
Терінің түсі, бойы және т.б. |
Өндірістік ұжымдар |
Өндірістік мәселелерді шешу |
Еңбек ету қызметінің ұйымдастырушылық формалары |
Жанұя |
Туыстық қатынас |
Бірлесіп тұру, ортақ шаруашылық, өзара жауапкершілік т.б. |
Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.
Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар
жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің)
1.Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар);
2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар);
3.Құқықтық тәртіп жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар);
4.Өнегелік (адамгершілік)
5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы рухани қатынастар).Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар және т. б. арасындағы қайшылықтар)