Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:36, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен.

Содержание

КІРІСПЕ……….....................................................3
I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……...........................4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі…………….................................................6-10
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……...........................................................11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….......................................................15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі……......20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі……...........................................................24-26
ҚОРЫТЫНДЫ……......................................27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……......................................................29-30

Работа содержит 1 файл

Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі.docx

— 70.36 Кб (Скачать)

Жоспар

 

КІРІСПЕ……….....................................................3

I Тарау.  Ақша қаражаттар есебінің теориялық  негіздемесі. 
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……...........................4-5 
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі…………….................................................6-10

ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……...........................................................11-14 
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….......................................................15-20 
2.2. Төлем карточкаларының есебі……......20-23 
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі……...........................................................24-26

ҚОРЫТЫНДЫ……......................................27-28 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……......................................................29-30

 

 

 

 

Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық  экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтегі  кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің+

 қызметін жедел  басқаіру үшін, экономикалық болжамдар  мен ағымдық жоспарлау жасау  үшін, сүйтіп ел экономикасының  даму заңдылықтарын зерттеу үшін  қолданылады. Шаруашылық жүргізудің  қазіргі жағдайында кәсіпорынның  күрделі экономикалық тетігін  нық, дұрыс жолға қойылған есеп  жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді  экономикалық ақпаратсыз басқару  іс жүзінде мүмкін емес. Осы  түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының  есебі мен оның ішкі аудиті  өзекті болып есептелінеді.

Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде  ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті  қай кезде болмасын күрделі болып  отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

Ақша қаражаттардың  есебін зерттеп бақылай отырып кез  — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары  мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

Бұл  жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл  жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.

Жоғарыдағы айтылып  кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің  ақша қаражаттар бӨлімін кеңірек  ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым. 

 

I ТАРАУ. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен

мақсаты.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы  «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар  күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

1)   ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

2) Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшін  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттік мекемелерге,  олардың бюджеттен тыс қаражаттары  бойынша, қоғамдық ұйымдарға,  өндірістік, коммерциялық қызметпен  айналысатын жеке тұлғаларға  ағымдық шоттарды;4

4) Республикалық  бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

5)     Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен  есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп  айырысу операцияларын толық  және уақтылы дер кезінде есептеу.

2) Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

3)  Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

1)  Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дүрыс жүргізу.

2)  Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде кӨрсету.

3)      Бұл інген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.

4)   Белгіленген   мерзімдерге   ақша   қаражаттары   мен   есеп   айырысудың жағдайына    түгендеуді    ұйымдастыру    және    жүргізу.    Мерзімі    кешігетін дебиторлық   және   кредиторлық   берешектердің   туындауын   болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.

5)  Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

6) Есеп айырысу  — төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен  қызметтер үшін сомалардың уақтылы  аударылуына, сондай — ақ несие  тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

1.2 Есеп  айырысу шоты операцияларының  есебі.

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма — қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.

Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.

Есеп айырысу  шоты мынадай құжаттардың негізінде  ашылады:

1)  шотты ашу жүніндегі өтініш;

2)  қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;

3)  субъектінің    салықтық    есепке    қойылу    фактісін    растайтын    салық органының анықтамасы;

4)  мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;

5) жарғы мең құрылтай  шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар  саны 1-ден көп болса).

Есеп айырысу  шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне  берілген құқықтардың шегінде осы  шоттағы қаражаттардың барлығына  иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай  құжаттардың негізінде орындайды:

1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма — қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма — қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада  толтырады;   қабылданған   ақшаға  банк   квинтация   береді,   ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.

2.   Әртүрлі   мақсаттар   үшін   кассаға   алынғанда-чек   ресімделеді.    Чек ресімделуі   — чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.1[1]

3.  Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма — қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.

4.   Субъект     босатылған     өнімдердің,      орындалған     жұмыстар     мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда — төлем    талап    тапсырмасы    жасалады.    Төлем    талап — тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.

5.  Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы   қағаздары   есеп   айырысу   шотынан   қаражаттар   есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектінің шотынан  барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік  кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан күшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.

Банктің көшірмесі  есеп айырысу шоты бойынша талдамалы  есептің тіркелімін үздігінен алмастырады  және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті  көрсететін пассивтік шот болып  табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актңвтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша күрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 — шотта жүргізіледі.

441 — шот бойынша  түмендегідей шаруашылық операциялары  жүргізіледі:

Информация о работе Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі