Ұйым қызметін жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 14:30, доклад

Описание работы

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне белгілі нысандарға сипаттама беретін топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе
I.Қаржылық есеп беру негіздері.
1.1.Қаржылық есеп берудің маңызы.
1.2.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
II. Субъектінің қаржылық есеп беруі және оны тапсырудың мерзімі
2.2.Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау
2.3.Пайда мен зиян жайлы есеп беру
2.3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Работа содержит 1 файл

КАРЖЫ.docx

— 21.69 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

I.Қаржылық есеп беру негіздері.

1.1.Қаржылық есеп берудің маңызы.

1.2.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

II. Субъектінің қаржылық есеп беруі және оны тапсырудың мерзімі

2.2.Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

2.3.Пайда мен зиян жайлы есеп беру

2.3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Кіріспе    

                            Қаржылық есеп берудің маңызы.                                      

       Қаржылық есеп беру –  бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне белгілі нысандарға  сипаттама беретін   топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

       Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап   айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық  есеп беруі -  есеп процесінің  соңғы  сатысы болып  болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде  кәсіпорынның  мүлік және қаржы жағдайына  сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

       Нарықтық  қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның  шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты,  шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

      Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталынатын кешенді түсінік.

       Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың  (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр айналым құралдардың, материалдық айналым  құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының  мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

       Қаржылық есеп берудің деректері бойынша  қорлар мен шығындарды қалыптастыруға  арналғпн қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның  меншікті несиелік және өзге қарыз  көздерімен қамтамасыз  етілгендігін  анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттіліген, яғни оның  міндеттемелер бойынша толықтай  өз  уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.  Екінші жағынан,  қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін; неғұрлым жедел пассивтерді жіне тұрақты пассивтерді, ұзақ  мерзімді пассивтерді және тұрақты массивтерді анықтауға болады.  Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

       Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

        
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

            Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі     талаптар.

   Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің және дербес балансқа бөлінген  басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы  мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің  құрамын көрсететін  қаржылық есеп беруді жүзеге асырады.  Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін  типтік нысандар бойынша  жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылыө есеп беру құрамында мыналарды; кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді  тапсыруға міндетті.

   Шаруашылық субъектілерінің  бастамасы бойынша немесе әріптестермен  келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырлуы мүмкін.

   Барлық  кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп  беру жылы болып 1 қаңтар мен  31 желтоқсан аралығындағы  мерзім  саналады. Жаңадан құрылған  кәсіпорындар,  мекемелер үшін  есеп беру жылы  болып, олар заңды тұлға құқығын  алған күннен бастап 31 желтоқсанды  қоса алғанға  дейінгі кезең,  ал  1 қазаннан кейін  құрылған  кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын  қоса алғандағы  мерзім саналады.

   Қаржылық  есеп беруді толтыруға қойылатын  талаптар; көрсеткіштердің қарапайымдылығы  мен түсініктілігі, деректердің   шыеайылылығы; жинақтамалы және  талдамалы есеп деректерінің  сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы.

   Қаржылық  есеп берудің жасалу дұрыстығына  кәсіпорынның (мекеменің) басшы және  бас бухгалтер, сондай – ақ  жоспар жасау қызметінің басшысы  жауап береді. Қаржылық есеп беру  мерзім сайын әзірленеді және  тапсырылады және пайдалануашылардың  кең ауқымының ақпараттарды  тұтыну  мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір  пайдаланушылардың  өкілеттігі  болса, қаржылық есеп беруде  көрсетілгендерге  қосымша ақпараттарды  талап ете алады.

   Қаржылық  есеп беру қаржылық есептеменің  бір бөлігі болып табылады  және бухгалтерлік есептің   стандарттарымен анықталады. Қаржылық  есептемеге  түсіндірме жазбалар, қосымша  кестелер және осы  есеп беруге негізделген  немесе олардан алынған  ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады. 

Субъектінің қаржылық есеп беруі  және оны тапсырудың мерзімі.

   Шаруашылық  субъектілері тоқсандық және  жылдық қаржылық есептемені  құрылтай  құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік  салық инспекциясына,  мемлекеттік салық инспекциясына, мнемлекеттік басқарудың  басқа органдарына, несие беруші банктерге  және басқа шаруашылық  субъектілермен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілірі  тоқсандық есептемені  тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

   Қазақстан  Республикасының 28-ші ақпан 2007 заңына сәйкес ұйымдар жылдық  қаржылық есептілікті келесі  жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей   өткізілуі тиіс.

   Бюджеттік  мекемелер  айлық, тоқсандық  және жылдық қаржылық есептемені  жоғары тұрған ұйымдарға олар  белгілеген  мерзімдерде тапсырады.

   Қаржылық  есептемені пайдаланушылар қатарына  нақты қазіргі және әлеуетті  инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай – ақ министрліктер,  ведомстволар және жұртшылықтар  жатады.

   Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық  есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып  алушылар, жеткізушілер, инвесторлар,  биржалар, банктер және басқалар  үшін баспасөзде  ашық жарияланады.

   Есепті  жыл аяқталғаннан кейін ашық  түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер,  сақтандыру компаниялары жылдық  қаржылық  есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда  жариялауға міндетті. Жарияланатын  қаржылық есептеме міндеттіаудиторлық  тексеріске түсіп, оның дұрыстығын  тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

   Қаржылық  есеп беру мен бухгалтерлік  есепке аудиторлық тексерулер  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай – ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі. 
 

                                Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

   Материалдық  емес активтер бабы бойынша  шаруашылық қызметте ұзақ уақыт  бойы пайдаланылатын және кірі  келтіретін материалдық емес  объектілерге кәсіпорынның жұмсаған  шығындары көрсетіледі. Материалдық  емес активтерді кәсіпорынның  құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық  капиталға салым есебінде енгізуі,  сондай – ақ кәсіпорын өз  қызметінің барысында сатып алуы  мүмкін. Бап бойынша бастапқы  бағалау кезіндегі материалдық  емес активтердің құны, есептелген  тозудың сомасы жекелей келтіріледі  және қалдық құны көрсетіледі.  Материалдық емес активтер баланс  валютасына  қалдық құнымен енгізіледі.

   Материалдық  емес активтердің тозуы өнімнің  (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына  олардың бастапқы құны мен  ұтымды пайдалану мерзіміне қарай  кәсіпорын есептеген мерзімінен  аспайтындай  болып жатқызылады.

   Ұтымды  пайдалану мерзімін анықтау мүмкін  болмайтын материалдық емес активтер  бойынша тозу нормасы он жыл  мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын  қызметінің  мерзімінен аспайтындай  болыр белгіленеді.

   Негізгі құралдар бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе қордағы запастағы негізгі құралдар бойынша  мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша  заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке – жеке көрініс табады.

   Негізгі  құралдар баланс валютасына  қалдық  құнымен негізіледі. Негізгі құралдардың  түгендеу нәтижесі бойынша анықталған  бастапқы  құны мен қайта есептеу  коэфициенттері  негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған алғашқы  деректер болып табылады.  Негізгі  құралдар олардың бастапқы құнын  тиісті коэфициентке көбейту  жолымен қалпына келтіру құнына алмастырылады.

   Есеп  беруде негізгі құралдардың   тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен,  баланстың Негізгі құралдар деген  бабын  толтыру үшін мынадай  жинақтамалы шоттардың ақпараты  қаже: 2411 – Жер, 2412 – Үйлер мен  ғимараттар, 2314 – Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары;  2414 -  Көлік құралдары; 2930 -  
 
 
 

    

Информация о работе Ұйым қызметін жоспарлау