2.3
Халықаралық қаржылық бақылау
тәжірибесін талдау
Шет елдердегі бақылау тәжірибесін зерттеу
мен тарату мақсатында 1953 жылы үкіметтік
емес ассоциация-Халқаралық жоғарғы бақылау(
аудиторлық) органдарының ұйымы (INTOSAI)
құрылды. Ұйымның секретариаты Венада
орналасқан. Қазіргі кезде оған жеті аумақтық
топтарға бөлінген 180 елдің бақылау органдары
кіреді. Қазақстан Республикасы INTOSAI атты
Еуропалық ұйым құрамына 1992 жылдан бастап
мүше болды.
INTOSAIбақылау органдарының қызметі жайлы
журнал шығарады. Бағдарламаға сәйкес
семинарлар, конференциялар өтіп, үнемі
тәжірибе мен стажер алмасу жүргізіледі.
INTOSAI құрамында Халқаралық бақылауды даыту
орталығы қызмет етеді, оның қызметінің
негізгі бағыты – бақылаушыларды дайындау
мен қайта дайындау.
1977 жылы Лимада өткен ІХ-конгресте INTOSAI
бақылаудың басқарушылық принціптерінің
Лима декларациясын қабылдады. Бұл декларация
бақылаудың мазмұнын қоғамның қаржылық
ресурстарын басқарушы міндетті элементі
ретінде анықтайды. Бақылаудың негізгі
мақсаты- қабылданған стандарттардан
жалтарынуды, материалдық пен қаржылық
ресурстары жұмсаудағы принциптердің
заңдылығын,тиімділігі мен үнемділігін
бұзуды айқындау, сонымен қатар айыптыларды
жауапкершілікке тарату, кеткен шығындар
үшін өтем алып, келешекте мүмкін бұзуларды
алдын алуға бағытталған түзету мен алдын
алушылық шараларды қабылдау болып табылатын
реттеушіліктің бөлінбес бөлігі.
Лима декларациясы алдын ала бақылау мен
дәлел бойынша бақылауды атап көрсетеді.
Сыртқы және ішкі бақылау ұйымдастыру,
бақылау тәуелсіздігі мен бақылаушы органдардың
қызметкерлері, парламент, үкімет, территория
әкімшілігі мен жергілікті басқарушы
органдарымен қарым –қатынасы қаралады.
Халықаралық қаржылық бақылаудың стандарттарын
жасау мен бекітуде INTOSAI-дың рөлі үлкен.
Тәжірибеде көп қолданылғандардың ішінде
1992 жылы жасалынған, 1995 жылы толықтырылған
стандарттар болатын. Олар 1977 жылы қабылданған
Лима декларациясының принциптеріне негізделеді.
Бұл декларация мемлекеттік бақылау мен
бағалау қызметі саласындағы «Ұлы хартия
ретінде қарастырылған.»
INTOSAI шеңберінде халықаралық тәжірибе
мен идеялармен алмасуды- мүше елдердің
жоғарғы бақылау органдарына жүктелген
міндеттерді атқаруына тиімді көмек ретінде
қарауға болады. Ол үшін БҰҰ басқа халықаралық
ұйымдармен бірлесіп, түрлі деңгейде конгрестер
мен семинарлар өткізуде.
21
Жоғарғы бақылау органының (ЖБО) негізгі
өкілеттігі мемлекет конституциясымен
анықталып, шарттарға байланысты арнайы
заңдармен нақтыланады. ЖБО салық төлеуді
бақылай отырып, бақылау процесінде салық
төлеу жөніндегі жеке құжаттама қарастырады.
Салық бақылауы, негізінен олардың мемлекеттік
бюджетке енуінің дұрыстығы мен заңдылығына
байланысты . оған қоса,ЖБО салық қызметінің
атқаратын жұмысының экономикалық тиімділігі
мен кірістер жобасын жасап, қажет жағдайда
заңнамалық актілерді жақсарту мақсатында
өз ұсынымдарын енгізу міндетті .
Нарық экономикасы шарттарында қаржылық-шаруашылық
бақылаудың рөлі арта түскен. Дамыған
елдердің барлығында кәсіпкерлікті қаржылық
мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасып,
ілгері дамуда. Мемлекеттің құрылымы ерекшелігінің
нысандары мен ұлттық әдет-ғұрпына байланысты
олар әр түрлі ұйымдастырылған . Соған
қарамастан, шет мемлекеттердегі бақылау-ревизиялық
қызметтердің жұмысы мен ұйымдастырылуы
көпжылдық жасалынған тәжірибеге сүйене
отырып, жалпы принціптерге негізделгенін
птап кету қажет.
Мелекеттік қаржының жұмсалуын бақылайтын
арнайы парламенттік институттар барлық
елдерде де өз қызметін атқарады. Мысалы,
АҚШ-та Бас бақылаушының басшылығындағы
Конгресстің бас бақылау басқармасы, Ұлыбританияда
–Бас ревизордың басшылығындағы Ұлттық
ревизиялық кеңес, Канадада-Бас бақылаушы
, Индияда-мемлекеттік есеп беру, бюджеттік
болжаудың парламенттік комитеттер, мемлекеттік
кәсіпорындар жұмыстары жөніндегі комиссиялар,
Финляндияда -5 мемлекеттік ревизорлар,
ал ФРГ, Франция, мен Венграда – Шоттық
палаталар.
Параламенттік бақылау институттарымен
қатар көптеген елдерде мемлекеттік, нақтырақ
айтқанда үкіметтік бақыларевизиялық
жүйесі қызмет атқарады. АҚШ-та бұл үкіметтік
мекемелерде қаржылық асыра пайдаланумен
күресу жөніндегі президенттік Кеңес,
федералдық ведомстволардағы инспекциялық
қызмет жүйесі, Президент қарамағындағы
Әкімшіліктік – бюджеттік басқару, Индияда
– Бас инспектор мен ревизордың қызметтері
(Индияның ревизия мен шот жүргізу департаменті),
Финляндияда- Мемлекеттік шаруашылық
ревизиялық басқару.
Дамыған елдерде парламенттік пен үкіметтік
бақылау-ревизиялық жүйелер параллельді
және біруақытта бір-бірімен тығыз байланыста
қызмет жасайды, парламенттік жүйенің
үкметтікті басқаруы сөзсіз. Шет елдердегі
бақылау- ревизиялық органдар мемлекеттік
қаржының жұмсалуы мен мемлекеттік мүліктің
пайдалануын назар сала қадағалайды.
Осы міндеттердің шегінде олар министірліктердің,
ведомствалар мен басқа да басқарушылық
органдардың қызмет атқаруына, мемлекеттік
бағдарламалардың жүзеге асуына кеткен
шығындарды бақылап, мемлекеттік тапсырыстарды
орындау жөніндегі жекеменшік фирмалардың
өндірістік- шаруашылық қызметін тексерді.
АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Франция,
Канада, Австрия,
22
Жапония, Индия, Венгрия, Финляндия сияқты
дамыған елдердің қаржылық- бақылау органдары
қызметінің мол тәжірибесін зерттеу- тиімді
қаржылық бақылауды ұйымдастыруда баса
назар аударылуда.
Әлемдік тәжірибе қөрсетіп отырғандай,
дамыған елдерде экономикалық, әлеуметтік,
әскери басқа да бағдарламаларды жүзеге
асыру міндетті түрде кішігірім бақылау
жүйелерін қоса жүргізуді қажет етеді.
Дамыған шет елдерде қаржылық бақылаудың
мұндай жолы тиімді болып табылады.
Мысалға, бақылау органдармен жұмсалған
1 АҚШ долларының орнына бюджетке қосымша
5 доллар, Ұлыбританияда болса, 1 фунд стерлингке
13 фунт түседі.
Бюджеттік –қаржылық бақылауы дамыған
шет мемлекеттердің тәжірибесіне баса
назар аудару қажет.
Мемлекеттік бақылау деп парламенттің,
конгресстің басқа мемлекет билігінің
жоғарғы органның қарамағындағы бақылау
органдарын айтады. Олардың министрліктер
мен ведомствалардың, сондай- ақ азаматтық,
әскери жұмыстарға да араласуға құқықтары
бар. Олар құпиялық қорлар, әскери бағдарламалар
мен басқа жүзеге асырылып жатқан шараларға
бақылау жасайды.
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына үнемі
қызмет атқаратын қаржылық бақылау органдарын
құрумен жетілдіру проблемалары- барлық
дамыған елдер үшін өзекті. Бұл мәселені
шешу үшін заң шығару органдарына бір
қатар елдердің тәжірибесінде, онда мемлекеттік
шығыстар тек бюджеттің атқарылуына бақылау
жасайтын бас бақылаушының келісімімен
ғана жүргізілуіне назар аударылады. |
|