Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:27, реферат
«Қазпочта» АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
«Қазпочта» АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
2003 жылы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Почта туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» акционерлік қоғамы белгіленді.
АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ жалғыз акционері болып табылады.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 13.
«Қазпочта» АҚ миссиясы
Қазақстан Республикасының барлық аумағында клиенттерге олардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық, қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызметтер көрсету.
«Қазпочта» АҚ болжамы
Үздік халықаралық стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына сәйкес клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің жоғары сапалы қызметтерін ұсынатын, ел экономикасының маңызды элементі болып табылатын, ел ішінде сонымен қатар дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада болып жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін инновациялық – бейімделген бизнес-құрылым.
«Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін стратегиялық даму бағыттары
1. «Пошта қызметтері» бейінді бизнесін кеңейту.
2. Логистикалық
қызметтерді күшейту және
3. Сапалы банк бизнесі болып қалыптасу.
4. «Қазпочта» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру.
5. «Қазпочта» АҚ IT қарымын дамыту.
6. Сенім және сапа брендін дамыту.
Негізгі стратегиялық мақсаттар
- Өнім портфелін әртараптандыру, жарнамалық материалдарды жеткізу (DM), «Есепшоттар мен хабарламаны жеткізу» сегментінің бағдарын нығайту арқасында жазбаша хат-хабарлар көлемін ұлғайту.
- Жеделдетілген экспресс және шабармандық пошта жеткізу сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- «Сәлемдемелерді жіберу» сегментінің бағдарында жетекші орын алу.
- Мемлекеттік демеуқаржы тарту арқылы жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды жеткізу қызметтерінің тиімділігін арттыру.
- Пошталық
жөнелтімдер үшін логистикалық
үдерістердің нәтижелік
- Ірігабаритті пошта жөнелтімдері нарығында жетекші орын алу.
- Халықаралық логистикалық компаниялар үшін серіктес ретінде № 1 таңдауы болу.
- Дәстүрлі (зейнет ақы мен жәрдемақы беру, мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы төлеу) «Қазпочта» АҚ қызметтері бар «Аудан орталығы» және «Ауыл» сегменттерінде жетекші орын алу.
- «Қазпочта» АҚ клиенттік базасын аудан орталығының деңгейінде пластикалық карточканы қолдануға ауыстыру.
- Аудан орталығы және ауыл деңгейінде барлық сақтандыру және микрокредиттік компаниялардың № 1 таңдауы болу.
- «Пошта аударымдары» сегментінде бәсекелестік орнын жақсарту.
- «Коммуналды және басқа төлемдер» нарығында жетекші орын алу.
- Компанияның басқару есебін жүргізуді автоматтандыру деңгейін көтеру.
- Бизнес – үдерістерді автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін көтеру.
- Компанияның ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін көтеру.
- «Қазпочта» АҚ брендін қолдап, қуаттайтын халықтың пікірін қалыптастыру.