Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 13:56, реферат

Описание работы

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында арнайы киімдер (бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері медициналық халаттары мен ашық жұмыс комбинезондары болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне басқа да арнайы киімдердің түрлері қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 16
4.4 Маркетинг стратегиясы 17
5. Техникалық жоспарлау 19
5.1 Технологиялық процесс 19
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 21
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 21
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 22
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 23
7. Жобаны іске асыру 24
7.1 Іске асыру жоспары 24
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 24
8. Пайдалану шығыстары 25
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 26
10. Қаржыландыру қажеттілігі 28
11. Жобаның тиімділігі 29
11.1 Cash-flow проекциясы 29
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 29
11.3 Баланс проекциясы 29
11.4 Қаржы индикаторлары 29
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 31
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 31
12.2 Қоршаған ортаға әсер 31
Қосымшалар 32

Работа содержит 1 файл

BiznesZhosparArnayyKiimderOndirisiTsekhynAshu.docx

— 761.01 Кб (Скачать)

2.11. Бұйымның етегін ішіне бүктеп  жабық тігіспен тігу.

2.12. Жырығын өңдей отырып өңірлері  мен арқасына жіберілген  бөлігін  тігу.

2.14. Оң жағынан ілгек орнату.

2.15. Ілгектеріне сәйкес түймелерін  тігу.

2.16. Бұйымды ылғалды жылумен  өңдеу.

 

Жұмысқа киетін ашық комбинезонды тігу технологиясы

Жұмыс костюмі (ашық комбинезон)  шалбардың  алдыңғы бөлігімен тұтас, яғни  белінен қиылмай пішіледі.

Арқасы белдің бойымен бөксеге  дейін, яғни қабырға қиықтарының  төменгі бөлігіне дейін  ұзартылған.  Шалбардың артқы бөліктері  белдің бойымен белбеу арқылы  біріккен, ол алдына келіп түймеленеді. Комбинезон үлгісінің барлық бөліктері, жағадан  басқа,  қабырға, иық, сондай-ақ  отыру  және жең тігістеріне 1 см-дан  босатыла отырып матаның көлденең жібінің  бойымен пішіледі.

Ойынды мен жеңнің құлама бөлігі тігісіне артық босатылмайды.

Жаға мен оның асты көлденең бойымен  пішіледі. Өңірлердің асты ені 7,5 см және  қиықтың бойымен ұзынынан пішіледі.

Белбеуі  ені 8 см және  ұзындығы белдің өлшеміне сәйкес 15 см, яғни 38 * 2 + 15 = 91 см. пішіледі.  Жеңнің  бүктемелері  ені 13 см, ұзындығы 27 см болып пішіледі.  Шалбарлардың манжеттері  ені 13 см, ұзындығы 36 см болып пішіледі.   Манжеттер мен олардың астыңғы  бөлігі  матаның ұзын бойымен  пішіледі.

Өңірдің пішілген бөліктерінде  бүктемелер мен қалта тігілетін орындар  белгіленеді, ал арқасы мен  шалбардың  артқы бөліктерінде бүктемелер  белгіленеді.

Өңірлердегі бүктемелер ішкі жағынан  тігіледі. Үстіңгі қалта өңірдің  сол бөлігіне тігіледі (белгіленген  орын бойынша). Белгіленген орынға екі  жанының қалталары жапсырылып,  шалбардың алдыңғы бөлігінің  үстінен,  алдыңғы  шетінен,  етек және қабырға бойымен  кертікке дейін  тігіледі. Өңірлердің асты оң жағымен  өңірлердің оң жағына жоғарғы кертіктен  төменгі кертікке дейін тігіліп, теріс жағына аударылады. Өңірлердің кесілген шеті  0,7 см бүктеліп, тігіледі.

Арқасынан  бүктемелер жасап,  арқасының  астын ені 2 - 2,5 см бүгіп тігіледі. Иық тігістері арқаның  кесіндісімен  бүктеп тігіледі.

Жағаның үсті астымен бірге  тігіліп, оң жағына айналдырылады да  шетінен  жөрмеп тігіледі.

Жағаның астыңғы жағы мойын ойындысына (оның бойымен) тігіліп қосылады. Жағаның  үстіңгі жағының кесілген шеті 0,7 см бүктеліп, астыңғы жағаның тігісі көрінбейтіндей етіп  тігіледі.  Жағаның үсті  шетінің бойымен  0,2 - 0,3 см  тігіледі.

Шалбардың артқы бөлігі қабырға  тігістері бойымен белінен бастап кертікке дейін тігіледі, содан соң  ішкі жағына айналдырып,  жөрмеледі. Артқы және алдыңғы өңірлерінің  қабырға кесінділерінің астынан  кертіктен бастап төменге дейін  ені 0,5 см болып  бүктеледі.

Содан соң арқасы мен алдының  бет жақтарын біріктіріп, ал шалбардың  артқы бөлігін  оң бетімен алдыңғы  бөлігіне беттестіріп қабырға тігістерін шалбардың етегіне дейін жөрмейді.

Қабырға тігістерін ойынды бойымен  астыңғы бойындағы кертікке дейін  тігеді. Қабырға тігістерін арқасымен  және шалбардың артқы бөлігімен  қосады. Қадамдық тігістер мен астыңғы  тігістері сыртқы тігіспен қосып  тігіледі.

Шалбардың артқы бөлігінің үстіңгі  кертігіне белбеу орнатылады, оның ортасы  отыру тігісінің ортасымен  дәл келуі тиіс.  Белбеудің  қиылған шеті  бүктеледі.

Шалбардың етегінің артығы бүрмелеп бүктеледі де шалбардың астыңғы  жағынан ені 0,7 см   тігіледі.  Манжеттің  шеті 0,5 см бүктеліп, шалбардың  етегіне  қосып тігіледі.

Жеңі өңделіп, жейденің жоғарғы  бөлігіне тігіледі.  Өңірдің сол  жағынан түйме  тігіледі, оң жағынан  ілгектер жасалады.

 Шалбардың артқы бөлігінде  ұзындығы бойымен ортасынан көлденең  ілгектер  орнатылады, оған қарама-қарсы  қабырға тігісінің бойымен түйме  тігіледі. Түйменің астынан мықты  болу үшін ені 2 см көлденең  жолақ тігіледі.  Белбеуінің оң  жақ ұшына  ілгек жасайды,  ал сол жағына түйме тағады, содан соң  шалбар мен жеңінің  манжеттеріне  ілгек жасап, түйме  қадайды.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Болжанып отырған цехты  аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы  орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып  орын-жай өртке қарсы  қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын  болады. Орын-жай   тікелей арнайы киім тігу цехынан  тұрады. 

irr.kz және satu.kz интернет-ресурстарының  негізінде өндірістік орын-жайды  жалдаудың  орташа құны айына  950-1 000 тг./м2  құрайтыны айқындалды.  Осыған байланысты кәсіпорынның  тұрақты шығыстарына  айына  1 000 тг/м2  жалдау ставкасы салынды.

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

Жабдықтардың тізбесі мен оны  сатып алу шығындары  келесі кестеде  берілген.

 

6-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Атауы

Саны

Бағасы, мың теңге

Сомасы, мың теңге 

Тігін машинкасы

5

40

200

Жөрмеу құралы

2

45

90

Пішу  үстелі

1

25

25

Жұмыс үстелі

5

15

75

Орындық

5

8

40

Шкаф

1

30

30

Өндірістікинвентарь

1

70

70

Жиыны

   

530


 

Жабдықтардың бағасы Алматы қаласының  орталық базарындағы бағаға  жасалған шолу мен талдаудың нәтижесінде  көрсетілген.

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда  электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон  байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай  қажетінше бейімделетін болады. 

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Директор кәсіпорынға жалпы  басшылық жасайды. .

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының  түрі төменде келтірілген  (7-сурет).

 

7-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

         

Құрамды басқарудың келтіріліп отырған  құрылымын желілік құрылымға  жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына  мүмкіндік береді.

 

7. Жобаны іске асыру

7.1 Іске асыру жоспары

Осы жобаның іске асуы (іске қосу) 2011 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы  сәуірге дейінгі кезеңді алатын болады деп болжануда.

 

7-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай

2 012

 

1

2

3

4

Маркетингтік зерттеу жүргізу  және ТЭН әзірлеу

       

Қаржыландыру  мәселесін шешу

       

Кредит алу

       

Орын-жайды таңдау

       

Құрамды іздестіру

       

Жабдықты жеткізу құрастыру

       

Жарнаманы орналастыру

       

Жұмыстың басталуы

       

7.2 Жобаны іске асыру шығындары

Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі  кестеде  келтірілген.

 

8-кесте - 2012  жылға арналған  инвестициялық шығындар

Атауы

Сомасы, мың теңге

2 012

март

Жабдық

530

530

Жиыны

530

530


 

Жабдықтарды жеткізу шығыстары  оның құнына қосылған.

 

 

 

8. Пайдалану шығыстары

Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан  тұрады

 

9-кесте - 1 айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

 

Өлш.

бір.

баға, тг.

Медициналық халат

Жұмыс. ашық комбинезоны

Шығыс нормасы

1 кг сомасы

Шығыс нормасы

1 кг сомасы

Материал (м/м), ені 150 см.

м

600

2,0

1 200

 

0

Қалың материа, ені 140 см.

м

700

 

0

2,2

1 540

Түйме

шт.

8

6,0

48

 

0

Молниялар

шт.

75

 

0

1

75

Қысқыш

шт.

15

 

0

2

30

Баспа түйме

шт.

2

 

0

4

8

Жиыны

     

1 248

 

1 653


 

Ауыспалы шығыстар  өнім дайындауға арналған бұл мен фурнитурадан тұрады. Материалдың бағасы Алматы қаласының  орталық базарындағы бағаға  жасалған талдаудың нәтижесінде  көрсетілген.

 

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар

Жобада  құны айына 60 мың теңге  тұратын орын-жайды жалдау көзделген. Осы бағаға электр энергиясы мен  телефон байланысын қоспағанда барлық коммуналдық төлемдер қосылған.

 

10-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

Шығындар

 

2012

2013-2018

ЕТҚ

 

465

465

Өндірістік орын-жайды жалдау

60 м2

60

60

Электр энергиясы

 

5

5

Шығыс шығыстары

 

7

7

Байланыс қызметтері

 

2,0

2

 НБ қызмет көрсету және жөндеу

 

6

6

Банк қызметтері

 

1,5

2

Жарнама шығыстары

 

5

5

Өзге де көлденең шығыстар

 

4

4

Жиыны

 

556

556


 

Орын-жайды  жалдау Алматы қаласының  базарларындағы орташа жалдау ставкасы ескеріле отырып есептелді және 1 шаршы  метріне 1 000 теңге деңгейінде қабылданды. Электр энергиясының шығыстары  жабдық қуатының  0,4 кВт,  жабдықтың  бір  күндегі  орташа жұмыс уақыты 6 сағат, жарық шығыстары, 22 жұмыс күні мен                        құнының 1 кВт - 11,02 тг екені ескеріле келе  есептелді.

 

11-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

Лауазымы

Саны

Жалақы

Есептеуге

Еңбекақы төлеу  қоры

 

Әкімшілік-басқару  құрамы

       

1

Директор

1

50

50

50

2

Бухгалтер

0,5

40

20

20

 

Жиыны

2

90

70

70

 

Өндірістік  құрам

       

1

Тігінші

5

55

275

275

2

Пішуші

1

50

50

50

 

Жиыны

6

105

325

325

 

Қызмет көрсетуші құрам

       

1

Сатушы

1

50

50

50

 

Жиыны

1

50

50

50

 

Қосалқы құрам

       

1

Еден жуушы

1

20

20

20

 

Жиыны

1

20

20

20

 

Құрам бойынша барлығы

10

265

465

465

Информация о работе Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу