Жылжымайтын мүлік нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:12, реферат

Описание работы

Жылжымайтын мүлік бұл саны бойынша халықтың меншігіндегі елдің ұлттық байлығының негізі. Жылжымайтын мүлік нарығы тауар немесе қызмет көрсету және қаржылық нарықпен бірдей нарықтық кеңістікті құрайды. Жылжымайтын мүлік кепілдігі еліміздің несиелік жүйесінің құрылуының маңызды шарты. Жылжымайтын мүлік нарықтық қатынастардың барлық жүйесінің орталық звеносын құрайды. Жылжымайтын мүлік объектісі адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар ғана емес, табыс әкелетін капитал болып саналады.

Работа содержит 1 файл

Жылжымайтын мүлік бұл саны бойынша халықтың меншігіндегі елдің ұлттық байлығының негізі.doc

— 32.50 Кб (Скачать)


Жылжымайтын мүлік бұл саны бойынша халықтың меншігіндегі елдің ұлттық байлығының негізі. Жылжымайтын мүлік нарығы тауар немесе қызмет көрсету және қаржылық нарықпен бірдей нарықтық кеңістікті құрайды. Жылжымайтын мүлік кепілдігі еліміздің несиелік жүйесінің құрылуының маңызды шарты. Жылжымайтын мүлік нарықтық қатынастардың барлық жүйесінің орталық звеносын құрайды. Жылжымайтын мүлік объектісі адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар ғана емес, табыс әкелетін капитал болып саналады.

Кең мағынада жылжымайтын мүлік екі негізгі элементтен тұрады: жер және ғимарат.

Дамыған елдер жылжымайтын мүлікті бағалау мен пайдалануда жақсы нәтижелер көрсетіп, осыған байланысты жылжымайтын мүлікті бағалау мен талдау әдістері жасалған. Жылжымайтын мүлік экономикасы курсы Қазақстанда арнайы мамандарды дайындайтын жалпы кәсіптік-экономикалық пән болып табылады. Бұл бағыт республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жағдайында жылжымайтын мүлік саласындағы нарықтық механизмдердің құрылуын қамтамасыз ететін жаңа бағыт болып табылады.

 

 

 

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ БІРЛЕСКЕН МЕНШІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

 

  Жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен олармен келісім жасауға қатысты құқытардың мемлекеттік тіркелуінен туындайтын қатынастардың қатысушылары болып жылжымайтын мүліктің меншік иелері және құқықтарды мемлекеттік тіреуге алатын оның басқа да иегерлері, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қазақстандық және шетелдік  заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, шетелдік мемлекеттер, Қазақстан Республикасы, оның әкімшілік-аумақтық бірліктері-бір тараптан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар-басқа тараптан әрекет ететін тұлғалар болып  табылды.

   Жалпы бірлескен меншік- екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігіндегі мүлік. Жалпы біріккен меншік келесі түрде болады:

- Ерлі-зайыптылардың жалпы меншігінде;

- Шаруа қожалығы мүшелерінің жалпы меншігінде;

- Жекешелендірілген тұрғын үйдің жалпы меншігінде.

  Жалпы бірлескен меншіктің басқа да түрлері заңнамалық актілермен қарастырылады. Егерде шартпен олардың арасындағы басқа да шарттар қарастырылмаған болса, жалпы бірлескен меншік бекітіледі және жүзеге асрылады.

   Жалпы мүлікке үлестік меншік біріккен иеншіктің қатысушыларының келісімі бойынша анықталуы мүмкін, ал келісімге келмеген жағдайда- соттың шешімі бойынша анықталуы мүмкін.

    Бірлескен меншіктегі мүліктерге келісімге келу арқылы (сатып алу-сату, сыйға тарту, ауыстыру, өсиет етіп қалдыру, өмір бойы асырау, кепілге алу, беру, жалгерлік, сервитут (меншіктегі нәрсені пайдалану құқығына шек қою, ұсыну және т.б.)  өкімдік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүліктерге тиесілі келісім жасауды тіркеу үшін бірлескен меншіктердің басқа қатысушыларының келісім жасауды тіркеу үшін бірлескен меншіктердің басқа қатысушыларының келісімі нотариалдық тәртіпте расталған болуы тиіс.

    Бөтен тұлғаға мүліктің өтемін төлеп, иеліктен айырып алудағы үлесте жалпы меншіктің қалған қатысушылары сатылып жатқан үлесті оның сатылатын бағасымен сатып алуға және басқа да бірдей шарттарда сатып алуға айрықша басым құқыққа ие бола алады.

    Мұндай жағдайда, бөтен тұлғаға жалпы меншігін сату құқығында мемлекеттік тіркеу өтінішіне, сонымен қатар үлесін сатушы меншіктің қалған қатысушыларын жазбаша түрде өзінің үлесін оның сатылатын бағасы мен басқа да шарттарының көрсетілуімен бірге сатып жатқандығы туралы ойын хабарлағаны туралы растайтын құжаттары қоса беріледі.

    Сатып алудың басымдылық құқығы қалған бірлескен жеке меншік иелерімен сатушының үлес мүлкін алу туралы шарттардың көрсетілуімен бірге жазбаша түрде иелігінен айырылып жатқандығы туралы хабарлағаннан кейін бір ай ішінде іске асыруылы мүмкін. Мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке үлестік меншікке қатысушылардың үлесті сатуды қабыл алмайтын, нотариалдық түрде расталған немесе құқықтарды мемлекеттік тұрғыдан тіркеуді жүзеге асыратын органда рәсімделген құжаттар қоса беріледі. Бұндай жағдайда жалпы меншіктік үлеске құқықтың тіркелуі сатушымен үлестік меншіктің басқа қатусышыларының үлесінің хабарлану сәтінен бастап өткен мерзімнен тәуелсіз түрде өткізіледі.

   Жалпы меншіктің қатысушыларының біреуінен меншік құқығындағы үлесті сатып алған тұлға қалған бірлескен меншіктердең байланыссыз түрде тіркеуге өтініш береді.

 

 



Информация о работе Жылжымайтын мүлік нарығы