Жылу процестері. Жылу алмастырғыш аппараттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:21, реферат

Описание работы

Фармацевтiк өндірістегі жылу процестері. Фармацевтік өндipicтe қолданылатын жылу көздерi жане жылу тасымaлдaғыш заттар. Жылу алмастырғыш қондырғылар.
Жылу процестерi деп жылуды беру немесе оны қабылдап алу арқылы жүретiн технологиялық процестердi айтады. Жылу процестерiне қыздыру, салқындату, конденсациялау, булану жене т.б. процестер жатады.

Работа содержит 1 файл

6.doc

— 198.50 Кб (Скачать)

Аппараттардың осындай  түрлері тұтқырлығы үлкен ерітінділерді  және қабыршақ (қаспақ) пен тұнбалар түзетін ерітінділерді буландыру  үшін қолданылады.

Түтікті аппараттардың  ішінде пленкалы буландырғыш аппараттар көбірек пайдаланылады. Пленкалы аппараттарда буландыру қарқының күшейтуге мүмкіндік туады.

Буландыру қыздырғыш  құбырлармен жоғары қарай үлкен  жылдамдықпен көтерілетін ерітіндінің  жұқа қабатында жүреді.

Цилиндрлі барабанда  құбырлардың шоғы орналасқан. Қоюланған  сығынды түтікше камераға құйылады, содан соң құбырларға түседі. Жылытушы бу құбырлар арасындағы кеңістікте айналып жүреді.

Бу сөгі мен қоюланған  сұйықтықтың тамшыларының қоспасы  сепараторға келіп түседі. Мұнда  ерітіндінің тамшылары қосымша  будан бөлінеді (тазартылады). Конденсат корпустың төменгі бөлімінде жиналып, түтікше арқылы шығарылып тасталынады.

Пленкалы вакуум-аппараттарда температураға шыдамсыз заттар мен  қою және өте қатты көбіктенетін ерітінділер буландырылады.

Буландырғыш аппараттардың  өнімділігі мен жұмыс істеу арқылы жылу бергіштік коэффициентіне, буландырғыш аппараттардағы сұйықтықтардың айналымына және де қабыршақтану, көбіктену, тамшылардың шашырауы сияқты құбылыстарға байланысты болады.

1. Қабыршақтану (инструкциясы). Кейбір сығындыларды қоюландырғанда заттардың коагуляциясы салдарынан қыздыру бетінде қабыршақтар пайда болады. Бұл қабыршақ жылу бергіштік коэффициентінің мәнін төмендетеді. Сөйтіп буландырғыш айналымын өте төмендетеді. Құбырлардағы қабыршақтарды механикалық немесе химиялық әдістермен әлсін-әлсін тазартып отырады.

2. Көбiктену. Кейбiр сығындылар, әcipece сапониндер, вакуумда буландырғанда өте қaтты көбiктенедi де, сұйықтықтың конденсаторға түсiп кету қаyпi туады. Baкуум-буландырғыш аппараттардағы көбiктенудi сұйықтыққa арнaлған кеңiстiктi үлкейту арқылы алдыналуға болады.

Tүтiктi аппараттарда сұйықтықтың  өте үлкен жылдамдық пен   айналуына жaғдай жасалынады да, көбiк соқтығысқан кезде жойылып  кетедi.

Көбiктенудi қолдана отырып, буландырғыш аппараттарда әртүрлi араластырғыштары бар аппараттaрды азайтyға болады. Араластырғыштар көбiкке толық  немесе жартылай батырылады. Кейде көбiктeнyдi азайту үшiн буландырғышқа ауа құбыры арқылы ауа жібереді.

3. Тамшылардың  шашырауы. Буландыру кезінде көбіктену салдарынан немесе будың өте үлкен жылдамдығы салдарынан сұйықтықтың тамшылары шашырап, сұйықтықтың көлемі азаюы мүмкін. Тамшылардың шашырауын төмендету үшін әртүрлі тамшы аулағыштар қолданылады. Бұл тамшы аулағыштар буландырғыш пен конденсатордың ортасына (арасына) орналасады. Тамшылардың шашырауын будың жылдамдығын төмендетіп, сұйықтықтың тамшыларының тамшылау жылдамдығын жоғарлатып азайтуға болады.

Буландырғыш аппараттың кез келген корпусындағы жылытушы будан  қайнап тұрған ерітіндіге жылудың берілуі  шығындармен жүреді.

Буландыру кезіндегі  температуралық шығындар әртүрлі себептерге байланысты болады:

1) ерітінді бетіндегі  еріткіш буларының шымырлығы  таза еріткіш буларының (судың)  шымырлығымен салыстырғында төмен  болуына;

2) аппарттағы сұйықтық  бағасының гидростатикалық қысымы  салдарынан ерітіндінің қайнау  температурасының көтерілуіне;

  1. корпустар арасындағы құбырлардағы гидравликалық кедергі салдарынан қосымша (екіншілік) будың температурасы төмендеуіне.

        1. Температуралық  депрессия – бұл ерітіндінің қайнау температурасымен қосымша (екіншілік) будың температурасы арасындағы айырмашылық.

Температуралық депрессияның мөлшері еріткіштің табиғатына, еріген заттың табиғатына, ерітіндінің концентрациясына және осы ерітінді қайнап тұрған қысымға  байланысты. Температуралық депрессия 5-8о С-қа дейін жетуі мүмкін.

Егер сұйықтықта қатты зат ерітілген болса, онда бірдей температурада осы ерітіндінің буларының қысымы таза еріткіштің (судың) буларының қысымынан төмен болады.

Epiгeн заттың аздаған  канцентрациясы болғaн жағдайда  улардың шымырлығының азаюы epiтiндiнiң  концентрациясына пропорциональды болады. Булардың шымырлығының төмендеуі салдарынан ерітінді, таза ерiткiшке қарағанда жоғары температурада қайнайды.

2. Гидростатикалық  дапрессия – сұйық бағанасының гидростатикалық қысымының көтерілуі салдарынан сұйықтықтың  қайнау температурасының жоғарылауына байланысты, ол 1-3о С-қа дейін жетуі мүмкін.

Булағыш (буландырғыш) аппаратта  сұйықтыққа түсетін қыcым жоғары және төмeнгі қабаттарда бiрдей болмайды. Демек аппараттың бүкiл биiктiгi бойындағы epiтiндiнiң қайнау температурасы да әртүрлi болады. Сұйықтықтың төменгі қабатындағы будың көбiкшелерi сұйықтықтың iшiне сұйықтықтың бағанасының қысымын баса (және) отырып, өтyi керек. Демек олардың қысымы, бет жағындағы қыcымнaн жоғары болуы қажет төменгі қабаттағы сұйықтықтың қайнау температурасының жоғары болуы осымен түсiндiрiледi.

3. Гидравликалық  депрессия - жылу құбырлар бойымен тасымалданғанда пайда болатын үйкелiс (қажалу) әcepiнeн қысымның азаю және температураның 1,5-2°C-қa төмeндeyiнe байлaнысты. Қосымша бу бiр корпустан екiншi корпусқа өткен кезде бiршама кедергiнi жеңiп өтyi керек. Бұл оның қысымының төмeндeyiн және де бу температурасының төмeндeyiн тудырады. Мұнда бу құбырындағы будың жылдамдығы неғұрлым үлкен болса және бу құбыры неғұрлым ұзын болса, температураның төмендеуi соғұрлым үлкен болады.

 

 

Иллюстрациялы материалдар            

Әдебиеттер 

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А. Ивановой –М., 1991г. 2-й том
  2. Муравьев И.А. “Технология лекарев”, М., 1980г. Том 1-2
  3. “Руководство к лабораторным занятиям по заводской механических лекарственных  форм” –Под   ред. Тенцовой А.И., М., 1986 г.
  4. Сагындықова  Б.А. “Дәрінің өндірістегі технологиясы”, 2 том., Шымкент: 2002

Бақылау сұрақтары:  

  1. Жылу өткізгіштік нені білдіреді?
  2. Фармацевтік өндірістердегі қолданылатын жылу алмастырғыштар?
  3. Фармацевтік өндірістердегі кептіру процесінің мәні?
  4. Кептірудің түрлері?
  5. Буландыру қолданылатын фарм. өндірісіндегі сатылар?

 

 


Информация о работе Жылу процестері. Жылу алмастырғыш аппараттар