Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:48, реферат

Описание работы

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.docx

— 28.18 Кб (Скачать)

       Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады. 

     Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

    Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның түрлерін тудыратын нақты факторларын құрайды. Жұмыссыздықтың мынандай түрлері болады: жасырын, технологиялық және т.б.Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайларда болады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

    Фрикциондық жұмыссыздық  - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.

    Маусымдық жұмыссыздық  - ауыл шаруашылығының кезендік ерекшеліктеріне байланысты оның әртүрлі салаларында, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін кәсіпорындарда қалыптасады.

    Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда мүмкін болады. 

     Технологиялық жүмыссыздық  - адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсіпорын өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

    Біздің елдегі жұмыссыздықты оның  - жасырын және құрылымдық түрлеріне жатқызуға болады.Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығының жоғары квалификациялылығы арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.

        Қандай өркениетті ел болмасын жұмыссыздық проблемасын ерекше әлеуметтік қауырттылық әкелетін жағдай есебінде түсінеді. Сондықтан әр ел бұл мәселені шешудің өзіндік жолын іздейді және оның тиімді шешу жолдарын тауып отырады. Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды,  өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік  - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес  орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарын бөлу арқылы шешіп отырды. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек формаларының шеңберінде ғана рұқсат етіледі.Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе  2-6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яғни салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.Бұл жағдайлар, қазірде нарықтық экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады және бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде.

      Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз  кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыспен босауын жеделдетуде.

       Біздің елдегі еңбек ресурстарының саны 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (17 млн адам) 55% құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 млн. адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81% экономикалық  мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарықтық еңбекпен қамту қатынастарының  қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.

    Нарық қатынастары дамыған көп елдерде жұмыссыз жүрген әр түрлі топтағы адамдарға, әсіресе жастарға арналған арнайы шаралар қолданылады. Азаматтардың өнімді жұмысқа қамтылуына жетуге жәрдемдесетін, ең алдымен, кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерінде әлеуметтік саясатын жетілдіру жөнінде жұмыс жалғастырылады.

     Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу саласында мынандай қадамдар жасалуы қажет:

  • Кадрларды, оның ішінде белгілі бір жұмыс орнына сұраныс болған жағдайда жұмыссыздарда шыққан кадрларды даярлаудың икемді әлеуметтік бағдарланған жүйесін жасау. Осыған байланысты азаматтардың кейіннен еңбекке орналасу мақсатында жаңа немесе бұрынғы кәсіптік білімдері мен дағдарларын тереңдету арқылы еңбек рыногындағы бәсеке қабілеттілігін арттыру басты бағыт болмақ.

 

  • Еңбек рыногындағы қажеттілікке сәйкес білім беру, кадрларды даярлау жүйесін одан әрі бағдарлау көзделіп отыр. Кадрларды тікелей жұмыс орнына қайта даярлау жүйесі жетілдірілетін болады;

 

  • Жұмыспен қамту қызметін қайта құрылымдау, халықты жұмыспен қамтылудың аймақтық және республикалық бағдарларын әзірлеу;

 

  • Қоғамдық жұмыстарды оларды ақы төлеу жүйесі мен қаржыландыру көзінің өзгеруін ескере отырып, ұйымдастыруды жетілдіру;

 

  • Иинвестициялық бағдарламаларды әзірлеген кезде қосымша жүмыс орындарын құрудың факторын ескеру;

 

  • Аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды шағын несиелендіру жүйесін жетілдіру және дамыту.

        Кез-келген жұмыссыздық ауыр экономикалық және әлеуметтік жанжал батыс ғалымдарының пікірлеріне сәйкес адам жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмысты ғана жоғалтпай, өз абройын жоғалтады. Сондықтан батыс ғалымдары жұмысты жоғалтуды жақын туманың қайтыс болуымен тең стресске жатқызады.


Информация о работе Жұмыссыздық