Жұмыссыздық себптері мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

Мемлекеттік социализм кезіндегі үгіттік әдебиетте, нарық және капитализм жұмыссыздықты тудырады деп, ал социализм – тұрақты жұмыспен қамтиды және тіпті жұмысшы күшінің дефицитін тудырады деп айтылған.

Мұндай пікірді ғылыми деп мақұлдауға болмайды, өйткені кез-келген жүйенің еңбек нарығы оның әр түрлі варианттары кезінде – сұранысы шектелу нарықтан (қарапайым пайдалы нарық) ресурстары шектелу нарыққа дейінгі (дефициттік типтегі советтік нарық)- бірдей уақытта жұмысшы күшінің артықшылығын (жұмыссыздықты) және жекеленген мамандықтары бойынша жұмысшы күшінің дефицитін береді.

Работа содержит 1 файл

жумыссыздык.docx

— 17.53 Кб (Скачать)

Жұмыссыздықтың себептері мен  түрлері

Мемлекеттік социализм кезіндегі  үгіттік  әдебиетте, нарық және капитализм жұмыссыздықты тудырады деп, ал социализм – тұрақты жұмыспен қамтиды және тіпті жұмысшы күшінің дефицитін тудырады деп айтылған.

 

      Мұндай  пікірді ғылыми деп мақұлдауға болмайды, өйткені кез-келген жүйенің еңбек  нарығы оның әр түрлі варианттары  кезінде – сұранысы шектелу нарықтан (қарапайым пайдалы нарық) ресурстары шектелу нарыққа дейінгі (дефициттік типтегі советтік нарық)- бірдей уақытта жұмысшы күшінің артықшылығын (жұмыссыздықты) және жекеленген мамандықтары бойынша жұмысшы күшінің дефицитін береді. Бірақ бұл экономикадағы жұмысшы күшінің дефициті мен жұмыссыздықтың тепе-теңдену нүктесі әр түрлі деңгейде тұр.

 

         Экономикалық теорияда еңбек  нарығындағы экономикалық тұрақсыздықтың  ақиқат бейнесін айтып бере  алатын екі көрсеткішті қолданады.  Бұл жұмыссыздық деңгейі және оның орташа ұзақтығы.

 

         Жұмыссыздық деңгейі өндірісте  жұмысқа қамтылғанның санына  арнайы тіркелген жұмыссыздардың  үлесі ретінде өлшенеді.

 

          Жұмыссыздықтың ұзақтылығы жұмыстағы  үзілістің орташа уақытын сипаттайды.

 

           Жұмыссыздықтың түрлері:

фрикционды;

құрылымды;

институционалды;

циклды;

ерікті.

 

      Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс  орнының, тұрғылықты жерінің ауысуына  байланысты кадрлардың тұрақсыздығын  білдіреді. Жұмысшы күші жиынтығының  арасында қандайда бір бөлігі жаңа жұмыс орнына ауыса отыра, әрдайым қозғалыста болады.Техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін енгізу кезеңінде жұмысшы күшінің мұндай қозғалысы неғұрлым үдемелі болады.

 

      Құрылымдық жұмыссыздық мәні  бойынша фрикциондық жұмыссыздықтың  асқынуы болып табылады.Ел ішінде глобальді құрылымдық қайта құрулар жүріп жатқанда, салалар арасындағы өзара байланыс өзгергенде, әрине, жұмысшы күшінің тұрақсыздығы күшейеді, өйткені жұмыс орнын салааралық үлестіруде жаңа пропорциялар жасалады.

 

         Институционалды жұмыссыздықты өнеркәсіп еңбек нарығының өзін ұйымдастыру жеткіліксіз тиімді кезінде туындайды. Былай болсын делік, бос жұмыс орны туралы ақпарат толық емес. Ақпарат жүйесінің жұмысы тәртіпке салынған кезде жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осы бағытта жұмыссыздық бойынша тым арттырылған жәрдем ақы немесе тым кемітілген табыс салығы жүреді. Бұл жағдайда жұмыссыздық ұзақтығы үдейеді. Өйткені жұмыс іздеу ынтасы басылады.

 

          Циклды жұмыссыздықты өнеркәсіптік дағдарыс және депрессия уақытындағы өндірістің құлдырауын тудырады.Жандандыру және дамуға өту кезінде жұмыссыздықтар әдетте аз болады.

 

        Ерікті жұмыссыздық.Кез-келген қоғамда  өздерінің психикалық құрылымы  бойынша немесе басқа себептерге  байланысты жұмыс істегісі келмейтін  адамдардың әлеуметтік тобы бар.

 

        Сонымен, жұмыссыздық нарықтық  экономиканың тән ерекшелігі  болып табылады. Сондықтан да  толық жұмыспен қамтылған қисынсыздығы  дамыған нарық шаруашылығының  идеясымен сыйыспайды.

 

      Көптеген  экономикалық мектепте жұмыссыздық  себептерін талдауын береді. Соның маңызды баян етілгендерін атап көрсетейік.

 

      Жұмыссыздықтың  алғашқы ұйымдарының бірі ағылшын экономисі Т. Мальтустың «Халық санының заңы туралы тәжірибе» (XVIII ғ аяғы )   еңбегінде берілген. Мальтус, жұмыссыздықты демографиялық себептер тудырады деп атап өткен. Соның нәтижесінде халық санының өсу темпі өндірістің өсу темпінен асып кетеді.

 

      Марксистік  әдебиетте Мальтус теориясын  «Тұрпайы» және жалған ретінде көрсетудің тұрақты дәстүрі қалыптасқан.

 

      Мальтус  теориясының марксистік сын бойынша мына бір жағдайда дұрыс деп есептеуге болады: ол туып көбеюшілігі аз

 

Жоғары  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың пайда болуы түсіндіріп бере алмады. Сондықтан, жұмыссыздықтың көзін экономикалық шаруашылық жүйенің өзінен іздеу  керек.

 

      К. Маркс , «Капитал» (XIX ғ екінші жартысы) еңбегінде жұмыссыздықты едәуір мұқият зерттеген. Ол, техникалық прогрес әсерінен бір адамға кететін өндіріс құралының массасымен құны өсетінін атап өткен. Бұл жағдайда марстің мынаған көзін жеткізді: экономикалық даму капитал жинағының темпіне еңбекке сұраныстың біршама артта қалатындығына әкеледі, міне, жұмыссыздықтың себебі осында. 

 

 


Информация о работе Жұмыссыздық себптері мен түрлері