«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:53, статья

Описание работы

Жұмыссыздық проблемасы тек қана Қазақстанда емес, сондай- ақ әлемнің көпшілік мемлекеттерінде орын алып отырған мәселе.
Бұл үлкен де күрделі мәселені шешуге көптеген әрекеттер жасалып жaтыр.Осы қатарда Елбасымыздың 2012 жылғы жолдауынан ақпарат келтіргім келіп отыр, себебі жұмыссыздық проблемасын елбасы , бірінші кезекте шешімін табу керек мәселеле ретінде белгіледі. Бұл бағытта:

Работа содержит 1 файл

материал.doc

— 44.00 Кб (Скачать)

 

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ

 

Жұмыссыздық проблемасы тек  қана Қазақстанда емес, сондай- ақ әлемнің  көпшілік мемлекеттерінде орын алып отырған мәселе.

Бұл үлкен де күрделі мәселені шешуге көптеген әрекеттер жасалып жaтыр.Осы қатарда Елбасымыздың 2012 жылғы жолдауынан ақпарат келтіргім келіп отыр, себебі жұмыссыздық проблемасын  елбасы , бірінші кезекте шешімін табу керек мәселеле ретінде белгіледі. Бұл бағытта:

Елбасы  тапсырмасы бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті.

Онда үш маңызды міндет қойылған.

Біріншіден, оқыту мен  жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.

Екіншіден, ауылдық жердегі  кәсіпкерлікті дамытуға септесу.

Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.

2011 жылы бұл Бағдарлама  қанатқақты режімде 60 мыңға жуық  адамның қатысуымен сынақтан  өтті.

Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.

Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.

Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен  қамтамасыз ету жөнінде болып  отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа  орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет деді Елбасы, өзінің 2012 жылғы Жолдауында.

Жалпы, жұмыссыздық  дегеніміз – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Оның бірнеше түрі болады:

Құрылымдық жұмыссыздық- егер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар. Жұмыстың бұл түрінің пайда болу себебі: техникалық прогресс себепші. Мысалы: банкомат, компьютер…. т/б.

Циклдік жұмыссыздық- егер өндіріс  қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.

Уақытша жұмыссыздық(фрикциондық)- егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.

Маусымдық жұмыссыздық- егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы  мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.

Осы тұрғыда, өткен жылдар статистика мәліметтеріне көз жүгіртсек, біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады.1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған жылдық желтоқсан айының өзінде-ақ 138 (адам) мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.

Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-технологиялық  процесс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс  күшін қажет ететін жаңа өндіріс  түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саларында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-технологиялық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізнен өндірістік емес  салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы, жоғары еңбек айқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтытуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90 пайыз, ал Батыс Еуропада 100 пайыз құрады.

Қазақстан Республикасының  “Халықты жұмыспен қамту туралы”  заңына сәйкес жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрын жұмыс орнындағы негізгі  жалақысының орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

  Жұмыссыздықтың болуына көптеген себептер бар. Солардың біріне жұмыс күші құрылымы  мен  бос  жұмыс  орындары  арасындағы  сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін  болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді. Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне  деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Құрылымдық ығысу ұдайы болгандықтан және жұ-мысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажетігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.

Құрылымдық  ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы  босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың  жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.

Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі деген де түсінік бар. Ол дегеніміз- жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Енді сол статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп өтсек:                    

             ҚРстатагенттігінің мәліметтерінше, Қазақстандағы жұмыссыздар саны сәуір айында 473 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2010 жылы сәуірде – 6%) болды, делінген статагенттік хабарында.

 Құжатта  көрсетілгендей, республика экономикасында 2011 жылғы сәуірде (бағалау бойынша) 8,2 млн. адам  жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны  102,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы сәуір айының соңына 62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2010ж. сәуірде – 1,0%).

2011 жылғы сәуірде бағалау  бойынша жасырын жұмыссыздық  деңгейі экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың 0,5%-ын құрады.

Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінде  жүзеге асырудың маңыздылығы жұмыссыздарға  материалдық жәрдемақы беруден  ешбір кем емес.

Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты-ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады: бірінші бөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады. Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. 

Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады-жұмыс  берушілер, жұмыскерлер және мемлекет.

Жұмыспен қамту қызметі  адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс  орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек.

2012 жылы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті.Онда елбасымыз жұмыссыздық туралы былай деген болатын: «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да толықтырулар енгізуді қажет етеді. Мен «Жастардың еңбек биржасы» бірегей веб-порталын құруды ұсынамын. Мен жастарды еңбекпен қамту мәселесі толғандыратынын білемін. 2012 жылы 161 мың жас қазақстандық орта мектептің 11 сыныбын бітірді. Олардың 43 мыңы кәсіптік колледждерге түссе, 93 мыңы жоғары оқу орындарына қабылданды. 28 мың адам техникалық және кәсіби білімсіз еңбек нарқына кіргенді жөн көріп, не колледжге, не университетке түскен жоқ. Бұл категорияға мамандық алу барған сайын қиындай түсетін болады. Мамандықсыз жақсы жұмыс пен еңбекақыға иек арту мүмкін емес.

Енді жастарды жұмыспен қамту туралы. Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық экономикалық белсенді тұрғындардың 3,8 пайызын ғана құрағанымен, яғни бұл көрсеткіш жоғары болмаса да, үстіміздегі жылы ЖОО бітірген 161 мың жас маманның 38 мыңы әзірше жұмысқа орналаса алған жоқ. Ал колледж бітірген 131 мың адамның 19 мыңы жұмысқа орналаспаған.

Италияда, Испанияда, Оңтүстік Африка Республикасында - әрбір екінші жас жұмыссыз, ал АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Канадада, Бразилияда, Түркияда - шамамен әрбір бесінші жаста жұмыс жоқ.

Қазақстанда жұмыссыздардың  көпшілігі жастар  және жастардың  көпшілігі жоғары  білімділер. Келешектің келбеті жастар деп ойлаймын. Сондықтан, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы дер кезінде ұсынылған маңызды әрі тиімді жұмыссыздықпен күресетін бірден-бір құрал ретіндегі бағдарлама.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/Жұмыссыздық

http://www.akorda.kz/kz/speeches/addresses_of_the_president_of_kazakhstan/poslanie_prezidenta_respubliki_kazahstan_na_nazarbaev

http://karmakshy.gov.kz/prezidentt_halya_zholdauy/


Информация о работе «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ