Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:19, реферат

Описание работы

Жиынтық сұраныс (AD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Makro.docx

— 24.24 Кб (Скачать)

                            Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Жиынтық сұраныс (AD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген  қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Біз жиынтық сұранысының  сандық ақша теориясының базасында  қарапайым теңдеуін құра аламыз.

                                                  MV =PY

Мұнда:

М - ақша ұсынысы

V - ақша айналымының жылдамдыгы (мұнда ол тұрақты) 

Р -  баға деңгсйі

Ү - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі  өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне  және өндірілген өнім санына тәуелді.

Сандық ақша теориясының  теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде  нақты көрсетілуі мүмкін.

М/Р=(М/Р)d = кҮ

Мұнда: к = 1/Ү

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы  М/Р = (М/Р)d сұранысқа тең және сұраныс  өндірілген өнім Ү санына пропорционалды екенін көрсетеді. Ақша ұсынысы тұрақты  болғанымен Р баға деңгейі мен  өндірілген өнім Ү саны арасындағы тәуелділік теріс.            

Р және Ү әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты  ақша ұсынысы тендеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс  қисығы деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығы төмен  оңга қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РҮ) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү арасындагы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы  және жалпы шығарылган тауарлар мен  қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.

Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің акшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар  мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан  сатып алынатын тауарлар мен қызметтер  саны азаяды.

Ақша нарығындағы сұраныс  пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын  мәмілелер саны да көбейеді, демек  М/Р нақты сипатында ақшаның  көп қоры қажет. Тұракты ақша ұсынысы  кезінде ақша қаражатының қоры нақты  күйінде ең төменгі баға деңгейі  қойылған жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне  ақша қаражатының көп қорлары  сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер  жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

                                 Жиынтық сұраныстың қисығы.

Р

 

 

Р1

 АD2

Р2

АD1

АD

Q1 Q2 ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз  факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс  көлемінің өзгеруіне әкеледі  және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз  факторлардың әсері жиынтық сұраныс  қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD - азаюы) жылжуына әкеледі.



 

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі. Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.

Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, ұсыныс қисығы  соның  негізінде,  өндірілген өнім, көлем, еңбек және классикалық теория бойынша тұрғызылады:

-  өнім өндіру көлемі  тек қана қолданылатын факторлар  санына, яғни капитал мен еңбекке   технологияға байланысты, ал бага  деңгейіне байланысты емес;

-  өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістері баяу болады;

-  экономикадағы    барлық    өндіріс    факторлары  қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлеуетті өнім көлеміне тең;

-  баға және атаулы  еңбекақы икемді және олардың  өзгеруі нарықтағы теңдікгі қамтамасыз  етіп отырады.

Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Соңдықтан көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызык болып табылады. Жиынттық сұраныс қисығыпың жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.

Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етіп, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда жиынтық сүраныс қисығы төмен қарай ығысады.

Жиынтық ұсыныстың тік  қисығы өңдірілген өнім санының жиынтық сұранысына тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихотомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.

Классикалық үлгі және жиынтық  ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауга ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және олар сұраныстың өзгеруінс бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс кисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды. Сондықтан барлық баға  бұрынғы деңгейінше қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардыц сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті  жұмысшыларды жалдайды.

Қысқа мерзімдік кезендс жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-тендік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшсрінің өзгеруі өнім шығару көлемінс әсер етеді.

Талдауымызды келесі түрде  қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік  кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік  кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.

Сөйтіп, жиынтық сүраныс  өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік  жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-тендік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да  көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек. Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сүраныс қисығы солға қарай жылжиды деп үйғарайық. Қысқа мерзімдік кезенде бүл (баға икемсіз болғанда) А нүктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жүмыспен қамтамасыз етілу өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін. үзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.

Ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жұмыспен толық қамтамасыз етілу өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірак бүл нүктеге бұрынғы ескі үзақ мерзімдік тепе-теңдік нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 Р АS

3

2

1

Q

 

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді:

қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық,

ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

2 – аралық мерзім

3 - классикалық сызық,  ұзақ мерзім.

 

 


Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  • Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
  • Нарықтық құрырылымы.
  • Өнімділік.
  • Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю  нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының  әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ақша,несие,банктер. Оқулық Алматы-2001ж. 186б.
  2. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
  3. Назарбаев Н.Ә., Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы
  4. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
  5. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б.
  6. Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б
  7. Күлекее Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.
  8. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы «Қаржы-қаражат» 1996ж
  9. Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: принципы, проблемы и политика М: Республика,1992
  10. Экономикалық теорияның негіздері оқулық  Алматы,2002
  11. Analytik №3 2006.
  12. Экономика и статистика №6 2005

Информация о работе Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс