Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:43, курсовая работа
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39
МАЗМҰНЫ
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ
ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны,
түрлері.......................
1.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық ахуал және жергілікті
жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................
1.3 Шетел инвестициясын тартудың
тиімділігі....................
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ
ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………................
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция
тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы
(Ақтөбе облысы аудандары мысалында)....................
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық
тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары…………………..............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Инвестициялар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Макродеңгейдегі инвестициялар – мемлекеттегі кеңейтілген қайта өндіру саясатын іске асыруға, өндіріс секторын құрылымдық қайта құруға және экономиканың барлық салаларының теңгерімді дамуына, инновацияларды енгізуге, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге негіз болып табылады. Микродеңгейдегі инвестициялар жергілікті жерлерде өндірісті кеңейту мен дамыту, оның техникалық деңгейін жоғарылату, негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуын төмендету, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, қоршаған ортаға экологиялық әсерді төмендету үшін қажет.
Қазақстан экономикасында жергілікті жерлерге инвестициялар тарту әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.[1]
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев “біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту” – деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады.
Кез-келген жергілікті жерлерде шаруашылық бастау үшін, өндірісті дамыту үшін, сондай-ақ сол жердің мәселелерін шешу үшін міндетті түрде қаражат керек. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерінің бірі- инвестицияның елімізді , ел ішіндегі жергілікті жерлерімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуда алатын рөлін анықтап, инвестицияларды тарту тиімділігін зерттеу менің осы тақырыптағы курстық жұмысты таңдауымның мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы деп айтылады. Экономикамыздың қарқынды дамуы жергілікті жерлердегі келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Сондықтан да жергілікті жерлерге инвестиция тарту қажеттілігі тақырыбымның өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмысымның міндеттеріне инвестиция тартудың теориялық негіздерін қарастыру және жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның
зерттеу объектісі Ақтөбе
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Иивестиция мәні, мазмұны, түрлері
Инвестициялар (латынша іnvestіre – киіндіру) деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі- инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады.
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың
әр түрлі бөліктеріндегі
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын
елде арзан шикізат пен
5. Саяси тұрақтылықтың
және қолайлы инвестициялық
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.[2]
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады.
Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады.
Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі