Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 10:38, реферат
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.
Егер шахта немесе рудник таусылмайтын емес болса, онда бұлардан келетін табыс қойманы пайдалану құқығының жартылай төлемі және жартылай рента болып табылады. Рентадай емес, осы минималдық төлем өнімнің әрбір бөлшегіне, оның шекті немесе шекті еместігіне қарамастан, жасалатын шығыстар құрамына тікелей жатады.
Жер иелері үйлер, ғимараттар, құрылыстар орнатуға арналған жер учаскелерінен арендалық төлем алады. Құрылыс учаскелерінен түсетін рентаның ерекшелігі сол, оның мөлшеріне, орналасқан орны жөніндегі дифференциалдық рента басым ықпал жасайды. Құрылыс жүргізуге дайындалған учаскенің жиынтық құны, осы учаскені барлық құрылыстардан тазартып, оны еркін нарықта сатқандағы құнға тең болады. Құрылыс учаскесінің жылдық құны ағымды процент ставкасы бойынша белгіленген, нарықтық баға қамтамасыз ететін, табыс болып есептеледі. Осының құны, орналасқан орын арқылы ренталық табыстан артық болады.
Экологиялық рентаның орны ерекше. Адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайлары бірдей болмайды. Табиғи сфераның сапасы, өмір сүру сферасының ластану дәрежесі, оны жайлы жақсыландыру, т.б. — осылар экологиялық рентаның пайда болу шарттары болып табылады. Олардың әр түрлі болып жіктелуі адамның өмір сүру жағдайларын ұдайы өндіруге жұмсалатын қаражаттар мөлшерінің бірдей болмауын белгілейді. Адамдардың әл-ауқаты тең болған жағдайда жақсы регион, аймақтарда өмір сүру дәрежесі елеулі жоғары болады. Табиғаттың (өмір сүру ортаның) сапасы төмендеген сайын, әл-ауқатқа жұмсалатын қаражаттардың құны, «тұтыну қоржынының» құны өсе түседі.
Экологиялық, рента жақсы табиғаттық және экономикалық жағдайларда (жақсы дамыған инфрақұрылым, жолдар жүйесі) орналасқан жердің арендалық төлемінің жоғары болуы арқылы белгіленеді. Осы рентаның ауыл шаруашылық рентамен оргақ қасиеттері өте мол болады.
Экологиялық
рента сәйкес келетін нарықтар арқылы жер учаскелерінің,
тұрғын үйдің, еңбек ресурстарының нарықтары
арқылы, яғни арендалық төлем (мұның ішінде
рента) осы территорияда өндірілетін тауарлар
немесе қызметтердің бағасына жатқызылады.
Сондықтан меншік иелері арендаторлар келісім
шартты жасағаннан
кейін учаскенің экологиялық сипаттарын
жақсартуға тырысады. Өйткені қоршаған
ортаның ластануы қозғалмайтын мүліктің
құнын төмендетеді. Сонымен, рента
дегеніміз жақсы экологиялық жағдайдағы
жерлерді пайдалану үшін жер иесіне төленетін баға болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Жер нарығы және жер
рентасы
І. Кіріспе
1) Еңбек нарығы туралы жалпы түсінік
2) Жалақының негізгі формалары
3) Капитал ұғымы
ІІ. Негізгі бөлім
1) Жер рентасы туралы жалпы түсінік
2) Дифференциалдық рента
3) Квазирента
ІІІ. Қорытынды бөлім
1) Рентаның басқа
түрлері туралы жалпы
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1) «Экономикалық теория» С.С. Мәуленова; С.Қ. Бекжолдин; Е.Қ. Құдайбергенов
2) «Экономикалық
теория негіздері» Осипова.