Капитал нарығы
1. Капита.л туралы
түсінік.
2. Капитал нарығы
және оның құралдары.
3. Несиенің экономикалық
мәні, қажеттілігі, түрлері және
қызметтері.
4. Құнды қағаздар
құрылымы.
5. Ақша мен облигациялардың
мәні мен маңызы.
Капитал нарығы
дегеніміз не және оның құралдары
қандай?
Капитал нарығы
орташа және ұзақ мерзімді
қорлардың (ақша, бағалы қағаздар)
қозғалысын жүзеге асырады. Капитал
нарығының ақша нарығынан айырмашылығы
мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру
үшін капитал нарығының негізгі
құралдарына тоқталайық
1. Корпорациялардың
акциялары – бұл бірнеше жеке
тұлға мен заңды тұлғалардың
ақша қаражаттарын жинастыра
отырып акциялық қоғам ашып, сол
қоғамға иелік ету. өз үлесін
қосқан акционар түскен табыстан
өз үлесін алуға және акционерлік
қоғамды басқаруға, шешім қабылдауға
құқылы болады.
2. Корпарациялық
облигациялар – бұл корпарацияның,
акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі
міндеттемелерін растайтын құнды
қағаздардың бір түрі.
3. Мемлекеттің ұзақ
мерзімді құнды қағаздары –
бұл мемлекет тарапынан шығын
әртүрлі құнды қағаздаар. Ол
мемлекеттің қарыздарын облигацияла,
векселдер сияқты құнды қағаздар.
4. Жергілікті әкімшіліктердің
құнды қағаздары – бұл обылыс,
ауданн, район бойынша жергіліктімекелердің
республиа және заңды тұлғалар
арасындағы жүретін құнды қағаздар.
5. Банктердің коммерциялық
несиелері – бұл екінші деңгей
банктер арасында жүзеге асырылады.
Яғни коммерциялық банктер жеке
және заңды тұлғаларға ұзақ
және орта мерзімді аралығындағы
әртүрлі несиелермен қамтамасыз
етудә айтамыз.
6. Ұзақ мерзімді
тұрғын ұй несиесі – бұл
жағдайда түсіндіру үшін жеке
тұлғаларды немесе жаңа үйлермен
жанұялар үшін ұзақ мерзімді
несиелермен қамтамасыз ету. Яғни
бұл несие 20-25 жылға дейін беріледі.
Дұған мысал ретінде ҚР ипатека
және ипатка лайт несиелері
көрсетілген.
7. Ұзақ мерзімді
несие және тұтыну несиелері
– несинің бұл түрін тұтынушылар
өз қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында немесе өндіріс процестері
банкрод болған жағдайда өз
ісін ары қарай жалғастыру
үшін осы ұзақ мерзімді несиелерді
пайдаланылады.
Несиенің экономикалық
мәні және қажеттілігі неде?
Несиенің эконмикалық
катигория ретінде қарыз мәмілесі
негізінде көрінетін және дамитын
өндірістік қатынас арқылы анықтау
керек. Қарыз мәмілесі несиені
экономикалық катигория ретінде
өз бетінше сипаттайды, оны осы
мәміле негізінде пайда болатын
өндірістік қатынастар немесе
жүзеге асыру формасы – қарыз
мәмілесі болып табылатын өндірістік
қатынастар сипаттайды. Қарыз мәілесі
тауар шаруашылығының әртүрлі
сатылатына тән. Экономикалық
тарихи дамуына бұл мәліметтер жиілейді,
ұлғаяды жетілдіреді және жалпылама мәнге
заңды және жеке тұлғалардың арасындағы
келісім шарт.Адамзаттың өз өрісінде несие
ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан
тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің
шаруашылық саласында қаржы қаражатқа
деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты
қанағаттандыра алады. Ал қаржы алушы
өзінің ақша қорын несие алу есебінен
молайта отырып, өндірістік мақсаттарын
түдейгейлі шеше алады. Жеке адамзаттар,
кәсіпорындарда, ірі бірлестіктерде, мемлекеттің
өзі де несие қызыметін пайдалануға құқығы
бар. Қазіргі заманда несие экономиканың
тірегі, экономикалық дамудың бір тұтқасы
ретінде танылып отырады. ҚР несие алу
арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар
аша отырып пайда табуға арта түседі. Осы
тұрғыдан алғанды алғанда да несие экономикалық
қажеттіліктен туынған құбылыс әрі аса
тиімді қоры болып отыр.
Несие түрлері
қалай жіктеледі?
Несие экономикалық
категория ретінде формаларға
ие. Форма әр уақытта қандай
да бір объектіге тән тұрақты,
қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиелердің мынандай
формалары бар:
1. Коммерциялық несие
– бұл жеткізушінің сатып алушыға
ұсынған тауары үшін төлемді
қайта қалдыру.
2. Банктік несие
– бұл банктердің, арнайы қаржылық
мекемелерінің қарыз алушыға
арнайы ақшалай қарыз түрінде
беретін несиесі.
3. Тұтыну несиесі
– бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын
сатып алу және тұрмыстық қызметтерді
төлеу үшін коммерциялық және
банктік формада берілетін несие.
4. Ипотекалық несие
– жылжымайтын мүліктерді, жерді,
тұрғын үй және өндірістік
ғимараттарды кепілдікке ала
отырып, берілетін несие.
5. Мемлекеттік несие
– азаматтарға және заңды тұлғаларға
қатысты қарыз алушы немесе
несие беруші ретінде мемлекетке
болатын несиелік қатынастар
жиынтығы.
6. Халықаралық несие
– валюталық және тауарлық
ресурстарды қайтарымдылық және
пайыздар төлеу шартымен беру
бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар саласындағы
қарыз капиатлының несиенің қозғалыс
формасы.
Несиенің қызметтері
қандай?
Несиенің экономикадағы
орны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтері мен сипатталады. Жалпы
несие экономикалық категория
ретінде төмендегідей қызметтерді
басқарады.
1) Қайта бөлу қызметі
– кез келген елде ұлттық
экономиканың толыққанды жұмыс
жасауына өз үлесін қосады. Бұл
қызмет арқылы экономикалық жүйенің
бір саласынан екінші бір саласынан
екінші бір саласына капитал
ағымы болады.
2) Несиенің айналыс
шығынның үнемдеу қызметінің
іс жүзінде асуы несиенің экономикалық
мәнінен туындайды. Шаруашылық
субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың
түсуі мен жұмсалуы арасындағы
уақытшы болатын аймақтық кей
жағдайда қаржылай ресурстарды
деген қажеттілікті туындатады.
3) Айналыстағы нақты
ақшалардың орнын алмастыру қызметі
несиелік ақшалар: чектер, вексельдер,
несиелік карточкалар арқылы
жүзеге асады.
4) Капитал шоғырлануын
жеделдету қызметі өндірістің
ауқымын кеңейтуге, пайда алуға
мүмкіндік береді.
5) ҒТП жеделдету
қызметі ғылыммен айналысатын
ұйымдардың қызметін қаржыландырумен
сипатталады.
Несие қатынастары
қалай қалыптасады ?
Адамзаттың өз
өрісінде несие ақшадан соң
өмір шындығына қосқан, асқан
тамаша жаңалығы ретінде бағаланады.
Несиенің шаруашылық саласында
қаржы-қаражатқа деген тапшылықты
жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай
қанағаттандыруда ерекше маңызы
бар. Қарыз беруші өзінің басы
артық ақша қоры есебінен басқа
бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра
алады. Ал қарыз қаржы алушы
өзінің ақша қорын несие алу
есебінен молайта отырып, өндірістік
мақсаттарын түбегейлі шеше алады.
Жеке азаматтар да, кәсіпорындар
да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің
өзі де несие қызметін пайдалануға
құқығы бар.
Қазіргі заманда
несие экономиканың тірегі, экономикалық
дамудың басты бір тұтқасы
ретінде танылып отыр. Әдетте, несиенің
өріс алуын өнім өндіру саласынан
қарастырмай, тауар айырмасымен
шұғылданушылар қызметімен анықтау
керек. Өйткені тауар айырбасы
оның бір қолдан екінші қолға
өтуін бейнелейді. Сондықтан бұл
құн қозғалысы болумен қатар
несие қозғалысының өзегі болып
саналады. Сонан несие қатнастары
қаржы-қаражат айналысына қарай
қалыптасады. Мәселенки, құн түрінде
көрініс табатын еңбек құралдары
мен шикізаттар кәсіпорындарында
ақша, өндіріс, тауар тұрғысында
болуы мүмкін. Бірақ бұлардың
әр қайсысының игілікке жаратылуы
түрліше.
Өйткені еңбек
құралдары өндірісте ұзақ мерзім
бойы пайдаланылады, олардың құны
шығарылатын тауар құнына біртіндеп,
бөлік-бөлік қосылады. Осындай жолмен
негізгі капиталдың құны қайта
қалпына келтіріледі. Бұл қор
өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға,
одан артылған, кәсіпорынның өз
есеп шотында қалған ақша қаражаты
басқа қажеттілікті өтеуге мүмкіндік
береді. Несие алушы жеке азаматтар
да, кәсіпорындар да өзінің кезек
күттірмейтін шаруасын жедел
шешу мақсатында несие мүмкіндігіне
жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа
көшкен Қазақстан жағдайында
да несие алу арқылы жеке
меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру,
тігін, тағы басқа орындар ашып,
пайда табушылар қатары арта
түсуде. Осы тұрғыдан алғанда
да несие экономикалық қажеттіліктен
туындаған құбылыс әрі экономиканың
қайсы саласында да, меншік түрінің
қайсы түрінде де болсын аса
тиімді қаражат қоры болып
отыр.
Ақша түріндегі
капиталдар нарығында ұзақ мерзімдік
құрылыс несиелері, банктердің
коммерциялық займдары, тұтушынылық
займдар, фермерлік және сауда
займдары айналымда болады.
Құнды қағаздардың
маңызы неде ?
Құнды қағаздардың
мәні мен мазмұнын құнды қағаздар
нарығының қызмет атқару механизмінен
шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде,
құнды қағаздар нарығының мәні
мен мазмұны, экономикадағы орны
жалпы қаржы-қаражат жүйесінен
анықталады. Құнды қағаздар нарығы
қаржы-қаражат (капитал) нарығының
қүрамдас бөлігі болып, ұзақ
мерзімдік қарыздар айналымына
жатады (қайтарым мерзімі бір
жылдан артық)
Құнды қағаздар
дегеніміз – мемлекет немесе
корпорациялар шығаратын коммерциялық
ақшалай құжат. Құнды қағаздар,
біріншіден, капиталдың нендей бір
түріне деген меншіктік иелік
құқығын куәландырады, екіншіден,
құнды қағаздар арқылы оның
иелері келтіреді.
Құнды қағаздар
тұңғыш рет сауда және өсімқорлық
саладағы алыс-беріс қызметіне
байланысты өмірге келген. Алғаш
құнды қағаздар вексель, коносамент
түрінде пайда болды. Кейін
мемлекеттік эмиссиялық қызмет
пен акционерлік қоғамдар өріс
алуына қарай құнды қығаздар
жөніндегі қажеттілік құлаш жайды.
Сөйтіп, капиталды құнды қағаздарға
инвестицияландыру ХІХ ғасырдың
орта шенінде кеңінен тарала
бастады. Өйткені ақша қаражаттарын
құнды қағаздарға айналдыру мақсаты
– көбірек кіріс-пайда табу, капиталдың
тұрақтығын сақтау, капиталдың өсімін
күшейту еді.
Жалпы құнды
қағаздар екі топқа бөлінген.
Олар негізгі және туынды деп
аталады. Негізгі топқа жататын
құнды қағаздар – акциялар, облигациялар,
вексельдер, мемлекеттік қазналық
міндеттемелер. Ал туынды деп
аталатын құнды қағаздарға –
ең алдымен опциондар, фьючерстер
жатады.
Сонымен бірге,
құнды қағаздар нарықтық және
нарықтық емес деген топтарға
бөлінеді. Нарыққа қатысты құнды
қағаздарды айналысқа қатыстырылатын
құнды қағаздар тобы құрайды.
Ал нарықтық емес құнды қағаздар
тобын әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың
дамуы жағдайында өиірге келген
әрі өзіндік ерекшелігі бар
қағаздардан тұрады. Ондай қағаздар
қатарында сақтық облигациялар,
зейнеткерлік қорлардың облигациялары,
депозиттік облигациялар бар.
Бұл қағаздар өз иелеріне капиталға
деген иелік құқығын қамтамасыз
етеді.
Нарыққа қатыса
алатын құнды қағаздар сауда-саттық
айналысына қатыса алады. Дәлірек
айтқанда, оларды сатуға, сатып алуға,
иелік құқығын ауыстыруға болады.
Қорыта келгенде,
құнды қағаздар өз иеленушісіне
кіріс әкеледі, капиталды сақтау,
капитал өсімін қамтамасыз ету
еді, қаржыға деген тапшылықты
азайту ретіндегі әрекеті арқылы
экономикалық даму процесінде
елеулі рөл атқарады.
Акцияның мәні
және оның түрлері қандай ?
Акция – акционерлік
қоғам шығаратын құнды қағаздардың
бір түрі. Акция – акционерлік
қоғамның немесе кәсіпорынның
өндірістік дамуы мақсатында
көздеген, оған өзінің өз қаржысы
есебінен үлес қосқанын куәландыратын
құнды қағаз. Акционерлік қоғамға
немесе кәсіпорынға қаржы қосқан
жеке тұлға сол ұйымдардың
пайдасы есебінен өзі қосқан
қаржысы үшін дивиденд түрінде
кіріс алуына құқылы екенін
акция куәландырады. Сол сияқты
акция қоғамның, кәсіпорынның акционер
алдындағы қарыздарлық міндетін
де айқындайды.
Акцияның иесі
аталған және ұсынушыға арналған
деген түрлері бар. Иесі атап
көрсетілген акцияға оны алушының
тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады.
Мұндай акция басқа біреуге
берілмейді, егер бұл талаптар
көрсетілмесе акция, өз күшін
жойған деп саналады. Ондай акцияға
пайдадан үлес берілмейді.
Ұсынушыға арналған
акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді.
Өйткені ондай акциялардың иесі
кім екені белгісіз болады. Оларды
иелену заңдық негізде ғана
жүзеге асырылады.