Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 16:20, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)

Содержание

КІРІСПЕ

Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2.Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде

ΙΙ-Тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі
2.1.Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері
2.2. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден олардың бюджет кірістерін атқаратын рөлі түсетш салықтык түсшдер және құрудағы

ΙΙΙ-Тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Дип.-кәсіпкерлік-қызметтің-даму-проблемалары-мен-оларды-мемлекеттік-қолдауы.doc

— 463.50 Кб (Скачать)

           Барынша көп табыс келтіру  – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы  факторы. Көп жағдайларда тек  осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.

        Кәсіпкерлікке тән тағы бір  сипат шаруашылық жүргізудегі  тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде  алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап  білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды  пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері  көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,

        Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін  болатын және  шын нәтижелердің  ара қатынасы жатады. Егер өндірілген  тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды  қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.

         Өндіріс факторларын конбинациялауды  тұрақты бақылау кәсіпкерді өне  бойы ауыр жағдайда ұстайды,  ал мұндай психологиялық жай  өндірістің басқа мүшелерінде  тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын анықтау, өндірісті  ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді.  Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын анықтайды .

        Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну  үшін оны меншік қатынастарын  жүзеге асырудың бір түрі деп  қарау керек.   Кәсіпкер меншік  иесі ме?  Бұл сұраққа жауап  беру үшін меншік иесінің қызметін  шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын  меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс  күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

    Демек, кәсіпкер  мен меншік иесі арасында айтарлықтай  байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің  шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау  (адамдық келбеті), мүіктерді қолдану  жөнінде өз еркі, жауапкершілігі  мен шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.

     Кәсіпкерлік  дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген  болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет  нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының  сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын  жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің «артығын» қиып түсетіндігінен әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.

     Нарықтық  экономика үшін күрделі «ауруға» бірден қарсы тұра алмайды- монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет ретеудің формалау, 80-жылдардағы  консерваторлардың күшті «дәрілері» қажет болды.

     Қазіргі  нарықтық шаруашылық  монополияға,  инфляцияға қарсы, шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан  тоқтататын саясатсыз мүмкін  емес. Мемлекеттің нарықтық эконоикаға  раласуының басты белгілері осындай.  Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге  жеткілікті.

    Егер  мемлекет  ақшаны нарықтық экономикаға  жібергеннен артық шығарса, онда  ол қандай да ізгілікті мұраттарды  басшылыққа алса да, рыноктық процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.

      Ерте  ме кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің белсенді араласуынан  шыйғуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру  жүйесі кемінде 4 шаруашылықты  басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.

      Бұл  жағдайда  жекешелендірудің теориялық  анықтамасын берудің маңыз зор.  Жекешелендіру-объектілерді белгілі  қызмет түрлерін мемлекет қолынан  алып жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін «жаулап алу», немесе жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді.

      70-80 жылдарда  жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай 1979 жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді Ол шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, «БритишСтиль» мемлекеттік бола отырып жылына 1млн. Стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

      Біздің  жағдайымызда жекешелендірудің  ерекшелігі меншіктің мемлекет  қолында жоғары шоғырландыру  мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады  мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді  жүргізудің қосымша шаралар мен  де байланысты.

    Национализациялануға қарағанда  жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.

   Ал тағы да  кемінде екі сатыдан тұру керек:  Меншік иесінің құқығын нақтыжүзеге асырудың шын жағдайларын жасау(саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұымстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның мемлекетке жүргізу мүмйкін, бірақ фодан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар мен әрекет етушілерге баланысты және олардан басқа объективті фактілерге де қатысты болады.

   Жекешелендірудің  түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын;  халықты жекешелендіруге құызықтыру жағдайларын жасау,оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек.

  Ешбір елде жекешелендірудің  ойдағыдай керемет тәсілі жоқ.  Әрбір елдің тәжірибесі оң  және теріс жақтарын көрстееді.  Көптеген жағдайларда бұл процесс  сол елде қалыптасқан нақты  тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен, дамыған қаржы мен банк жү.йесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен, халықтың психологиясына байланысты.

   Жекешелендеруді  кең шеңберде тиімді және кезеңдер  мен өткізу үшін жоғарыдағы  аталған шарттарды орындау әсіресе  көптеген инвесторларды тауып,  саяси және әлеуметтік келісім  және мемлекет тарапынан тұрақты  ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция мафия мен күрес).

   Әр түрлі елдердің  тәжірибесі көрсеткендей жоғарыда  аталған шарттардың тек біреуін  ғана елемеу жекешелендірудің  нәтижесін және қарқынын төмендетеді.  Бұл процесті асығып және қалай  болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке әкеледі.

      Мысалы: Қазақстан Республикасында да  жекешелендіру процесінде де  қиын жолмен жүріп келеді. 1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру  мен мемлекеттік иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд сомаға жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында 767 000 адам іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12 ө алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар айналымының небәрі 4ө ған келеді. Ал олардың жалпы санының 40ө жекешелендірілген елді бұл процесті жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай асығыстық, мүлікті талан-таражға салу басым болды.

   Республикада  мемлекет иелігінен алу мен  жекешелендірудің 2 кезеңі де осы  және тағы басқа кемшіліктер  қайталанбас үшін біраз өзгерістер  енгізілді.  Ең бастысы бұған  бүкіл халықты кеңінен қатыстыру,  жариялықты күшейту, үкімет пен  мемлекет тарапынан  бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық қорлар құрыап, жекешелендіруден түскен қаржының 10-15ө халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.

  Жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:

   Бірінші  бағыт-шығын салаларды қамтиды. Онда 200  адамға жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне берледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда істейтін адамдарды қамтиды.

   Екінші бағыт- жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді, мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.

    Үшінші  бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады. Үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да өткізіледі.

   1992 жылдың орта  кезеңінде Қазақстан Ресбуликасының 35 акционерлік қоғамы 76 салааралық  қоғамдастық, 30 концерндермен концорциум, 120 коммерциялық банктер  60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды 2аудиторлық орталық, 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 200 түрлі банктер бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388 кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39 шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы құрылды.

  Сонымен жекешелндіру  нарықтық экономикаға өтудің  алғышарттарын жасай отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды,  саудада да, қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан Республикасында  орта және шағын кәсіпкерлік            субъектілерінің даму тенденциялары.

 

   Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес күтілген нәтиже: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15ө дейін, ал субъектілердің жалпы саны 500 мыңға дейін, шағын бизнес  саласында жұмыспен қамтылғандардың 2млн адамға дейін артуы керек болатын. Табиғи монополияларды реттеу бәсекекелестікті  қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша 2002 жылдың соңында елімізде 372 мыңнан астам шағын  кәсіпкерлік субъектілері қызмет жасап, онда 1,4 млн адам еңбек еткен. Бұл республикадағы еңбекпен айналасындағылар 23 ө  2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы республика бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 12 ө онда жұмыспен қамтылғандардың саны 13ө артқан.

Информация о работе Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары