Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:08, реферат
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Кіріспе
1. Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
2. Сақтандыру нарығының түрлері
3. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
заңи және жеке тұлғалар.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сактандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:
есептеу объектісінен 2 пайыз;
есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).
Қазіргі кезде Қазақстанның
сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы
құрылған. Ассоциацияның негізгі міндетте
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2006 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 120,2 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2006 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 34 сақтық үйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 – шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлердің, 30 актуарийлердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудитордың сақтық қызметінің аудитын жүзеге асыруға лицензиялары бар.
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте қажетті көрсеткіш болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Мемлекеттік
сақтандыруға мемлекеттік
Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер
1. С. Құлпыбаев, Қаржы: оқулық. – Алматы: 2007.-489-504 беттер.
2. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика.- Алматы: 2003.
3. Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
4. Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Экономика: оқулық. – Алматы: 2003.
5. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000.
6. С.Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словарь», 1990.
7. www.fond.kz
8. www.kase.kz