Жалпы ұлттық өнім

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2012 в 22:30, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу пәні - экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.

Содержание

Кіріспе
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері
3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жалпы ұлттық өнім.doc

— 596.50 Кб (Скачать)

   

   Сурет 3. Ұлттық шоттардың жалпы сызбасы 

   ЖҰӨ жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін де сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші - бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректерді шығын құрауыштары және табыс көрсеткіштері деп екі топқа бөлуге болады.

   Экономистердің  көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс  тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің  сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар 4 топқа бөлінеді:

   1) Тұтыну (С)

   2) Инвестициялар (І)

   3) Мемлекеттік сатып алу (G)

   4) Таза экспорт (NX)

   Сонымен ЖҰӨ-ді «Ү» символымен өрнектеп, мына өрнекті аламыз:

               Y = C + I + G + NX                                                  (1)

   ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл теңдік өрнек болуы - осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен теңдік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.

   Тұтыну - бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай  топтарға бөлінеді:

   1) қысқа мерзімді қолданылатын  тауарлар;

   2) ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар;

   3) көрсетілген қызмет.

   Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа  уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.

   Ұзақ  мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады [23].

   Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет және т.б. жатады.

   Инвестиция  мынадай топтарға бөлінеді:

   1) Өндірістік капиталды салу (немесе  негізгі өндірістік фактор инвестициясы  жатады);

   2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

   3) Қор инвестициясы.

   Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

   Тұрғын  ұй-құрылыс инвестициясы - бұл тұратын  жаңа үйлер мен жалға беретін  үйлерді салудағы шығындар.

   Инвестиция қоры - бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады).

   Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады.

   Таза  экспорт тауарлар мен көрсетілген  қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ ішкі шығындар жиынтығына тең болады:

                                       С + І + G                                              (2)

   Бірақ, егерде экспорт импорттан көп  болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда ЖҰӨ ішкі шығын көлемін жоғарлатады. Сол сияқты, егерде импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады [5].

   Ұлттық  есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының  көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін  басқа да табыс көрсеткіштері  қолданылады. Тәжірибе жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. Дегенмен, көрсеткіштердің айырмашылығын білу шарт. Әр түрлі табыс көрсеткіштерінің байланысын нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-нен әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастыру керек. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз:

   ТҰӨ = ЖҰӨ - капиталдың негізгі  тозу құны немесе амортизация

   Ұлттық  есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.

   Дегенмен, капиталдың негізгі тозу құны - бұл  өндіріске кеткен шығындар, сонда  ЖҰӨ-нің осы құннан айырмасы экономикалық қызметтің таза нәтижесін сипаттайды. Осы себептен, көптеген экономистардың айтуынша, таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші ЖҰӨ-ге қарағанда экономика жағдайын жақсы сипаттайды. Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмадағы жанам салық сомасына жүргізіледі, мысалы, сату салығы. Осындай салықтар таза ұлттық өнімнің 10%-ына дейін құрайды және тұтынушының тауарға бөлетін бағасы мен фирманың сату бағасының арасындағы айырмашылықты фирма алмағандықтан, ол табыстың бір бөлігі болып табылмайды. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, ұлттық табыс атты көрсеткішті аламыз.

           ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар                                               (3)

   немесе 

   ҰТ = бір жылдағы барлық табыстардың сомасы = жалақы +                  

                     пайда+капиталға пайыз+ жер рентасы                                      (4) 

   Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы бес санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:

   1) Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын  жалақысы мен сыйлығы.

   2) Жеке меншік табыстар (70%). Мысалы, кішігірім дүкендер, фермалар және  т.б.

   3) Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын  мүлік иелерінің алатын пайдасы,  оған қоса өздері өзіне «төлемейді»  деп есептелінген жалдау ақысыжатады.

   4) Корпорация пайдасы (11%). Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.

   5) Таза пайыз (7%). Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең. Осындай түзетулердің көмегімен ұлттық табыстан жеке табысқа өтуге болады, яғни үй шаруашылығы мен корпоративті емес кәсіпорындар алатын табыс. Осылардың ішінде 3 ең керекті түзетулер бар:

   Біріншіден, өзінің пайдалануына қалдыратын немес мемлекет салығын төлемеуге бағыттайтын корпорация пайдасын ұлттық табыстан алып тастау керек, бұл үшін ұлттық табыс көлемінен корпорация пайдасын алып тастайды және дивидендтер сомасын қосады.

   Екіншіден,ұлттық табыс көлеміне трансферттік төлемдердің таза сомасын қосу қажет, ол жеке азаматтарға төленген трансфертті төлемдердің әлеуметтік сақтандыру үшін мемлекетке аударған салымнан алып тастаған сомасына тең [8].

   Үшіншіден, кәсіпорындардың пайыздық төлемдерінің орнына үй шаруашылығының пайыздық түсімдерін енгізу керек, бұл түзету пайыз түрінде алынған жеке табыстың қосылғанынан және таза пайыз көлемін шегеріп тастау жолымен жүзеге асады. Жеке табыс мынаған тең: 

   

табыстар+трансферттік төлемдер

  • корпорация пайдасы
  • әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар
  • таза пайыз

   +  дивидендтер

   +  мемлекеттен халыққа берілетін  трансфертті төлемдер

   +  жеке табыс (пайыз түрінде алынған) [22].

   Жеке  табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастасақ, қолда бар табыс көлемі шығады (мәселен, қоғамдық көлік үшін төлем). Қолда бар табыс = жеке табыстар - жеке салықтық және салықтық емес төлемдер.

   Жеке  табыс - бұл үй шаруашылығы иелігінде  және мемлекеттік салық міндеттерін  орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

   Көбінесе  баға деңгейінің көрстекіші ретінде  тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қолданылады. Тұтыну бағасының индексі есебімен статистика агенттілігі шұғылданады. Ең алдымен тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің бағасы туралы жинақ жүргізіледі. Жалпы ұлттық өнім бір көрстекіш ретінде көптеген өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасын көрсетеді, сол сияқты тұтыну бағасының индексі де көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетеді. Бұл - жалпы баға деңгейінің көрстекіші [9].

   ТБИ - маңызды көрстекіш, бірақ ол баға қозғалысының жалғыз көрстекіші болып  табылмайды. Басқа көрсеткіш - бұл  тұтынушылар емес, фирмалар тұтынатын  қарапайым тауар жиынының көтерме  бағасын көрсететін индексі болып табылады. Осы жалпы баға индексімен қатар статистика агенттілігі жеке топ тауарларының индексін есептейді, мәселен азық-түлік, энергия, тұратын жер.

   Жалпы ұлттық өнім дефляторы - ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлеміне емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды.

   Жалпы ұлттық өнім дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейі туралы экономикада әр түрлі  ақпарат береді. Осы екі көрсеткіш  арасында үш негізгі айырмашылық  бар:

  1. Жалпы ұлттық өнім дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ал тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді, сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы ұлттық өнімін алуға болады.
  2. Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауарлар жалпы ұлттық өнімде есептелмейді және жалпы ұлттық өнім дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ-та сатылатын тайота құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, оны америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ жалпы ұлттық өнім дефляторында көрсетілмейді.
  3. Бағаның әр түрлі болуында. Тұтыну бағасының индексін есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал жалпы ұлттық өнім дефляторын есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ, тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни жалпы ұлттық өнім құрамының өзгерісіне байланысты болады.   

                                     ЖҰӨ  дефляторы                                 (5) 

   Мұнда ЖҰӨ дефляторы да тұтыну бағысының индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарлардың бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. Уақытқа байланысты жиындар құрамы өзгере ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып, екі көрсеткіштің айырмашылығын білуге болады. Тұтыну бағасының индексінде өзгермейтін тұтыну қоржыны (базисті жылдағы салмақ), ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қоржыны (тауар түрінде оған кіретін нақты салмақтар)  қолданылады. 

   ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексінің тәжірибеде айырмашылығы көп емес, яғни тұтыну бағасы индексінің қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.

   Қарағанды облысында  шағын кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту бағдарламасын  іске асыру кәсіпкерлік ортасының  анық өскенін көрсетті. 2006 жылы 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6322 бірлікке өсті (51062 бірліктен 57384 бірлікке дейін). Өндірілген өнімдер көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 20,9 млрд. теңгеге, бюджетке төлем – 1,5 млрд. теңгеге өсті.

   Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары  орындалған, оны іске асыруға қарастырылған  бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер  бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.

   Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге,  2007 жылы – 8,4 млн. теңге  бөлінді.

   «Кәсіпкерлік  қызметтерін қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру барысында:

   2006 жылы  2007-2009 жылдарға арналған  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың жаңа Бағдарламасын  әзірлеу бойынша ұсыныстар мен  нәтижелер шынайылығын қамтамасыз  ету мақсатында облыстық бюджет  қаражатынан  шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге  бөлінді.

   Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа  – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар  өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді [24].

Информация о работе Жалпы ұлттық өнім