Жаһандық
мәселелер
Жаһандану,
ғаламдану, әлемдік
ауқымдану, глобализация (ағылш.
Global — әлемдік, дүниежүзілік,
жалпы) — жаңа жалпыәлемдік
саяси, экономикалық,
мәдени және ақпараттық
тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми
айналымға алғаш рет
енгізген (1983 жылы) америкалық
экономист Т.Левита.
Жаһанданудың
негізгі құрамдас бөліктері бар:
- 1) “менталдық”
немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің,
діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың
“ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі
таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық
діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм,
индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.
- 2) экономикалық
жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың
жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының,
тауарлардың және қызмет көрсетулердің)
және экономикалық нысандардың жаһандануын
білдіреді және экономиканың ұйымдық
құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,
корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың
нақты сипаттары бар:
- а) үлкен
компаниялардың жетекші рөлі;
- ә) жаhандық
қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет
етуі;
- б) жаhандық
ақпараттық желілердің қызмет етуінің
нәтижесінде көлік ағындары құрылымының
өзгеруі;
- в) жаhандық
сауда-экономикалық бірлестіктер мен
одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
- г) барлық
ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық
трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
- ғ) бөлшек
саудалық, банктік, сақтандыру және сауда
операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
- 3) аумақтық
Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың
күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық
және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың
барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.
- 4) ақпараттық-коммуникациялық
Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық
үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған:
коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту
және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру
үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің
пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы
көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі
жатады.
- 5) этникалық
Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады
— планета халқының санының өсуі және
әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар
жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық
даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық
жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп
енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін
де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер
туғызу.
Жаһандық теңсіздік
- Tрансүлттық
экономикалық ықпалдастық және жаһандану
нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық;
- Kапиталдардың
еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың
либералдануы, мемлекеттік реттеудің
болмауы;
- Xалық
санының артуы;
- Oтарлау
және оның теңсіздік мүрасы;
- Hеоколониализм
және оған сәйкес езіп-жаншу;
- Үкіметтік
шешімдер;
- Жаңа
технологиялық жетістіктерді жасыру;
- Әділетті
бөлістің болмауы;
- Сауатсыздық;
- Табиғи
апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы
түсіндіреді.
Тойып тамақтанбау,
ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі
алшақтық, қайыршылық, СПИД, сауатсыздықтың
жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен,
"жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен,
гендерлік сезімталдықпен, технологиялық
алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен
көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық
экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту
мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге
болады.