Жаһандану тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 09:46, доклад

Описание работы

«Жаһандану» термині соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық зерттеулерде жиі айтылып жүр. «Жаһандану мәселелері» деген тіркес Рим клубы зерттеулерінен кейін экономистермен пайдаланылып келеді. Бұл үкіметтік емес ұйымның бірнеше докладтарында бүкіл дүниежүзіндегі экономикалық өсімнің жекелеген елдерге келеңсіз салдары қарастырылды.

Работа содержит 1 файл

Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуы, мақала.docx

— 33.53 Кб (Скачать)

   «Жаһандану» термині соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық зерттеулерде жиі  айтылып жүр. «Жаһандану мәселелері»  деген тіркес Рим клубы зерттеулерінен кейін экономистермен пайдаланылып келеді. Бұл үкіметтік емес ұйымның  бірнеше докладтарында бүкіл  дүниежүзіндегі экономикалық өсімнің  жекелеген елдерге келеңсіз салдары  қарастырылды. Көп жағдайда «жаһандық» деген түсінік «халықаралық»  деген түсінікке сәйкестендіріледі. Сондықтан зерттеушілер «жаһандық  бизнес», «жаһандық компания» деген  жағдайда өз өнімін дүниежүзілік нарыққа  шығарып сататын фирманы көздеп айтуы мүмкін. Жаһандық бәсекеқабілеттілік – халықаралық бәсекеқабілеттілік терминінің синонимі ретінде де пайдаланылады. Алғашқы рет жаһанданудың тәуелсіз құбылыс ретінде түсінігін американдық  ғалым левитттің 1983 ж шыққан "Гарвард бизнес ревью" мақаласында тұжырымдалды. Ол ірі Трансұлттық корпорациялардың шығарған жекелеген өнімдері нарығының бірігу феноменін «жаһандану» сөзімен алмастырды. Париж институтының  профессоры Бади  халықаралық қатынастар ғылымының көзқарас тұрғысынан «жаһандану» түсінігінің үш өлшемін басып көрсетеді:

  1. Көп ғасырлар бойы дамып келе жатқан Тарихи процесс;
  2. Әлемді унификациялау, яғни бірыңғай принциптерді, құндылықтарды, ережелерді қалыптастыру;
  3. Бір-біріне деген тәуекелділік, оның басты нәтижесі – ұлттық мемлекеттік егемендікті жаһандық ірі фирмалар, діни топтастықтар, трансұлттық басқару жүйелердің көмегімен жою.

   Ал  француз ғалымы О. Дольфюстың айтуынша, жаһандану – сызықтық процесс  емес. Ол толқын тәрізді дамитын  құбылыс және бірнеше сатылардан өткен: Ұлы географиялық ашулардан  қазіргі заманға шейін кезеңдерді қамтиды.

   Жалпы айтқанда, жаһандану кең мағынада - қоғам өмірінің барлық жақтарының жалпы әлемдік ашықтыққа және өзара тәуелділікке ұмтылатын тенденцияның  ықпал етуінен өзгеруі. Бұл жерде айта кету керек, соңғы 20-30 жыл ішінде дүниежүзілік деңгейде көптеген жаңалықтар ашылды, интернет пайда болды, озық заманғы технологиялар өндіріске, қоғам өміріне енгізілді. Осы барлық жетістіктер халықаралық ықпалдастықтан, мемлекеттердің экономикасының интеграциялануынан, бір сөзбен айтқанда жаһанданудан пайда болды. Жоғарыда айтылғаннан келе, жаһандану мәселелін зерттеп жатқан ғалымдардың қауіптенуін ескере отырып, жаһандану жағдайында ұттық үкіметтер мен мемлекеттер әлемдік экономикада өз орнын таба алмайды деген күдік шындыққа жанаспайтынына көзіміз жетеді.

   Жаһандану адамзат өмірінің барлық сфераларын қамтиды. Экономикада ол келесі процестерден көрініс табады:

   1. Халықаралық сауданың өсу темпі  дүниежүзілік жалпы өнімнің өсу  темпінен әлдеқайда жылдам.

   2. Халықаралық капитал қозғалысының  орасан зор өсімі болып жатыр,  әсіресе, тікелей шетелдік инвестициялар. 

   3. Мемлекеттер арасындағы экономикалық  барьерлер азайып жатыр, бұған  себеп халықаралық ұйымдарды  құратын халықаралық келісімдердің  көбеюі.

   4. Жаһандық қаржы жүйесінің дамуы. 

   5. Көпұлттық корпорациялардың бақылауында  болатын әлемдік экономиканыі  үлесінің өсуі.

   6. Халықаралық келісімдерді жасағанда ДСҰ-ның, ХВҚ-ның, Дүниежүзілік банктің рөлінің өсуі және т.б.

     Экономиканың  жаһандануы – бұл ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы мен  ақпараттық қоғамды қалыптастыруы, сонымен қатар, халықаралық сауданың және капитал қозғалысының либеризациясы  негізінде экономикалық интеграцияның  өсу процесі. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды:

     1. Халықаралық сауда:

     - тауарлармен;

     - қызметтермен;

     - технологиялармен;

     - интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

     2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы:

     - капитал (тікелей инвестициялар түрінде);

     - жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

     3. Халықаралық қаржылық операциялар:

     - несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың);

     - негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар);

     - туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.)

     - валюталық операциялар.

   Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

     • нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

     • халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

     • жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

   Жаһандану үдерісі халықаралық экономикалық интеграцияның өсуіне, яғни бүкіл  әлемнің бірегейлігіне алып келеді, сонымен бірге, мемлекет арасындағы тауар және қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің ағымына теріс  әсер ететін кедергілердің жоюлуына септігін тигізеді. Әйтсе де, қазіргі  дүниежүзілік экономикада аймақтық (өңірлік) интеграциялануы  құбылысы кең етек жайды. Басты ерекшелігі жекелеген елдер топтарының ішінде  өзара кедергілерді жою, аймақтық преференциалды саудалық келісімдерді қабылдау болып табылады.

     Аймақтық экономикалық интеграция – ұлттық шаруашылықтардың өзара еңбек бөлінісінің және өзара тұрақты байланыстарының дамуы негізінде мемлекет аралық саяси-экономикалық жағынан елдердің бірігуі. Мұндай интеграция преференциалды келісімдері бар, тарихи етене араласқан, географиялық жағынан көрші мемлекеттер арасында, сонымен, экономикалық-саяси көзқарастары бірдей мемлекеттер арасында пайда болады. Аймақтық интеграция, ең алдымен, шағын мемлекеттерге қолайлы болып келеді. Өйткені біріншіден, басқа елдермен көпжақты келісімдер жүргізген сәтте өз қызығушылықтарын, пайдасын қорғау, яғни саяси ықпалын күшейту, екіншіден – қауіпсіздік, интеграциялық топтағы мемлекеттермен тығыз экономикалық қызмет жасасу, әскери-саяси қақтығыстарды болдырмаудың бірден бір себебі.

   Қазіргі кезде жаһанданудың негізгі көріністерінің бірі - аймақтық экономикалардың интеграциясы. Дүниежүзінде бойынша ең ірі интеграциялар қатарына Солтүстік америкалық НАФТА (3 мемлекет), Еуропа одағы (27 мемлекет), сонымен қатар АСЕАН, МЕРКОСУР Анд пактісі, ОПЕК, 2010 жылы құрылған Кеден одағы (Ресей, Қазақстан, Белорусь) жатады.

   Дүниежүзі экономикасының жаһандану дәрежесінің даму тенденциясы немесе деңгейі келесі көрсеткіштермен анықталады:

   1. Тауарлар мен қызметтердің халықаралық  өндірісінің көлемі және өсу  қарқынының дүниежүзілік жалпы өнім көлемі мен өсу қарқынан алатын үлесі.

   2. Жалпы инвестициялардың көлемі  және динамикасымен салыстырғандағы тікелей шетел инвестициялардың көлемі және динамикасы.

   3. Жалпы масштабтағы проектілердің  көлемі және динамикасымен салыстырғандағы  халықаралық ірі, күрделі комплексті  инвестициялық проектілердің көлемі  және динамикасы.

   4. Халықаралық патенттермен, ноу хау,  лицензиялармен жасалған операциялар  жайлы деректер.

   5. Жалпы масштабтағы ақша нарығындағы  валюта нарығының үлесі. 

   6. Халықаралық қор нарығының көлемі  және өсім қарқыны. 

   7. Халықаралық орталықтандырылған  капитал көлемі және оның өсімі  (компаниялардың мемлекетаралық  бірігуі мен жұтылуы ретінде).

   8. Банктердің және басқа да несиелік  ұйымдардың жалпы операциялардың  ішіндегі халықаралық операциялардың  көлемі және динамикасы.

   Жоғарыдағыдай әдістеме бойынша A.T. Kearney консалтингтік фирмасы Foreign Policy журналымен бірігіп, 2007 жылы 72 мемлекеттің жаһандану дәрежесін ғылыми тұрғыда зерттеп, нәтижесін жариялады. Сонымен қатар, эксперттер елдің шетелдіктерге, туризмге деген бейімділігі, шекаралас елдермен және инвесторлармен қарым қатынасы бағаланды.

   Кесте 1. Дүниежүзі елдерінің жаһандану  дәрежесі A.T. Kearney және Foreign Policy бойынша.

       
  2007жыл Мемлекет  2006жыл
1 Сингапур 1
2 Гонконг -
3 Нидерланды 7
4 Швейцария 2
5 Ирландия 4
6 Дания 5
7 АҚШ 3
8 Канада 6
9 Иордания -
10 Эстония -
 
 
     
 
   Кестеден көріп  отырғанымыздай, 2007 жылы бірден 3 мемлекет – Гонконг, Иордания, Эстония бірінші  ондыққа енді. Зерттеудің авторлары мынадай түйінге келді: жаһандану процесі шағын ішкі нарығы мен шектеулі табиғат ресурстары бар кішкентай  мемлекеттерге үлкен мемлекеттерге қарағанда тиімдірек және керек. Сонымен қатар, Ирландия, Сингапур секілді елдердің сыртқы саудалық айналымының ЖІӨ-нен пайыздық үлесі Үндістан, Қытай сияқты алпауыт елдердің ЖІӨ-нің сыртқы сауда айналымының пайыздық үлестерінен екі есе үлкен. Тағы бір айта кететін жайт, зерттеушілер неғұрлым мемлекеттің жаһандану деңгейі жоғары болса, соғұрлым сыртқы әлеммен интернет қосылыстары ауқымды болады деген пікірді тұжырымдады.

    Жаһандану үдерісінің дамуының тағы бір маңызды  критерийлерінің бірі – экономиканың ашықтығы, яғни мемлекеттің басқа елдермен ашық саяси-экономикалық жағдайда болу. Ашық экономика келесі принциптерді көздейді:

-  айқындылық, ұлттық макроэкономикалық деректерге еркін қолжетімділік;

-  ел ішінде экономикалық еркіндік;

- дүниежүзілік интеграциондық процестерге мемлекеттің және оның субъектілерінің араласуы.

    Ашық  экономика құруда экономикасы дамыған  және «жаңа» өндірісі дамыған мемлекеттер  алда келеді. Олардың қатарына АҚШ, Ирландия, Гонконг, Сингапур секілді елдер кіреді.

    Heritage Foundation қорының экономика ашықтығының рейтингісі бойынша, «ашық экономика» критерийі 100-баллдық шкаламен есептеледі

Экономика ашықтығының рейтингісінде барлығы 179 ел талданды.        

    Кесте 2. Index of Economic Freedom World Rankings көшбасшылары: 

мемлекет Ашықтық индексі (1=100%) өзгеріс
1 Гонконг 89,7 -
2 Сингапур 87,2 1,1
3 Аустралия 85,2 -0,1
4 Жаңа Зеландия 82,3 0,2
5 Швейцария 81,9 0,8
6 Канада 80,8 0,4
7 Ирландия 78,7 -2,6
8 Дания 78,6 0,7
9 АҚШ 77,8 -0,2
10 Бахрейн 77,7 1,4
 
 
 

    Heritage Foundation қорының рейтингісі мемлекеттердің экономика және қаржы сферасындағы жалпылама көрсеткіштердің негізінде құрылады. Мысалы АҚШ мамандары бұл рейтингті құрғанда келесідей жайттарды есепке алған:

• сауда қатынастарында мемлекеттің басқа елдермен ашықтық деңгейі;

• экономиканың жеке секторындағы салық салу шарттары.

• берілген мемлекет шетел инвесторларына қолайлы жағдай жасай ма?

• аталған елде еңбек нарығы қаншалықты дамыған және жұмыссыздық деңгейі қандай?

• мемлекеттегі жеке меншікке деген құқық қалай қорғалады?

• берілген мемлекетте шенеуніктердің пара алу дәрежесі қандай?

• өз ісіңді ашқанда және дамытқандағы мемлекет тарапынан жасалған қолайлы жағдайлар – деген факторлар толық талданады.

    Тағы  бір әлемдік жаһандану процесінде елеулі орын алатын критерий – бәсекеқабілеттілік болып табылады. Бәсекеге қабілетті елдердің рейтингісін Дүниежүзілік экономикалық форумда құрастырады. Төменгі кестеде экономикасының бәсекеқабілеттілігі жоғары дамыған он елдің кезекті тізімі көрсетілген. 

Кесте 3. Дүниежүзілік экономикалық форум: 2010-2011 жылдардағы жаһандық бәсекеқабілеттіліктің рейтингісі

 
Экономика
The Global Competitiveness Index

2010–2011

The Global Competitiveness Index

2009–2010

Орындардың  өзгеруі
  рейтинг баға рейтинг өзгеріс
Швейцария 1 5,63 1 0
Швеция  2 5,56 4 2
Сингапур  3 5,48 3 0
АҚШ 4 5,43 2 -2
Германия  5 5,39 7 2
Жапония 6 5,37 8 2
Финляндия 7 5,37 6 -1
Нидерланды  8 5,33 10 2
Дания 9 5,32 5 -4
Канада 10 5,30 9 -1
 
 

    Көріп отырғанымыздай, 2010-2011 жылдардағы жаһандық бәсекеқабілеттіліктің рейтингісінде Швейцария мемлекеті көш басында тұр. Айта кету керек, қарастырған үш кесте де көш басында Сингапур, Швейцария, АҚШ, Дания секілді мемлекеттер орналасқан. Осыдан мемлекеттің жаһандану деңгейі – оның ашық экономика саясатына, экономикасының бәсекеқабілеттілігіне тура корреляцияланады, яғни тікелей байланысты болады.

    Осымен  қорытындылай келе, Жаһандану – бұл объективті үдеріс.

    Экономиканың  жаһандануы халықаралық сауданың өсуі дүниежүзілік өндірістің, тікелей шетел  инвестицияларынан, халықаралық жұмыс  күшінің миграциясынан, білім мен  технологияның жаһандық таралуының өсуінен  басып озумен сипатталады. Қазіргі заманғы жаһандану үрдістері  кеңінен өндірісі дамыған мемлекеттер  арасында жүріп жатыр. Дамып келе жатқан елдер біртіндеп осы процеске қосылып жатыр. Ұлттық экономикалар жаһандық  экономикаға интеграциялық  деңгейімен ерекшеленеді. Ол келесі көрсеткіштермен  сипатталады: сыртқы сауда айналымының  ЖІӨ-ге қатынасы, жиынтық жеке капитал  ағымының ЖІӨ-ге қатынасы, жиынтық тікелей  шетел инвестицияларының ЖІӨ-ге қатынасы және т.б.

    Экономиканың  жаһандануының оң, сонымен қатар, теріс әсері де бар. Оң әсеріне  халықаралық мамандандырылған өндірістің және технологиялардың жылдам таралу салдарынан еңбек өнімділігінің  артуы, өндіріс көлемінің және жан  басына шаққандағы табыстың ұлғаюы жатады. Ал теріс әсеріне мемлекеттер  мен қоғамдық топтар арасындағы теңсіздіктің ұлғаюы, экономикалық өсімнің тұрақсыздығы, ұлттық мемлекеттік бақылаудың азаюы жатады.

      Осы мақалада айтылған Экономикалық қызметтің жаһандануымен байланысты негізгі үрдістер келесі онжылдықта жалғасатынын аса сенімділікпен айтуға болады. Әлемдік экономикада басты субъектілер болып трансұлттық корпорациялар болып қала береді. Олардың  жүйесі, экономикалық қуаты, құрылымы өзгеріп отырады. Корпорациялардың орналасу мемлекеттері ұлғая береді. Әр түрлі мемлекеттердегі компаниялардың бірігуі, жұтылуы орын алады. Ал трансұлттық корпорациялардың өзара қатынасы бәсекелестік жағдайында дамиды. Болашақта көптеген одақтастықтар құрылуы шындыққа жанасады. Бірақ жаһандық бәсекелестік жағдайында тек өміршеңдері ғана қалады. Сонымен қатар, жаңа аймақтық интеграциялар құрылады. Жаһандық экономиканың дамуы тікелей мемлекеттердің аймақтық интеграцияларына және трансұлттық корпорацияларға тәуелді болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

   Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Георг Фишер. «Глобализация мирохозяйственных связей: сущность, направления, перспективы» , Москва 2000.
  2. Григорян С.А. «Мировая экономика», изд. Экономист, Москва, 2007.
  3. Акопова, Е.С. Мировая экономика и международные экономические отношения: Ростов на-Дону: Феникс, 2007.
  4. Болотин Б. Мировая экономика за 100 лет. - М.: МЭиМО, 2007.
  5. www.rbc.ru
  6. http://www.heritage.org/index/
  7. http://www.weforum.org/issues/global-competitiveness

Информация о работе Жаһандану тенденциялары