Екінші азаматтық жұрттың
бәріне бірдей беріле бермейді,
оны алу үшін елеулі себептер
болуы керек. Мемлекет, алдымен
өзінің азаматтарына қамқорлық
жасауға тиіс. Егер мемлекетте қосарлы
азаматтығы бар адамдар көп болса ,
онда ол басқа мемлекетті Отаным
деп есептейтін адамдардың ауыр
жүгін арқалаған болар еді. Мемлекетті
басқару ісіне тек оның өз азаматтары
ғана қатысады. Бұл жағдай халықаралық
құқықтық құжаттар арқылы анықтылған
.
Қосарлы азаматтығы бар
адамдар Парламент немесе
жергілікті билік органдарының
депутаттарын сайлауға немесе
өздері сайлануға қатысқан
жағдайда екіұшты ахуалға түскен
болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы
– дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің
азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері
қайшы келіа қалуы мүмкін. Сонда осы
екі мемлекеттің екеуінің де азаматы
болып саналатын азаматтың алдында екі
елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды.
Қосарлы азаматтыққа қатысты
тағы бір күрделі мәселе
әскери қызмет атқаруға байланысты
туындайды. Бипатрид
( қосарлы азаматтығы бар адам) өз Отанын
қорғауға міндетті . ал оның Отаны –
екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел
бір – бірімен жауласар шақ туса, сонда
ол осы екі елдің біреуінің ғана
жағына шығуы керек . мұндай ахуал қосарлы
азаматтығы бар адамның алдына елеулі
мәселелер тартуы мүмкін. Бұдан
шығар қорытынды: қосарлы азаматтық
әр адамның өзінің жеке басына ыңғайсыз.
Қазақстан Республикасы
азаматтығын алу
негіздері.
Қазақстан
Республикасының азаматтығы:
- тууы бойынша;
- Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдау
нәтижесінде;
- Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында
көзделген негіздер мен тәртіп бойынша
;
- «Қазақстан
Республикасының азаматтығы туралы» 1991
жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII ҚР Заңында
көзделген өзге де негіздер бойынша
алынады.
Азаматтыққа
қабылдау Қазақстан Республикасы
Президентінің атына өтініш
беру арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау
шарттары.
Қазақстан Республикасының
азаматтығына:
- Қазақстан
Республикасының аумағында заңды негізде
кемінле бес жыл тұрақты тұратын не
Қазақстан Республикасының азаматтарымен
кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар
қабылданатын болады. ҚР азаматтығына
қабылданған кезде кәмелетке толмағандардан
, пайым қабілетін жоғалтқан не ҚР
Президенті белгілейтін тізбе бойынша
кәсіптерге ие және талаптарға сай
келетін адамдардан және олардың отбасы
мүшелерінен және ҚР алдында ерекше
еңбек сіңірген адамдардан , сондай-ақ
Қазақстан аумағынана кеткен адамдар
мен олардың ұрпақтарынан , егер олар
тарихи Отан ретінде тұрақты тұру үшін
Қазақстан Республикасына қайтып оралған
болса, олардың осы тармақшаның бірінші
абзацында көзделген шарттардың болуы
талап етілмейді;
- Қазақстан
Республикасы азаматтарының ішінде
жақын туыстарының бірі – баласы ( оның
ішінде асырап алған баласы) , жұбайы(
зайыбы) және ата-анасының біреуі ( асырап
алушысы) , апа-қарындасы , аға-інісі , атасы
мен әжесі бар , Қаазақстан Республикасына
тұрақты тұру мақсатымен келген ,
бұрынғы одақтас республикалардың
азаматтарығ Қазақстан Республикасында
тұру мерзіміне қарамастан , қабылданатын
болады.
- Міндетті
әскери қызмет атқарып жүрген және
Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан әскери қызметшілерінің
азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының
мемлекет аралық шарттарымен белгіленеді
.
- Азаматқа
қарсы халықаралық құқықта көзделген
қылмыс жасаса , Қазақстан Республикасының
егемендігі мен тәуелсіздігіне әдеці
қарсы шықса;
- Қазақстан
Республикасы территориясының бірлігі
мен тұтастығын бұзуға шақырса ;
- Мемлекет
қауіпсіздігіне , халықтың денсаулығына
нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс
– әрекет жасаса ;
- Мемлекет
аралық , ұлтаралық және діни араздықты
қоздыратын болса , Қазақстан Республикасы
мемлекеттік тілінің қолданылуына
қарсы әрекет жасаса;
- Терроршылдық
әрекеті үшін сотталған болса;
- Сот ерекше
қауіпті баукеспе деп таныса;
- Басқа мемлекеттің
азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының
азаматы болған адамның өтініші
бойынша осы Заң талаптарына сәйкес
оның Қазақстан Республикасы азаматтығы
қалпына келтірілуі мүмкін . Азаматтықты
қалпына келтіру азаматтықтан
шыққан бес жыл уақыт ішінде Президенттің
атына өтініш жазу арқылы қалпына келтірілуі
мүмкін.
Азаматтықты тоқтату
негіздері.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан
Республикасы азаматтығынан шығу;
- Қазақстан
Республикасы азаматтығынан айырылу
салдарынан тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
атына өтініш жазу арқылы азаматтардың
өз еркімен азаматтығының тоқтатылуы.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығуға адамның осы Заңда белгіленген
тәртіппен жасаған өтініші негізінде
рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы
адамның Қазақстан Республикасы алдындағы
міндеттемелерінің орындалмағандары
болып , олармен азаматтардың немесе
Қазақстан Республикасы территориясында
орналасқан кәсіпорындардың , мекемелер
мен ұйымдардың , қоғамдық бірлестіктердің
елеулі мүдделері байланысты болса,
Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығарудан бас тартылуы мүмкін .
Егер шығу туралы өтініш жасаушы
адам айыпкер ретінде қылмысты
жауапқа тартылған болса
не заң жүзінде күшіне
енген сот үкімі бойынша
жазасын өтеп жүрсе немесе ол адамның
Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығуы Қазақстан Республикасының
мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне
қайшы келсе, Қазақстан Республикасы
азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
- Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық
шарттарында көзделген реттерді қоспағанда
, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке
қауіпсіздік қызметіне , полицияға,
юстиция органдарына немесе өзге де
мемлекеттік өкімет және басқару
органдарына орналасуы салдарынан;
- Егер Қазақстан
Республикасының азаматтығы көрінеу
жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар
табыс ету нәтижесінде алынса;
- Қазақстан
Республикасыны мемлекетаралық шарттарында
көзделген негіздер бойынша;
- Егер Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде тұрақты
тұратын адам дәлелсіз себептермен
үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе
;
- Егер адам
басқа мемлекеттің азаматтығын алған
болса , айырылады. 14 жасқа дейінгі балалардың
ата- аналарының азаматтығымен анықталады.
14-18 жасқа дейінгі азаматтардың азаматтығы
олардың келісімімен өзгертіледі.