Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:30, курсовая работа
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І бөлім. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні...........................................5
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері...................................................................8
ІІ бөлім. Валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың негізгі әдістері
2.1 Валюталық тәуекелдердің экономикалық мәні............................................14
2.2 Халықаралық валюталық нарықтар...............................................................17
ІІІ бөлім. Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу.........24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30
Жоспар
Кіріспе.......................
І бөлім. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері
1.1 Валюталық
тәуекелділіктің экономикалық
1.2 Валюталық
жүйенің мәні, түрлері.......................
ІІ бөлім. Валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың негізгі әдістері
2.1 Валюталық
тәуекелдердің экономикалық
2.2 Халықаралық
валюталық нарықтар............
ІІІ
бөлім. Валюталық тәуекелді
сараптау мен мониторинг
жүргізу.........24
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады.
Курстық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерінің теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
1.1
Валюталық тәуекелділіктің
экономикалық мәні
Бүгінгі
таңда банк секторы Қазақстанның
қаржы жүйесінің ең сыйымды және
жылдам дамушы сегменті болып табылады.
Соңғы жылдары республиканың банк жүйесі
ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді.
Осы процеске салық-бюджет саясатының
салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан
кірістің өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде
пәрменді реформалар жүргізуге арқа сүйеген
қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал
етті. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ)
активтері 2000 жылы
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге
дейін өсті (өсім 1581,1 %-ды құрады), меншік
капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден
879,5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 %
құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа
да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады.
Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ
қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан
2006 жылы 91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының
Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы
үш жылда екінші деңгейдегі банктердің
меншік капиталы үш есеге, активтері екі
есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге, несилер
мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі
деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс ҚР
ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын
талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы
мен сенімділігін арттыру мақсатында
бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей
байланысты.
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Тәуекел
кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің
өзара іс-әрекет жасау жүйесінің
ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер
мен кәсіпорындардың өзара іс-
төмендегі формула бойынша есептеуге
болады:
мұнда:
Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың
нақты жиынтық тәуекел
bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.
Біз
зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті
теорияларының негізінде
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі.
Банк қызметінде кез келген операция орындағанда тәуекелдік болады, өйткені тәуекелдіксіз кәсіпкерлікті елестету мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару – іс жүзінде банк қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.
Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады.
Тәуекелдерді
басқару функциясы банк қызметінің
барлық бағыттарымен ұштасады. Бірқатар
қаржы тәуекелдері актив операциялармен,
ең алдымен кредиттік және инвестициялық
қызметпен байланысты. Салымдарға, депозиттерге,
құнды қағаздарға есеп айырысу және ағымдағы
шоттардағы қалдықтар түрінде қаражат
тарту жөніндегі қызмет көптеген тәуекелдермен
байланысты.
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.
Валюталық жүйенің типтері қандай?
Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.
Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік
валюталық жүйені мемлекеттік –
құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші
елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік
аренадағы күштердің