Трансұлттық компаниялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 22:40, доклад

Описание работы

Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды.

Работа содержит 1 файл

TNK.docx

— 17.99 Кб (Скачать)

Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді. 
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің механизмінің қалыптасуын болжамдайды. 
Бұл жағдайда ТҰК үшін жағымды факторлар ретінде Қазақстандағы мына жағдайлар атап өтуге болады: пайдалы қазбалардың мол қоры, әртүрлі биологиялық және бай рекреациялық ресурстары, білікті және арзан жұмыс күшінің болуы. 
Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты болады: 
– корпорациялардың экономикалық мүдделері; 
– шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау; 
– жобаның ауқымы; 
– шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары. 
ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК). 
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты әсер етіп келеді. 
Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды. 
ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады. 
Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының негізгі күштерінің біріне айналады.

Трансұлттық корпорациялар өздерінің филиалдарын оларға қызықты мемлекеттерде ашады. Қызықтарының негізі - өзінің технологиялық бөлімдерін мен өндірісті орналастыру немесе дайындалған тауарларды, өндірілетін қызметтерді сату болып  табылады. ТҰК өздерінің эволюциясы кезінде өздерінің географиясын бұрынғы КСРО елдеріне де өткізді.

Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік егемендішін алуы ішкі және сыртқы ресурстарының сапасы мен жұмылдыруына байланысты елдің өмірге төзімділігінің негізгі кепілі ретінде Трансұлттық корпорациялармен қауіпсіз экономикалық қатынастармен қатар жалпы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын күшейтті.

Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік ең алдымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, елде әрекет ететін трансұлттық копорациялар, инвесторлар мен шетел компаниялардың экономикалық іс-әрекеттердің ұлттық экономикасына теріс жағдайларын тоқтату, аталған экономикалық объектілерімен дұрыс қатынасты құруға бағытталған экономикалық қауіпсіздігіне сүйенеді.

Осыған  орай Қазақстан Республикасы даму стратегиясының негізгі бағыттарының ішінде, елдегі трансұлттық компаниялардың филиалдарымен ойдағыдай жұмыс істеп, оларға заңсыз операцияларды жүргізуге, мемлекеттің салық органдарынан табиғи ресурстардан түскен пайдалырының ірі көлемдерін көрсетпеуіне, табиғатқа және аймақтардың әлеуметтік- әлеуметтік, экологиялық жағдайларын кемсітуге жол бермеу, қазақстандық өнеркәсіптерін технологиялық, өндірістік жағынан өздерінің елдеріне тәуекел етуге тосқауыл қоятын барлық саяси-әлеуметтік салалардың тиімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі басым болып табылады.

Соңғы жылдары ТҰК мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені экономика, оның жағдайы мен әлемдік экономикалық қоғамдастығына ықпалдасу деңгейі трансұлттық корпорациялардың орталықтары әлемнің жетекші елдерінің өз шамданушылықтары мен мүдделерінің пайдасына шешілуіне әкелетін әсер ету тетіктеріне жиі айналып отырады.

Жалпыға мәлім болғандай, бүгінде Қазақстан  Республикасындағы трансұлттық  корпорациялар, шетел компаниялардың іс-әрекеттері мен ұлттық экономиканың қауіпсіздігі экономистердің, саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, халықаралық экономикалық ұйымдар басшыларының ерекше назар аударатын мәселелерінің қатарына қосылды.

Экономикалық  қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету мен шетел мен трансұлттық компаниялардың зиянды да теріс әсерлерін төмендету, олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайына оң салдарын көбейту мәселелеріне деген ерекше назар аударылуы келесі жағдайлармен себептеледі:

1. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлері ұлттық қауіпсіздігінің басты және түйінді қауіп қатерлердің қатарына кіретін құбылысқа айналды;

2. экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі  қауіп-қатерлердің материалдық залал келтіру деңгейі мен айқымдары (мысалы, шетел мен трансұлттық корпорациялардың филиалдарымен жасалатын экономикалық қылмыстардың деңгейі, шетелге кететін капиталдарының «кему» көлемдері) қауіп қатерлердің басқа түрлері бойынша қалыптасқан шығышдарының едәуір жоғары болады;

3. шетел мен трансұлттық корпорациялар жасаған экономикалық зиян салдары толықтырылмайды және кеткен капиталдар мемлекеттік бюджетке штрафтар немесе алымдар ретінде толығымен қайтарылмайды, сондықтан қазіргі қауіп-қатерлердің кейінгі сақталуы мен таратылуы әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деформациялануына шарасыз болып жатады.

4. Қазақстан Республикасында орналасқан шетел мен трансұлттық корпорациялармен бірге құрылған бірлескен немесе шетел капиталы бар кәсіпорындар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мағынасында стратегиялық салаларда үлкен роль алады. Бұл кәсіпорындарға экспорт пен импорт, тауар өндіру мен ішкі нарықта сату көлемінің 50-80% пайызға дейін келеді. Бұл болашақтағы мемлекеттің тәуелсіз экономиканы құруға көлемді күдікті туғызады [2].


Информация о работе Трансұлттық компаниялар