Өтпелі экономиканың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:43, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3 – 4
I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.
1.1. Экономикалық жүйе түсінігі........................................................5 – 6
1.2. Экономикалық жүйенің көрсеткіштері......................................7 – 10
1.3. Экономикалық жүйенің модельдері............................................11 – 12
ІІ-бөлім. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.
2.1. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі.........................................................................................13 – 15
2.2. Өтпелі экономика сипаты мен міндеттері.............................16 – 17
2.3. Қазақстан Республикасының рыноктық экономикаға өтуінің ерекшеліктері.....................................................................................18 – 19
Қорытынды.............................................................................................20 – 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................22

Работа содержит 1 файл

экономикалык жуйе (курсовая) (1).doc

— 126.50 Кб (Скачать)
lign="justify">Қоғам мен оның экономикасы  қысқа мерзімде өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрыңғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады

      Қазақстан Республикасы  нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциолыгы ескеріліп, ескі әміршілдік-  әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ацыстыруға бет – бұрыс жасалды;

     ә) өтпелі экономиканың  тұрақсыздығы. Бұл  жағдайда кез-  келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс.

     б) өтпелі экономикадағы  ескі және жаңа  экономикалық элементтер, түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде  кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т. б.;

     в) өтпелі экономиканың тарихшылығы:

1) өту белгілі тарихи  мерзім кезінде  жүзеге асады;

- 16 -

2) өтудің өзі белгілі  мемлекетте болады.

г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі  және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде  барлық әлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.

      Қоғамның бір жүйеден  екіншісіне табиғи- эволюциялық процеске  көшуі әдетте ғаламдық  эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Өтпелі процестің табиғи – реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локальдық типінде байқалуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының  әлеуметтік бағытталған  аралас нарықтық  экономикаға өтуі  ТМД елдеріндегі  сияқты эволюциялық  – реформаторлық  сипат алады. Нарықтық  экономикаға өтудіңҚазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру. Мемлекеттен алу – мемлекеттің экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз.
  2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы.
  3. Рыноктық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы.
  4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
  5. Бағаны либерализациялау, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу.
  6. Экономиканың қаржы – экономикалық тұрақтануы.
  7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік ұорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
 
 
 
 

- 17 -

    1. Қазақстан Республикасының рыноктық эконмикаға өтуінің ерекшеліктері.

    

      Рыноктық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының  ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі; ұлттық, әлеуметтік – демографиялық, ғылыми – техникалық, ұйымдық – климаттық және географиялық сипаттарымен

      Біріншіден, өтпелі  экономиканың ерекшелігі  сонда, Қазақстан  өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекетілігіндегі жүзеге асырады.

      Екіншіден, экономиканың  өтуін Қазақстан  алғашқы рет әлемдікпрактикада  әкімшілдік - әміршілдікпен  ғана емес, сондай-ақ  қоғамдық меншіктегі  жоспарлы экономикалық  жүйеден, жеке  және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды.

      Үшіншіден, Қазақстанның  территориялық –  географиялық жағдайы- өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.

      Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.

      Бесіншіден, өнеркәсіптегі  мемлекеттік сектор  негізінен ірі  кең-байыту, металлургиялық, химиялық және  химия- мұнай кәсіпорындарынан  тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар көп болды.

      Жекешелендіру тек  қана үшінші кезеңде  ғана аяқтала бастады.  Сондай-ақ жекешелендіру  мен өндірісті  көтеру өнеркәсіптегі  сияқты ауыл шаруашылығында  шет ел инвесторларының  қатысуымен жүзеге  асты.

      Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру – республиканың өзіндік жағдайын, өзінің модель құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан әрі қарай реформаны        
 

- 18 -

жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, рыноктық экономиканың өзіне тән моделін құрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 19 -

  
 
 

Қорытынды

    

      Экономикалық жүйе  – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

      Әлемдік экономикалық  әдебиеттерде экономикалық  жүйені топтаудың  кең таралған екі  фактор негізінде  жүргізіледі:

  1. Меншік типтері бойынша;
  2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

      Осындай әдістер  негізінде экономикалық  жүйені төменгідей  типтерге бөледі:

       а)дәстүрлі экономика;

       ә) әкімшілдік - әміршілдік  экономика;

       б) нарықтық экономика;

       в) аралас экономика..     

       Экономикалық жүйеге қатысты қазіргі кезде Қазақстанға бұл жүйенің аралас экономика тән. Аралас экономика нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса мемлекет нарықтағы салық салумен, шығынмен, реттеумен тікелей реттеп отырады.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдерінде сияқты эволюциялық – реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы бірнеше мақсаттары бар. Рынокқа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған – аралас экономиканы құрудың бірден – бір құралы.

- 20 - 

      Қорытындылай келе, күнделікті экономикалық  өмірде адамдар  арасындағы қатынастар  әрқашанда белгілі  экономикалық жүйе  ретінде қызмет  жасайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 21 - 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Әубәкіров Я. Л.       “Экономикалық теория негіздері”.

2. Жатқанбаев А.  А.   “Аралас экономика”.

3. Жунусов К. Н.       “Нарықтық экономика негіздері”.

4. Қожамқұлов Т.       “Саяси экономия негіздері”.

5. Мәдешев Б. Н.       “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”.

6. Мәуленов С. және  басқалар “Экономикалық теория”.

7. Осипова Г. М.         “Экономикалық теория негіздері”.

8. Сахариев С.            “ Жаңа кезең экономикалық теориясы”

9. Симкина Л. Г.         “Экономическая теория”.

10. Шеденов Ө. Қ. және т. басқалары “Жалпы Экономикалық теория”.

11. Экононмика: Учебник/под ред. доц. А.С.Булатова/ М. 1996г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 22 -

Информация о работе Өтпелі экономиканың теориялық негіздері