Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:51, реферат
Әрбір ғылым мен оқу пәні , онда қолданылатын негізгі ұғымдардың анықталуымен табылады . Бұл тұрғыда, мұндай ұғымдар ретінде өнім, тауар және тауартану болып табылады . Өнім – нақты немесе әлеуетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған іс-әрекеттің материалдық немесе материалдық емес нәтиже. Осыған байланысты , өнімге 2 негізгі қасиет тән: біріншіден, ол өндірілуі тиіс, екіншіден , белгілі біреудің қажеттілігін қанағаттанды.
Кіріспе;
Тақырып 1.Тауартанудың мақсаты мен міндеттері
1. Таурдын мазмұны
2. Тауартанудың даму эволюциясы
3. Тауартанудың принциптері
Тақырып 2. Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері
Тақырып 3. Тауарды жіктеу
Тақырып 4. Сауда кәсіпорынның тауар айналымы
1.Тауартанудың мақсаты мен міндеттері
1Таурдын мазмұны
Әрбір ғылым мен оқу пәні , онда қолданылатын негізгі ұғымдардың анықталуымен табылады . Бұл тұрғыда, мұндай ұғымдар ретінде өнім, тауар және тауартану болып табылады . Өнім – нақты немесе әлеуетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған іс-әрекеттің материалдық немесе материалдық емес нәтиже. Осыған байланысты , өнімге 2 негізгі қасиет тән: біріншіден, ол өндірілуі тиіс, екіншіден , белгілі біреудің қажеттілігін қанағаттанды. Өнім сату – сатып алу, яғни коммерциялық іс-әрекеттің объектісіне айналған кезде ғана тауар болып табылуы тиіс ( біреуге қажет болуы керек). Бау – бақшада өсірілген не жиналған жабайы жеміс – жидектер тек жеке бастың тұтынуына қолданған жағдайда – тауар емес, өнім болыпта былады, ал сатуға шығарылған ол өнім тауарға айналады. Тауар - сату-сатып алуға арналған материалдық өнім. Сондықтанда тауар - коммерциялық іс-әрекеттің негізгі объектілерінің бірі ретінде орын алады. Коммерциялық іс-әрекеттің өзге объектілері немесе қызметтерді, құнды қағаздарды, ақшаны, интеллектуалдық еңбектің өнімін, яғни материалдық емес өнімдер жатқызылады себебі ол тауартану деген ерекше ғылым мен оқу пәнінің объектісін құрайды.«Тауартану» терминінің көптеген анықтамалары бар. Тауартануға алғашқы анықтама Вавилов берген. Оның айтуынша: Тауартану бұл тауарлар туралы, олардың түрлері, өндірілген және өткізілген жері, сату және сатып алу, тасымалдау және сақтау тәсілдерітуралы нақты және толық ақпаратқа ие болуға үйрететін ғылым. Тауартану пәніне аса дәл, нақты анықтама К.Маркс берді: Тауардың тұтыну құны – тауартанудың мәнін құрайды.Бұл анықтама одан кейінгі көптеген терминді анықтайтын түсініктемелерге негіз болды. Тауартанудың мақсаты – тауардың тұтыну құнын құрайтын негізгі сипаттамаларын және тауар қозғалысының барлық сатыларында тұтыну құнының өзгерісін зерттеу.Осы мақсатқа жету үшін тауартану ғылым және оқу пәні ретінде келесідей міндеттерді қарастырады:
- тұтыну құнын құрайтын негізгі сипаттамаларды нақты анықтау;
- тауартанудың принциптері мен әдістерін құру;
- кодтау мен жіктеу әдістерін
рационалды қолдану арқылы
жүйелеу;
- өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорнының ассортименттік саясатын сараптау үшін
ассортименттің қасиеттері мен көрсеткіштерін зерттеу;
- мекеменің ассортиментін басқару;
- тауардың тұтыну қасиеттері
мен көрсеткіштер
- тауардың сапасын бағалау;
- тауардың сапа градациясы мен кемістігін айқындау және т.б
2. Тауартанудың даму эволюциясы
Тауар қасиеттерін анықтау мен бағалау қажеттілігі – бір тауарды басқа тауарға айырбастаудан туындайды. Мұндай айырбас тең бөлу бүшін айырбасталатын тауарлардың пайдалы жақтары мен оларға кеткен шығындары салыстырылған. Оған қоса, ұзақ мерзімді сақталатын және аса құнды тауарлардың бірқатары ( алтын, күміс және т.с.с. ) металл және қағаз ақшаның пайда болғанға дейін айырбасталатын тауаралардың эквиваленттік функциясын атқарды. Алайда ақшаның шыққанға қарамастан тауарлардың қасиеттеріне қызығушылық төмендеген. Бұл сатыда тауартану - тауар туралы білімнің саласы ретінде тәжірибелік бағытта және эмпирикалық сипатта болды. Фактілік мағлұматтардың жинақталуы тәжірибелік баяндау мен бақылау негізінде жүрді. Ғылымның алғашқы сатысында салалар бойынша жіктелуі болмағандықтан, тауартану бөлек ғылым ретінде қарастырылған жоқ.. Сол себепті тауарлар туралы ақпарат ауылшаруашылығына арналған еңбектерінде көрініс тапты. Тауартану сипаттағы жазбалар ежелгі Рим ғалымдарының Катон(234 – 149 б.э.д.), Варрона(116-27 б.э.д.), Колумела(1 б.э.), және Плиния (24 – 79 б.э.) агрономдық еңбектерінде кездеседі. Бұл кезеңдегі аса алмақты еңбек «Шын тарих» болып саналады. Оның авторы Плиний. Еңбекте ауылшаруашылық өнімдерінің көптеген түрлерін өсіру, өңдеу мен сақтау әдістері баяндалған. Ортағасырда ғылымның физика, химия, биология сияқты салаларының дамуы тауартану білімдерінің тереңдей түсуіне және кеңеуіне елеулі әсер етті. Баяндамалық сипаттағы жұмыстармен қатар тәжірибеге негізделген еңбектер шыға бастады. Солардың алғашқысы М. Себициуса (1630ж.) еңбегі. Зерттеу сипатындағы жұмысқа Ф.Реди еңбектерін жатқызуға болады. Тауартанудың ғылыми бағытынығ дамуына Бургове еңбектері зор үлес қосты. Онда тамақ өнімдерінің химиялық сараптау негіздері жасалған. Сондай – ақ Линней (1707– 1778ж.), Бюффона (1707-1788ж.), Жюсье (1699-1777ж.) биология саласында жүйелітүрде жүргізілген зерттеулер тауарларды ғылми классификациялауға негіз болды.Тауартану дамуының маңызды қадамы болып 1756ж. Людовицтің «Жалпы сауда жүйесінің негіздері! Атты еңбегінің басылымы болды. онда алғаш рет тауартану негіздері ғылыми білімдерінің саласы ретінде көрсетілген. Людовик бірінші болып тауартанудыңпәні мен мазмұнын айқындады. «Тауар» мен «тауартану» терминдеріне түсініктеме берді.Оның пікірінше, тауар бұл ақша мен құнды қағаздардан басқа сауданың заты болып табылатын барлық қозғалатын заттар.
3. Тауартанудың принциптері
Әрбір ғылым мен кәсіби іс-әрекет белгілі бір принциптерге негізделеді.
Тауартанудың принциптері болып:
- қауіпсіздік;
- тиімділік;
- үйлесімділік;
-өзараауыстырушылық;
-жүйелеу.
Қауіпсіздік – негізгі принцип. Бұл адам өміріне, денсаулығына, дүниемүлкіне тауар
арқылы нұқсан келтірмеуді көздейді. Сонымен бірге қауіпсіздік тауардың тұтыну
қасиеттері бойынша міндеттілердің бірі болып табылады. Тауартану тұрғыдан алғанда
тауар коммерциялық іс-әрекеттің бүкіл субъектілері үшін қауіпсіздік қасиетіне ие болуы
тиіс. Сондай-ақ тауартануда тауарлар мен қоршаған орта үшін қауіпсіздік прицібі орау,
тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау процестеріне қатысты да ескерілуі керек.
Тиімділік – тауарды өндіру, буып – түю, сақтау, өткізу және тұтыну кезінде мейлінше
оңтайлы қорытындыға жетуді көздейтін принцип. Бұл принцип ассортиментті
қалыптастыру барысында және тауар қозғалысының әртүрлі сатыларында тауардың
сапасы мн санын қамтамасыз етуде маңызды орынға ие. Тауартанудың бүкіл іс-
қимылдары тиімділікті жоғарлатуға бағытталуы тиіс. Бұған, сәйкесінше, минимальды
шығындарды кетіру арқылы аса тиімді ақырғы нәтижелерді қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардды таңдауға негізделген кешенді шара жүргізу нәтижесінде қол жеткізуге
болады. Мәселен, буып-түю не сақтаук тиімділігі тиісті сапада сақталған тауарлар саны
мен осы процестке кеткен шығындармен анықталады.
Үйлесімділік – тауарларды топтастырып, біріктіріп
қолдануға, ассоритменттердіқалыптастыруға
Өзараауыстырушылық – адам қажеттілігіндегі бір тауардың орнына басқаларын
қолдануға мүмкіндігінше сипаттайтын
принцип. Тауарлардың өзара
бәсекені күшейтеді және сол мезетте қажеттілікті әртүрлі тауарлармен қанағаииандыруға
мүмкіндік береді. Бір тауардың не оның бөлек бөлшектерін бірыңғай талаптарды басқа тауар түрлерімен орындау қабілеті өзараауыстырушылық тауарлар ассориментін қалыптастыру кезінде маңызды рөл атқарады.
Жүйелеу – біртекті, өзарабайланысты тауар, процесс немесе қызметтердің
тізбектілігін анықтайтын принцип. Объектілірдің көптігіне байланысты жүйелеу
тауартануда ерекше орынға ие. Бұл принцип тауарларды өзара байланысты етіп
біріктіруге, белгілі бір жоспар бойынша жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жүйелеу
принцибі әдістер тобының
классификация, жалпыламалау мен кодтау кіреді.
Тақырып 2. Тауартану іс-әрекетінің объектілері мен субъектілері
Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін анықтау тауардың тұтыну құнын
бағалауына тең. Оны нарықтық жағдаятын есепке ала отырып, нарық сегменттерінде маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы анықталады. Сондықтан тауардың тұтыну құны пайдалылық мөлшері және негізгі сипаттамалары арқылы көрініс табады . Сипаттамалар бұл құбылысты немесе затты ерекшелендіретін қасиеттер жиынтығы.
Тауардың ассортименттік сипаттамасы бұл тауардың функционалдық не Әлеуметтік мәнін анықтайтын қасиеттер жиынтығы. Мұндай сипаттама құрамына: топ, шағын топ, түрі, атауы , сауда маркасы кіреді. Сонымен бірге сипаттамалар бір тауардың басқа бір тауардын айырмашылықтарын көрсетеді. Мәселен, сары май, сұйық майы бір бірінен функционалдық сипатымен ерекшелінеді.
Тауардың сапалық сипаттамасы бұл әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті бар ішкіаралық тұтыну қасиеттер жиынтығы. Бұл сипаттама түрі тауардың ассортименттік сипатымен тығыз байланысты. Өйткені, жалпы тұтынушылық қасиет - арнаушылық тән. Сапалық сипаттамасы ассортименттіктен тұтыну қасиетерінің толықтығымен ерекшелінеді. Олардың ішінен қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер елеулі орын алады. Сол себепті қауіпсіздік және экологиялық қасиеттер бойынша орнатылған міндетті талаптар бұзылған жағдайда тауардың қалған сипаттамалары тұтынушы үшін шешуші мәнге ие. Тауардың сапалық пен сандық сипаттамалары әрдайым қатар жүреді. Оған қоса, тұтынушылық қасиеттердің көптеген көрсеткіштері сандық сипатамалар арқылы көрініс табады.
Тауардың сандық сипаттамасы – физикалық мөлшерлер мен бірліктері арқылы анықталатын белгілі бір қасиеттер жиынтығы. Тұтынушылық талғамдар үшін сипаттаманың бұл түрі ассортименттік пен сапалыққа қарағанда аса елеулі емес Алайда тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру кезінде бұл сипаттамаларды есепке алмауды болмайды . Өйткен і рыноктық молықтырылғандығы жағдайында тұтынушы тауар топтамасының не тауардың бірлік данасының белгілі бір сандық сипаттамаларына келіспеген жағдайда ол тауарды сатып алудан бас тартады.
Тауартану іс-әрекетінің субъектілері – сыртқы ортаны (объект) зерттейтін және Практикалық іс-әрекетімен оған әсер ететін , сондай –ақ құқықтар мен міндеттемесі бар адам. Тауартану іс-әрекетінің субъектілері 2 топқа бөлінеді:
- бірінші топқа тауартанушы мамандар кіреді . Олар бұл іс-әрекетті өзінің
міндеттемелер шегінде жүзеге асырады.
- екінш і топқа тауар тұтынушылары жатады, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру
Мақсатында тауартану іс-әрекеті бағытталаған субъектілер. Сол себепті , екінші топ саны жағынан бірінші топтан басым. Тауартанушы мамандар бұл тауардың ассортименттік, сапалық, сандық және Құндық сипаттамаларын, сондай – ақ тұтынушылардың сұранымдарын есепке ала отырып,өндірушілерден тұтынушыға дейін тауар қозғалысын қамтамасыз етушілер .« Тауартанушы» термині тура мағынада «тауар танымгері» немесе «тауар туралы білетін субъект» дегенді білдіреді. Оның тауар туралы терең білімі сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мамандарынан ерекшелінеді.
Тақырып 3. Тауарды жіктеу
Тауартануда қолданылатын әдістер жіктелімі
Тауартануда 2 әдіс қолданылады: бірінішесі , ғылыми тану әдісі, екіншісі, тауартану іс-әрекетінің практикалық әдістері.Ғылыми тану әдістері тауартанудың негізгі объектісін , яғни тауарды, оныңсипаттамаларын және тауар қозғалысы процесінде өзгерістерді зерттеуге бағытталған.Ғылыми тану әдістеріне мыналар жатады :
- эмпирикалық немесе эксперименталды ;
- аналитикалық әдістер.
Эмпирикалық әдістер бұл бақылау немесе тәжірибеге негізделген тану әдістері. Бұл әдістер тауартануда кең қолданылады. Осы әдістер арқасында тауардың химиялық,физико-химиялық және биологиялық табиғатын зерттеуге мүмкін болады. Өлшеуші әдістер бұл өлшеуші техникалық құралдар негізінде жүзеге асырылатын,өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтайтын әдіс.
Органолептикалық әдістер бұл сезім мүщелер і арқылы сапа көрсеткіштерін
анықтайтын әдіс.
Аналитикалық әдіс бұл бір тұтасты құрамдас бөліктерге ойша немесе іс-жүзінде бөлугенегізделген ғылыми танудың әдістері. Аналитикалық әдістер 2 топқа бөлінеді:
- ғылыми тануды басқару әдістері;
- жүйелеу әдістері.
Ғылыми тануды басқару әдістеріне мыналар кіреді: сараптау, диагностика, болжамдау,бағдарламалау және жоспарлау әдістері.
Тауарды сараптау әдісі экспериментальды әдістерімен алынған мәліметтергенегізделеді. Болжамдау әдістері негізінде алынған қорытындылар бағдарламалауға мүмкіндік
Береді. Аналитикалық әдістерді қолдану нәтижесінде тауарды ғылыми тануды әрі қарайжоспарлауға болады
.Жүйелеу әдістері бұл белгілі бір тәртіпте жалпы белгілері бойынша орналастыруарқылы біртекті, өзар байланысты объектілерді жинақтау әдістері. Жүйелеудің негізгіәдістері: идентификациялау , жіктеу, топтастыру және кодтау.
Идентификация бұл бір объектіні бір объектімен сәйкестігін орнату, теңдестіру әдісі.Тауарларды идентификациялау тауарлардың сипаттамаларын ассортиментке, сапаға,мөлшерге нормативті құжаттармен қойылатын талапатарға сәйкестігін орнатуғабағытталған.
Топтастыру бұл жалпы белгілері бойынша объектілерді жинақтау әдісі . Бұл әдіс ассортименттік топтарды ерекшелендіру үшін қолданылады
Тақырып 4. Сауда
кәсіпорынның тауар айналымы
Тауар айналымы сауда кәсіпорынның
шаруашылық қызметтің негізгі экономикалықкөрсеткіштерінің
бірі. Тауар айналымы дегеніміз
тауарды ақшаға айырбастау процесі.
Тауар айналымы сату-сатып алу акті
арқылы тауар қозғалысының процесін сипаттайды.Экономикалық
категория ретінде тауар айналымына
2 белгі тән:
- тауар – сату объектісі ретінде;
- сату- сатып алу процесі - өндірушіден
тұтынушыға дейін тауар қозғалысыныңформасы
ретінде. Тауар Айналымы 1) белгілі бір
уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып
алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы
мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың)
жиынтық құнын бейнелейтін экономикалық
көрсеткіш;2) айналыс аясындағы тауар қозғалысы,
тауардың өндірушіден тұтынушыға ауысу
үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен
және өндірістен тұтынуға өтуімен байланысты
үдеріс. Ол көтерме сауда және бөлшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін.Тауар
Айналымы транзиттік және қоймалық түрлеріне
ажыратылады. Транзиттік Тауар Айналымында
көтерме сауда фирмасы тауарды жеткізушіден
(өндірушіден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей жөнелтіп,
сатады. Қоймалық Тауар Айналымында көтерме сауда фирмасы тауарды өз қоймасына
қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді,
қажет болған жағдайда тауарларды жиынтықтайды,
сонан соң бөлшек саудаға жөнелтеді немесе
өндірістік үдерістің кезекті сатысына
жібереді.
Тауар айналымын сараптау
міндеттері
- көрсеткіштер динамикасын зерттеу;
- ассортименттік құрылымын сараптау
және бағалау;
- тауар айналымының құрылымына және
көлеміне әсер етуші факторларды анықтаужәне
бағалау;
- тауар айналымдылығын сараптау