Тауар туралы тусиник

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 23:08, реферат

Описание работы

Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік» «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Тауардың түсінігі
2. Тауардың қасиеттері
3. Тауар орамын жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Тауар туралы тусиник.docx

— 133.76 Кб (Скачать)
 

Тауардың  қасиеттері

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ  
1. Тауардың  түсінігі   
2. Тауардың  қасиеттері  
3. Тауар  орамын жасау  
ҚОРЫТЫНДЫ  
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені  тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.

     Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану  не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.  
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.

     Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік» «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.

     Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап  табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне  шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды  ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды  өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ  талабына жауап бере алатынын дұрыс  таңдап алу қажеттігін түсіндіреді. 
 
 
 
 
 
 

1. Тауардың түсінігі 

     Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану  не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже  бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы  тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.

     Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар  шығаратын фирманың бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру, баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру. Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу  нәтижесінде, байқалған кемшіліктер  түзетіледі.

     Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап  табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне  шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды  ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды  өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ  талабына жауап бере алатынын дұрыс  таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

     Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа  шыққанда жоғары қажеттілікке жауап  бере алуы керек. Бұдан келіп екі  талап шығады: біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау; екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа шығарылған 10 өнімнің 8-і  олардың артқан үмітін ақтамайды  десек, онда жаңа тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек “жер асты су тастары” тізімінде бірінші болып сұраныс көлемін қате анықтау (45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін (29%) жарнаманың жеткіліксіздігі және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%), жоғары баға (19%), бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын уақыттың тиімсіздігі (14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%) көрсетілген. Сондықтан, ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын проблемасына басты көңіл аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, “жаңа нарықтық тауардың” пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:

     1. Конструкциялық және технологиялық  табыстың мүмкіндігі.

     2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген  шығын.

     3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе  ескіні модернизациялау.

     4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.

     5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге  қосымша қаржы тартудың қажеттілігі.

     6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі  және одан кейінгі уақыттағы  нарықтағы өтуін барлау.

     7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.

     8. Тауарды қажет етуші, нарық  секторы.

     9. Болжауды баға және оның өту  көлеміне қатысы мен бәсекелестер  қызметі.

     10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың  пайда болу мүмкіндігі (уақыты, тауардың  сапасы).

     Барлық  ұсынылған идеялар, жаңа тауарлар аталған  критерийлер бойынша салыстырылады. Осыған орай тауардың белгілі бір  нарықта өте қажет екендігін  атап өту тиімді. Ішкі нарықта табысты  тауардың сыртқы нарыққа қажет болуы  тиімді емес. Американдық “ Rucer менеджементі”  журналы 187 корпорацияға зерттеу жүргізіп жаңа тауарларды құрастыру кезінде қиындық тудыратын техникалық емес сипаттың себептерін мәлімдеген. Бірінші орында олар конструкторлар мен маркетингтік өткізу бөлімі (37%) арасындағы нашар қарым-қатынасты қойды. 25%-тік жағдайда ғылыми кадрлардың творчестволық жеткіліксіздігі, “ғылыми ауырлығы” 14% жағдайда ұзақ уақытқа арналған жоспарлардың, графиктердің және анық қойылған мақсаттың жоқтығы. 9% нашар қаржылау және шығындану есебінің жоғы, жобаның нашар таңдалуы ұзақ мерзімдік жоспардағы жағдайды дұрыс көре алмау, жаңа идеяға аз көңіл бөлу-осының бәрі 8% құлдырауға әкеледі. Шетелде жаңа тауарды құрастыру кезінде лидер мен бірнеше маманнан құралған “мақсатты тор ” әдісі табысты пайдаланылады, бұл басқа функционалдық бөлімдердегі мамандарды өзіне тартады. Топ жетекшісінің жақсы ұйымдастыру қабілеті және сол техника саласында ірі маман болуы керек. Тар көлемді маман өздерінің құрастырғандарын өте көңілге қонымды санайтындықтан бұл топқа өздерінше білгіш санайтын өз “адвокат дьяволдарын” сайлайды. Топ өзді-өзі болмыс үшін оларға екі-үш жоба ұсынады, ал ол қатысушылардың ой-өрісін, араласуын кеңейтеді. Мақсатты топтың құрамы 4 адамнан кем болмау керек, ал оған адам қабылдау өз еркімен емес, маман ретінде осында істегісі келетіндігін іс үстінде көрсете білген адам болуы қажет. Жобаны жасау тиімділігі-міндетті түрде кәсіптік оқу мен мамандардың білімін жетілдірумен ұштасып жатады. Өз білімін көрсетуге ынтасы жоқтар мен оқығысы келмейтін адамдарды аз мамандандырылған жұмысқа ауыстырып отыру немесе оларды жұмыстан шығаруға тиіс. Зерттеуші-мамандарды фирма 6 жылда 1 жыл немесе 3 жылдың ішінде 6 ай немесе 1 жылда 1 ай оқытып отырады. Бұл уақытта адамдар жұмыстан арнайы босатылады, немесе кешкі оқуға орналастырады. Мұнда сырттай оқу тиімді емес деп есептеледі. “Нарықтық жаңа тауардың” пайда болу процесінің технологиясын қанағаттандыру түріне, тауардың конструктивтік ерекшелігін қажеттілікке қарай көптеген идеялардың ұсынылуын жатқызуға болады.

     Жапондық  компаниялардың тәжірибесіне орай, кәсіпорынның барлық жұмысшыларын тауарды модернизациялаудың жаңа идеяларын және әсіресе жаңа өнім ойлауға итермелеудің қажеттігі  сезіледі. Ондаған ірі жапондық компаниялар  жыл сайын өз қызметшілерінің 10 миллиондаған ұсыныс енгізітін мақтаныш тұтады. Бұл фирмаларда 1 жұмысшыға 12,8 ұсыныстан  келеді. Ол американдық кәсіпорынның орташа статистикалық берілгеніне  қарағанда 85 есе көп.

     Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа  жауап беруге негіз болатын деңгей – ойланылған тауар. Шын мәніне келетін  болсақ, кез келген тауар – қайбір проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет. Дайындаушы ойланылған тауарды  орыдалған тауарға айналдыруға  тиіс. Реальды орындалған тауардың бес сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы. Дайындаушы тауарды нығайтушы  қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін.   

2. Тауардың қасиеттері 

     Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар  болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді. 

     Маркстік  теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде  қарастырылады. Бұдан шығатыны: 

  • тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.
  • тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.
  • тауар сатуға арналған

     Австриялық  экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К.Менгер ) тауар айырбас  үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

     Экономикалық  игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып  табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда  шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды. 

     Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы  болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

     Тауарлар  материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

     Тауардың  екі қасиеті бар:

  • қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;
  • басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

     Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

     Тауардың  белгілі бір сандық пропорцияда  басқа тауарларға айырбасталу алу  қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді.

     Еңбек –құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын  анықтайтын еңбек шығындары түріндегі  ортақ негіздері болады. Шекті  пайдалылық теориясын қолдаушылар  пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындарконцепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.

     К.Маркс  өзінің ғылыми зерттеуін тауарды  талдаудан бастайды, себебі ол тауар  өндірісінің қарапайым түрі болып  табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауы кездейсоқ емес. Тауар тым ерте де пайда болды және ол кез-келген экономикалық жүйенің экономикалық клеткасы болып табылады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.

     Экономикалық  әдебиеттерде «игілік» категориясы  әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принцептері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игіліктің бұл анықтамасы толық емес, себебі ол затпен ұсақ-түйекпн ғана шектеледі. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Адамнығ сұранымын қанағаттандыру үшін көп уақыт жұмсалса, шектелілік дәрежесі тым жоғары болады.

     Игілік  экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экоомикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет <<экономикалық игіліктер >> ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.

Информация о работе Тауар туралы тусиник