Сыбайлас жемқорлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 13:29, реферат

Описание работы

Мемлекет 1998 жылдың 2 шілдесінде ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдады. Тиісті үкіметтік бағдарламалар бекітілді, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексі енгізілді (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережесі). Заңның 6 бабына сәйкес осы уақытқа дейін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті болып келді.

Работа содержит 1 файл

Сыбайлас жемқорлық.docx

— 331.66 Кб (Скачать)

Сыбайлас  жемқорлық

     Мемлекет 1998 жылдың 2 шілдесінде ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдады. Тиісті үкіметтік бағдарламалар бекітілді, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексі енгізілді (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережесі). Заңның 6 бабына сәйкес осы уақытқа дейін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті болып келді. Бүгінгі күні бірде-бір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет туралы заңдарды зерделеп, сынақ тапсырмайынша жұмысқа қабылданбайды. Мәселенің осылай қойылуынан сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылық жасау дерегі, ал қылмыс мүлде азаю керек еді. Алайда деректер кері көрсеткішті көрсетіп отыр. 
Облыстың қылмыстық ізге түсу органының статистикалық деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 99 қылмыс тіркелген, 2009 жылдың осы кезеңінде 95 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, яғни тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары 4,2 % өскен.  
Облыс бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген жалпы қылмыс санының 1,2 % құрайды, 2009 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,1 % тең болған.  
Сыбайлас жемқорлық қылмысының көпшілігі Өскемен (27 не 27,3 %), Семей (13 не 13,1 %) қалаларында жасалғаны анықталған. 
Аудандар арасында сыбайлас жемқорлық қылмысының көпшілігі Зырян ауданында – 17, Шемонаиха ауданында – 10, Күршім ауданында – 6, Бесқарағай ауданында – 5 анықталған.  
Қаржы полициясы органымен (82) 82,8 %, ішкі істер органымен 11, ҰҚК органымен 5 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған.  
Сыбайлас жемқорлық қылмысының  құрамында келесі қылмыстар  басым болып келеді. «Қызметтік жалғандық жасау» (35,3), «Пара беру» (19,2%), «Пара алу» (17,2%), «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» (18,2%).

 
Ағымдағы жылы облыстың құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 82  тұлға анықталды, олардың 50 тұлғасы сотқа жіберілді. Ағымдағы жылы әр түрлі жазалау шараларымен 38 тұлға сотталды.  
         Қылмыс жасаған тұлғалардың барлығы пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін жасаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет құқық қорғау органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі, алайда онымен күрес нәтижесі жайлы ауыз толтырып айтарлықтай емес. Бұны өткен жылдың 1-жартыжылдығының статистикалық көрсеткіштері дәлелдейді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық  мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде жүйелі сипат алуын жалғастыруды айта кету керек.  Көбінесе,   ішкі істер органдарының, білім беру, ауыл шаруашылық, еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау саласының  қызметкерлері арасында кездеседі.  
        ШҚО арнайы күзет қызметі басқармасының аға инспекторы облыстың арнайы күзет қызметі басқармасына жұмысқа орналастыру үшін 300 000 тенге сома пара алған. Осы дерек бойынша пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Қылмыстық іс сотпен қаралды, айыпталушының 3 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі жөндеу колониясында өткізуге, мүлкін тәркілеумен 3 жыл мерзімде мемлекеттік қызметте лауазым атқармауға үкім шығарды.    
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері туралы статистика мәліметтері ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» Заңының 3 бабы 3 бөлігінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілермен, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті тұлғалармен жол берілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны 12% болмашы ғана азайып, бұрынғы деңгейде сақталғанын көрсетеді.   
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен 2010 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған  133 тұлғаға қатысты мәліметтер тіркелген. 2009 жылдың 6 айында ШҚО бойынша 176 тұлға тіркелген.  
129 тұлға Заңның «сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар»  қарастырылған 12 бабындағы  негіздер, яғни сыбайлас жемқорлықтың алғашқы сатысына тән сипат бойынша жауапқа тартылған.  
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық - өз мүддесі үшін заңсыз жолмен материалдық және заңды  артықшылқтар алу.  
Егер 2009 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке 130 қызметші, 2010 жылдың осы кезеңінде 115 қызметші  тартылған. 2009 жылы облыс деңгейіндегі атқарушы органдар басқармасының жетекшілері үш рет тартылған, ал 2010 жылы бұндай деректер тіркелмеген. Сонымен қатар көрсетілген кезеңде  сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке 3 ауылдық округ әкімі тартылған, 2009 жылы осы кезеңде 6 әкім жазаланған. Әкімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың төмендеуі 50% құрайды.  
Негізінен шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге, сондай-ақ кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез-келген жәрдем көрсетуге бағытталған әрекеттерге жауапкершілік қарастырылған 12 баптың 1 тармағы 4,5 тармақшалары қолданылған. Олардың саны 120 немесе 83% құрайды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу мердігерлерден тауарлар мен қызметтерге конкурс өткізгенде және жұмысқа алған кезде заңсыздыққа жол беру болып саналады, мысалы, көрсетілген іс әрекеттер нақты орындалғанға дейін жұмыстың орындалғаны немесе жабдықтардың жеткізілгені туралы актілерге қол қою фактілеріне жол беру. Сондай-ақ тармақшалардың тізіміне әкімшілік жауапкершіліктен, анықтамалар және т.б. беруден заңсыз босату жатады.   
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған тұлғалар қайтадан мемлекеттік қызметке кіру құқығынан біржолата айырылады. Мүмкін осындай қатаң шара 2010 жылы 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін жұмыстан босатылған тұлғалардың санының азайуына себеп болған шығар. 2009 жылдың 1 тоқсанының нәтижелері бойынша жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік шара қолданылған 19 тұлға тіркелген, ал 2010 жылы ондай тұлғалардың саны 7. 
Ең басты себеп, басшылардың жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерді жазықты болса да, жұмыстан шығару туралы мәселені қоюды қаламауы, мемлекеттік қызметке  түсуге конкурстық іріктеу шарттары, мемлекеттік қызметтің жеке санаттары бойынша төмен еңбекақы.  
Құқық бұзушылық үшін 12 баптың 1 тармағының 4,5 тармақшасында қарастырылған тәртіптік әсер ету шараларын күшейту мемлекеттік сатып алуды тиімді жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрлар құрамының болмауына әкеліп соғуы мүмкін. 
          2009 жылы және 2010 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған 27 тұлғаға қатысты мәліметтер есептен алынды. 
ҚР заңнамасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жаза мерзімі реттелген, ол 6 айды құрайды, осы мерзімнің аяқталуы бойынша тәртіптік жаза алынды деп саналады. Алайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабының 4 тармағының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар мемлекеттік қызметке түсу құқығын шектейтін мерзімдер белгіленген. 
Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексінің 5 бөлімінің 7 тармағы «Мемлекеттік қызметкерді көпшіліктің алдында сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптаған жағдайда теріске шығару бойынша шаралар, соның ішінде соттық тәртіпте қолдануға» міндеттейді. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар сотқа өте сирек шағымданады. Не олар бұның құқықтық салдары неге әкелетінін түсінбейді, не жұмыс   орны бойынша жанжалдың болуынан қауіптенеді. 
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметтер аумақтық басқармада тіркелген күні бірден Комитеттің Орталықтандырылған деректер банкіне түседі. 
Мәліметтерді есептен алу тәртібі Н.№ 1К статистикалық кәртішкесін қойған органның қабылдаған шешімнің күшін жою туралы хабарлаудың негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан тіркелген тұлғалардан тікелей Басқармаға тәртіптік жауапкершілікке тартылған жөнінде күшін жою туралы соттың шешімі түссе де, жөнелту және хат алмасу себептері бойынша мәліметтерді есептен алу рәсімі созылады. 
          Мемлекеттік қызметкердің беделін, мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық құрамының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 3 бабының 2 және 3 бөлімдерінде көрсетілген барлық тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметке түсуге үміткер тұлғалар және әкімшілік мемлекеттік қызметкердің басқа мемлекеттік лауазымға ауысқан кезде тексеру заңмен қарастырылған. 
Тексеру мемлекеттік органдардың кадр қызметі жолдаған бекітілген үлгідегі Талаптың негізінде жүргізіледі. Талапта қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, жұмысқа қабілеттілігі, белгілі бір қызмет түрімен айналасуға шек қойылуы туралы мәліметтер көрсетіледі. Талаптағы мәліметтерді міндетті түрде қолдану қажет. 
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабының 4 тармағында мемлекеттік қызметке түсуге кедергі келтіретін шектеулер көрсетілген. Кадр жұмысы бойынша қызметкер шектеулерді арнайы есепке алу мәліметтері бойынша алады.  
Мемлекеттік қызметке: 
- жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған; 
- мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 
- мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаєаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған; 
- мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды. 
Сыбайлас жемқорлық жүйелігі барлық қоғамның  күш-жігерін, ең алдымен, оның салдарымен күресуге емес, себептерін түп-тамырымен құрту, яғни осы келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы әрекет бойынша шараларды іске асыруға бағыттау қажеттілігін талап етеді. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғамда қалыптасқан көптеген лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайласқандығына сенушілік, халықтың белгілі бір бөлігінің оларды өздерінің заңды немесе заңсыз сұрақтарын шешу мақсатында параға сатып алуға пихологиялық дайындығы, сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін болатын қатерді мүлде сезінбеуі елеулі қиындатады. 
Қабылданған заңдардың орындалу үшін заңды және жеке тұлғалар өздерінің құқықтарын сотта да және басқа да мемлекеттік органдарда да орындалуын талап етуі қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазалау туралы мәселені қарастырған кезде қаталдық приципін емес, ал заң алдында барлығы да тең екенін есепке ала отырып, жазалаудың бұлтартпауын басшылыққа алу қажет. Осы іске асқан кезде ғана сыбайлас жемқорлықпен күрес алға басады.
 

Информация о работе Сыбайлас жемқорлық