Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 20:41, курсовая работа
Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні — адам психиқасының жас ерекшелігі динамиқасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас: ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы Педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
І Кірісре
І. Психологияның жас ерекшелігі
2. Педагогикалық - психологиялық пәні
ІІ Негізгі бөлім
Студенттің жас ерекшелігі педагогикалық психологияның пайда болуы және дамуы
Студенттің жас ерекшелігі психологиясы
А.С. Макоренко және педагологиялық психология.
Л.С. Высотскийдің жоғарғы психологиялық функцияларды дамыту теориясы
Студенттердің мінез-құлқы туралы жалпы ұғым
Қазіргі советтік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Биогенетиктер
де, социогенетиктер де баланың психикалық
дамуының қайнар көздері мен мехаипзмдері
жөніндегі дұрыс түсіпік бере алмады.
Бұл міндетті жүзеге асыруға педология
деп аталған арнайы пәннің де қабілеті
жетпеді.
А. С. Макаренко және Педагогикалық психология. Бала және оның дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысымда қалыптасқан А. С. Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі онын орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинактап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Макаренконың ғылыми концепциясында жеке адамның даму психологиясы әр қырынан алынып (жеке адам мен коллективтің өзара қарым-қатынасы, жеке адам дамуының перспективалық жолдары, жеке адамның мотивтік сферасының қалыптасуы, мінез-құлықтың қалыптасуы т. б.) қарастырылды.
Жеке адам психологиясының түйінді проблемаларын Макаренко жеке адам мен коллективтің қарым-қатынасын биогенетика және социогенетиқа тұрғысынан түсіндірушілермен өткір айтыс үстінде шешті. Социогенетиктердің коллективті қайсыбір тітіркендіргіштерге біркелкі жауап беретін индивидтер жиынтығы деп дәлелдеуі Макаренконың қарсылығын туғызды, ол коллективті ұйымдасқан жеке адамдардың мақсатқа бағытталған комплексі деп қарады. «Коллективтік ұйым бар жерде коллектив органы, коллектив сенген өкілетті адамдар ұйымы болмақ және жолдастың жолдасқа қарым-қатынас мәселесі — достық мәселесі сүйіспеншілік мәселесі емес, көршілік мәселесі емес, жауапты тәуекелділік мәселесі».
Мәселені былай қою Макаренкаға жеке адамның коллективтегі жағдайын өзгерте отырып, оған елеулі қалыптастырушылық ыкпал жасауға мүмкіндік берді. Оның үсіне тәрбиелеуші өзінің тәрбие объектісі болып отырғанын (параллельді әсер ету принципі) сезбей де қалатын.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл алдымен тәрбие мақсаты әрбір жеке адамның қасиеттерін, мінез-қүлық көріністерін және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке адам үшін айқын белгіленді. Педагогтың жалпы комплекске біріктірген жеке адам белгілері тізбегінің өзі-ақ («адамның коллективте өзін-өзі сезінуі, оның коллективтік байланыстары мен әрекеттерінің сипаты, тәртіптілігі, іс-әрекет жасауға және тежелуге даярлығы, әдеп пен бағдарлау қабілеті, принциптілігі мең эмоциялық перспективалық талпыныстары совет адамының елеулі қасиеттеріне терең пснхологиялық талдау жасағанын көрсетеді. Макаренконың «Тәрбие процесін ұйымдастыру методиқасы» деген еңбегіндегі тәрбиеленушілерді зерттеу схемасы да, тәрбиеленушілердің жеке басының белгілерін қысқа да дәл суреттей отырып, оларға берген тамаша мінездемелер де осыны дәлелдейді.
А. С. Макаренко жеке адамның мотивтік сферасын оның қоғамдық сапаларының қалыптасу заңдылықтарын терец зерттеді. Оныц ішінде қажеттіліктерді дамыту мен қалыптастыру проблемасы өзекті дерлік орын алады. «Тәрбие жұмысының аса терең мәні... адам қажеттіліктерін таңдап алу мен тәрбиелеуде, оларды тек тапсыз қоғамда ғана болуы мүмкін және адамды одын әрі қарай жетіле беруі үшім күреске итермелейтім адамгершілік биіктікке әкелуде болып табылады. Макаренко шығармаларында коллектившіл болу қажеттілігін торбиелеуге басты роль беріле отырып, жеке адам дамуының козғаушы күштерін зерттеудің кең де батыл программасы жасалынған.
Еңбек пен қоғамдық іс-әрекет процесінде қалыптасқан жеке адамды тұтас талдау мүмкіндігі совет психологтарының алдында алғашкы рет дерлік Макаренко еңбектерінде ашылып көрсетілді. Макаренконың психолог ретшдеті мейлінше құнды ерекшеліғі жеке адамды психологиялық зерттеудегі енжар пайымдаушылықты жеңе білуінде болды. «Тәрбиеленушіні білу тәрбиешіге оны қалай болса солай зерттеу процесінде келмей, онымен бірлесіп жұмыс жасау және оған белсенді көмек беру процесінде келуі тиіс. Тәрбиеші тәрбиеленушіге зерттеу объектісі ретінде емес, тәрбие объектісі ретінде қарауы керек».
Студенттердің мінез-құлқы туралы жалпы ұғым
Әр адам
сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне
өз әлінше түрліше жауап қайтарып
отырады. Бұл жауап реакциялары
оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас
жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп
беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне,
мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп
әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің
болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының
нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін
жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы
оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан
мінез бітістерінің кейде оның сыртқы
ортамен жасайтын негізгі қатынастарына
сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен;
біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде
адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты
мінез қатынастарының тұрақты жүйесі
жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің
тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып
кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын
және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын
сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол — көп
қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің
қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп.
Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері
болып табылғанмен кез келгені мінездің
бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның
негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге
болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен
қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді.
Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі
сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық
жағынан тәрбиелілігі, бірқлыптылығы,
толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы
оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез
адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның
айналасымен байланысы тұрғысынан да
сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм,
адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір
тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік,
өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік
пен адалдық — мінездің осы сапасының
негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары,
талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық
мінезді адам дейді. "Адамның басына
қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа
байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының
бірі -- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам
құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні
ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің
мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты
да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай,
бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын
бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның
саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен
туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір
сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын
белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың
жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі
көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы
болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды,
керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен
жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай
мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің
күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған
кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам
ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы
сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды.
"Бойда қайрат, ойда көз, болмаган соң
айтпа саз"деп Абай тегіннен тегін айтпаған.
Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның
байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге
көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса
ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды.
Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына
айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік
сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет
ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны
сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман
болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда
бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда
айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін
үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді.
Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей
жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда
түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған
қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай
салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде
батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай
қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез
үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор.
Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай
алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті
сол кісінің мінез бітісі деп санауға
болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен,
атап айтқанда, қабілет, темпераментімен
тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің
дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің
болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық,
уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік,
энтузиазм сияқты мінез бітістерінің
қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі
түсінікті. Ал темперамент болса, мінез
бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді.
Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің
де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады.
Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің
қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі
де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос,
сылбыр келеді.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін
жоғары жүйке қызметінің тума типтері
мен өмір сүру барысында қалыптасатын
уақытша жүйке байланыстарының өзіндік
"құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде
ол былай деп жазды: "...адамның мінез-құлқының
бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне
ғана байланысты болып қоймайды, сонымен
бірге, организмнің жеке өмір сүру барысында
болатын ықпалдарға да байланысты, демек,
кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу
немесе үйрету жұмыстарына да байланысты
болады"103.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен,
әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері,
оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар т.
б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар
мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады.
Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол
өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала
туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті,
не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі,
ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің
сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің
ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның
сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы
белсенді қарым-қатынас. "...Сөз жүзінде
емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге
асыруға болады" (Әл-Фараби). Сондықтан
да оны қоршаған ортасына ғана төселмей,
өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті
өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы
іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында
шешуші рөль атқарып отырады. Адамдардың
өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше
болатындықтан, оның мінез бітістерінде
басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік
көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса,
адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан,
көпшілікке ортақ мінездері де болады.
Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде
сөз болғанда мінездің дара және типтік
бітістерін қоса еске алып отыру қажет.
Типтік мінездер — белгілі тарихи-қоғамдық
жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден
әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне
сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын
алып отырады. Меселен, қарама-қарсы тап
қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық,
капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі
ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда
әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері
де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен,
зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын
капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы
баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс
жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейді.
Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне,
психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
"Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар
тудыратын болса, онда сол жағдайларды
адамға тиімді етіп құру қерек"— деп
жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін
белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар
мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл
психикалық тұрпатынан байқалатын мінез
бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады.
Мұның біріншісіне адамның басқалармен
қатынасын білдіретін мінез бітістері
кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық,
үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы
жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық
т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ
адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын
білдіретін мінез бітістері де жатады.
Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, иницитивалық,
салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық
т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін
мінез сипаттары да осы топтың негізгі
бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық,
өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік
және бұларға қарама-қарсы әр көкіректік,
мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның
өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай
қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл
топты мінездің еріктік сапалары немесе
мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да
адамның жалпы ұстаған бақыты мен дүниетанымына,
жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің
мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан
да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен
мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос
"пысықтығын" мінездің еріктік сапаларына
кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті
және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге
бөлінеді. Күшті мінезге -мақсатқа талпынғыштық,
дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық,
шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік
т.б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық,
қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т.б.
кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз,
сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т.б.
түрлерге бөлінеді.
Л. С. Высотскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20—30-жылдары. С. Высотскийдің жоғары, психикалық функцияларды дамыту теориясы қалыптасады.
Высотский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерің өзгертудегі еңбектің ролі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек — адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практиқалық іс-эрекетінде құралды колданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді т. б.) пайдалануы негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді.. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылықтрдың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сырттары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетініц құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-ққлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңитіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түсіреді.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсілдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру процесінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін уйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психиқа дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л. С. Высотскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Высотский былайынша түжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі — әлеуметтік, кейін — психологиялық, алдымен интерпсихикалық қатегория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық қатегория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. «Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеу-меттік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет».
Бала тілінің дамуында маңызды роль атқаратын, Л. С. Высотскийдің сөзімен айтқанда, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының ең көме негізі болын саналатын көрсеткіш ымның тарихы, міне осындай.
Ақыл-ой
дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген
бақылаулар бала белгілерді қолданған
жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі
сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін
көрсетіп отыр. .Ал, белгілерді қолдану
бөгелгеп немесе қалыптаспаған
жағдайда ақыл-ой дамуыныда да бөгеліске
түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталады.
Қазіргі советтік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы советтік психология ғылымының ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларын ғылымды күрделі еңектерімен байытқан белгілі советтік психолог ғалымдар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Цавыдов, А. В. Запорожец, Л. В. Занков, Г. С. Костюк, А. II. Леонтьев, Н. А. Менчинсқая, II. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин т. б. нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.
Қазіргі
совет психологиясының маңызды концепцияларының
негізіне жеке адамның іс-әрекеті арқылы
белсенді түрде материалдық және рухаии
мәдениет заттарында сақталған адамзаттың
тарихи тәжірибесін иеленуі тиіс деген
Л. С. Высотский идеяларымен байланысты
пікір жатады. Тек сонда ғана жеке адам
қоғамның толық дәрежелі мүшесі бола алады.
«Бұл нәти-жесінде индивидумның тарихи
қалыптасқан адам қабілеттері мен функцияларын
қайта жаңғыртуды жүзеге асыратын процесс
болады.
Қорытынды
Психикалық даму әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолымен, оқыту арқылы жүзеге асады деген идея, тек оқыту психологиясы үшін ғана емес, сонымен бірге тәрбие психологиясы үшін де басты идея болып табылады. Әлеуметтік тәжірибені игеруші жас адамның жеке басында қалыптасуы автоматты түрде емес бүкіл тәрбиелік әсерлерді дәнекерлейтін (Л. И. Божоич, Т. Е. Конникова т. б.) оның ішкі жан дүниесінің, ішкі позициясының өзгеруі арқылы болады. Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін, оның мұратын бағалауын әрі өзінің бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекет мотивтерінің жиынтығы, позициясы жоғары саналынып өткен ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлі сыртқы іс-әрекет әсерлеріне жеке адамды біршама тәуелсіз етеді. Бұл идеяны жүзеге асыра отырып, совет психологтары жеке адамның психикалық процестері мен қасиеттерінің белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады. Психикалық дамудың жеткен дәрежесін тіркеумен ғана шектелген басқа психологиялық-Педагогикалық кондепцияларға қарама-қарсы, совет зерттеушілері белсенді қалыптастыру жолымен баланың психикалық дамуыныда эксперименттік үлгісін жасау қажет деп есептеді.
Жалпы
жас сипаттамасьпшц орташаланып
алынғанын есте ұстаған дұрыс. Педагогикалық
жұмыста балалардың жас ерекшеліктерімен
қоса, бір жас тобындағы балалардың өзінде
елеулі айырмашылығы болатын олардың
дара ерекшеліктерін де көріп отыру
қажет.
Әдебиеттер
Высотский Л. С. Развттие высших психических функций. М., 1960.
Исследование развития познавательной делтельности. Редакцнясын басқарғандар: Дж. Брупер, Р. Олвер және П. Гринфилд, М., 1971.
Обучение и развитие. Редакциясын басқарған Л. В. Занков. М., 1975.
Опыт системного исследовання психики ребенқа. Редакциясын басқарған Н. И. Непомнящая. М., 1975.
Пономарев Я. А. Знание, мышление, умственное развитие. М., 1967.
Проблемы диагностики умственного развития учащихся./Редакцнясын басқарған 3. И. Қалмыкова. М., 1975.
Развитие ребенка. Редакциясын басқарған Л. В. Запорожец пен Л. Э Вен-тер. М., 1968.
Информация о работе Студенттік кездің жас ерекшелік психологиялық өзгешеліктері