Стратегия

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:36, реферат

Описание работы

Мың құбылып, таңдандырып және үміттен озып, әркімнің өміріндегі таптырмайтын және үйреншікті бөлігі болу!
Топтың міндетінде келесі ұғымдар негізгілер болып табылады:
болу – Топтың стратегиясына сәйкес оның өзгеру негізін салу;

Работа содержит 1 файл

Стратегия.doc

— 54.50 Кб (Скачать)

Стратегия

1) Топтың міндеті

Мың құбылып, таңдандырып және үміттен озып, әркімнің өміріндегі таптырмайтын және үйреншікті бөлігі болу!

Топтың  міндетінде келесі ұғымдар негізгілер болып табылады:

болу – Топтың стратегиясына сәйкес оның өзгеру негізін салу; 
таптырмайтын – инновацияларда, бағада, география және қызметтер кешенінде көшбасшылық есебінен нарықта бірегей ұсынысты ұсыну жолымен бәсекелесу; 
үйреншікті – қолайлылық, қол жетімділік, тұрақтылық; 
өміріндегі бөлігі – қатынасу ортасын құру, ақпарат алу және алмасу, білімді басқару, көңіл көтергіш және әлеуметтік бағыттылық; 
әркімнің – барлық сегменттер, саралап амал табу; 
мың құбылып – технологиялар, нарық, сұраныс және бәсекелестік жағдайдың өзгерістеріне уақытылы және икемді әрекет етуге бағдарланған Компания құрылымы мен үдерістері; 
таңдандырып – бірегей клиенттік тәжірибеге жету; 
үміттен озып – қажеттіліктер тудыру және қанағаттандыру, инновациялардағы көшбасшылық.

2) Топтың көзқарасы

Өзінің акционерлері үшін Қазақстан нарығы мен шетелде  төмендегілердің жолымен құнды құрайтын инфокоммуникациялар нарығындағы ірі аймақтық шоғырландырылған оператор:

  1. ҚР инфокоммуникациялар нарығының барлық басты сегменттерінде жетекші орындарды қалыптастыру және нығайту;
  2. өнімдер жиынтығын кеңейту;
  3. қатысушы елдердің телекоммуникациялық нарықтарында бизнес географиясын кеңейту және жетекші орындар алу;
  4. инфокоммуникациялар саласында жаңаша әлемдік технологиялар және үздіксіз өсу кепілі мен көшбасшылық ретінде бизнес-үдерістерін енгізу;
  5. Компанияның клиенттік топтарының байланыс қызметтерінде барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын толық инфокоммуникациялық шешімді ұсыну арқасында ҚР телекоммуникациялық нарығында көшбасшылық орындарды алу және сақтап тұру;
  6. Топпен өзінің еншілес компаниялары үшін, әсіресе, қызметтің тиімділігін арттыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру саласында құрылатын қосымша құнды қолдану;
  7. мың құбылып, таңдандырып және үміттен озып, әркімнің өміріндегі таптырмайтын және үйреншікті бөлігіне айналу.

3) Стратегияның негізгі ережелері

Стратегияның  негізгі мақсаты Топ құнының ұзақмерзімді артуы болып табылады. Қойылған мақсатқа жету Топтың сыртқы да, ішкі де қызметінің қажетті бағыттарында Топтың келісілген дамуымен қамтамасыз етіледі.

Топтың  негізгі мақсатына жетуге төмендегі  нарықтардың синергия әлеуетін жүзеге асырумен өзара бекітілген және келісілген ҚР басты инфокоммуникациялар нарықтарында жетекші орындарды қалыптастыру және нығайтудың стратегиялық даму бағыттары тікелей үлес қосады:

  1. мобильдік байланыс нарығында нығаю;
  2. бекітілген байланыс нарығында даму;
  3. контент пен қосымшаларды ұсыну нарығында көшбасшылыққа жету;
  4. корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер нарығында даму;
  5. оптикалық телекоммуникация нарығында нығаю.

2020 ж.  қарай жоғары бәсекелес мобильдік байланыс нарығында Топ өзінің орнын нығайтуды жоспарлайды және осы бағытта қазіргі заманғы технологиялардың негізіндегі қазіргі заманғы мобильдік байланыс қызметтерін ұсыну, тиісті түпкілікті абоненттік құрылғылардың енуіне ықпал ету және мобильдік кеңжолақты қатынау нарығында өзіндік құнды төмендету жолымен тұтынушылық сұранысты ынталандыру бойынша басты бағдарламаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Бекітілген байланыс нарығында өсудің негізі бекітілген кеңжолақты қатынаудан түскен табыстардың жылына 9%-ға елеулі арту тренді, сондай-ақ қосымша құнмен қазіргі заманғы қызметтердің, ең алдымен конвергенттік бекітілген және мобильдік қатынау негізіндегі контент пен қосымшалар үлесінің арту жағына қарай құрылымның өзгеруі болып табылады. Топтың осы бағытта дамуы қолданыстағы бекітілген байланыс, Интернетке жоғары жылдамдықты бекітілген қосылыс беру, арналарды жалға беру және резервтеу, жеке виртуалды желілерді (IP VPN) ұсыну және бекітілген қосылысқа негізделген қызметтерді пакеттеуді қоса алғанда, бірінші кезекте қазіргі заманғы оптикалық талшықты технологиялардың базасындағы қызметтерді дамыту жөніндегі басты бағдарламаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Жетекші талдау агенттіктердің болжамдары контент пен қосымшалардың нарығында операторлардың табыстар үлесінің өсімге деген одан арғы беталысын сақтай отырып, 2014 ж. аяғына қарай 20-25% дейін елеулі артуын анықтайды. Контент пен қосымшалардың нарығында жетістіктің елеулі құрамдасы елеулі өсімм болжанатын ақылы теледидар қызметі болып табылады. Бұдан басқа, аталмыш бизнес түрінің бекітілген және мобильдік байланыс қызметіне сұраныстың синергетикалық арту, клиенттердің адалдығы арту бөлігінде маңыздылығы өте зор. Контент пен қосымшаларды ұсыну нарығында көшбасшылыққа жету контент пен қосымшалардың қолданыстағы қызметтерінің дамуын, сондай-ақ қызметтерді жаңа қызметтерді бастапқы іске қосу кезеңінде ең аз қаржы салымдарының деңгейімен нарыққа жеткілікті жылдам шығаруды қамтамасыз ететін бизнес-үлгілер мен технологияларға артықщылық беріп, контент пен қосымшалардың бәсекелес портфель құрудың басты бағдарламаларын жүзеге асыруын қарастырады.

Корпоративтік инфокоммуникациялық  қызметтер нарығы соңғы жылдар бойы тұрақты өсіп келеді, сонымен жетекші талдау агенттіктері оның одан арғы тұрақты өсімін болжайды, мемлекеттік, қаржылық және басқа секторларда АТ- және интернет-жобалардың дамуы байқалады. Аталмыш нарықтың жоғары әлеуетін, сондай-ақ корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер саласында Топтың күшті бәсекелестік орнын ескере отырып, осы бағыт Топ үшін келешегі бар болып табылады. ИКТ нарығында даму қызметтер мен шешімдердің бәсекелестік портфелін құру, ҚР-да жетекші инфокоммуникациялық қызметтерді жеткізуші ретінде жайғастырудың басты бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастырады, мемлекеттің инфокоммуникациялық технологиялары саласын дамыту бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс, жеке де, мемлекеттік компанияларды да корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету.

Халықаралық оптикалық телекоммуникациялық нарық сегментінде кіріс дауыс трафигінен түсетін табыстардың төмендеу және транзиттік сыйымдылықтарды ұсынудан түсетін табыстардың өсу тренді байқалуда. Осыған байланысты, Талшықты нарықтың халықаралық операторлық сегментінде Топтың стратегиялы түрде дамудың маңызды бағыты Еуропа – Орталық Азия мен Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарына транзит қызметтерін көрсету болып табылады. Бірінші бағыт бойынша Топ тарихи түрде трафиктің транзит қызметтерін негізгі жеткізуші болып табылады, сонымен күшейтілген бәсеке мен нарықтың өресіздік жағдайларында көшбасшылықты сақтап қалу стратегиясы таңдалды. Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты бойынша нарықта жоғары өсу көлемі мен қарқыны бар. Осыған байланысты, қолдағы бар жоғары бәсекеге қарамастан, аталмыш бағыт бойынша мақсатқа сай стратегия ретінде осы нарыққа шығу және нығаю стратегиясы таңдалды. Бұны жүзеге асыру үшін Топ осы бағытта Топтың шығуын және нығаюын жеделдетуі, транзит қызметін көрсету бойында қызметті көрсету және оның өзіндік құнын бақылауды қамтамасыз етуі, белгіленген сапа деңгейімен (SLA) транзит қызметтерін ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етуі және Топтың магистральдық транспорт желісінің қажетті кеңеюін уақытылы қамтамасыз етуі тиіс.

ҚР-дың  басты инфокоммуникациялар нарығында  жетекші орындарды қалыптастыру мен нығайту бойынша стратегиялық мақсаттарға жету өзара байланысты және бір-бірінен бөлек қарастырылмайды, осыған байланысты олардың арасындағы әлеует синергиясын жүзеге асыруға елеулі көңіл бөлінген. Синергия әлеуетінің негізі қызметтерді пакеттеу және шоғырлау, олардың конвергенциясын ұсыну болып табылады. Қосымша синергетикалық әсер барлық сату арналарын біріздендіру және қолдану мен көрсетілетін қызметтің барлық лайықты түрлеріне арналған Топқа қызмет көрсету, сондай-ақ барлық нарық түрлерінің қажеттіліктері есебімен өнім портфелін келісілген құру жолымен жүзеге асырылады.

Әдеттегі  нарықтардағы өсіп жатқан бәсеке, Топ үшін салыстырмалы түрде жаңа нарықтарда даму қажеттілігі, сондай-ақ осы нарықтардың барлығында жұмыс жасау үшін елеулі өзгертулер мен оларға синергия әсеріне жету қажеттілігі жағдайларында, Топқа клиентке бағдарлау әлеуетін және активтерді басқаруды жүзеге асыруға күш салу қажет.

Клиенттерге бағдарлау әлеуетін жүзеге асыру клиенттер туралы білімді жақсарту, бәсекелес деңгейі мен төлемге қабілетті сұранысқа сәйкес келетін қызметтердің өнімдік портфелін құру, қызметтерді жекелеу қолайлы және икемді мүмкіндіктерін ұсыну, нарық пен технологияларға байланыссыз, сату мен клиентке қызмет көрсету үшін жауапкершілікті орталықтандыру деңгейін көтеру, Топтың клиенттермен өзара әрекет етудің барлық аспектілерін қабылдауды талдау және жасқарту, клиенттердің адалдық деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдармен іскерлік қатынастардың дамуын қарастырады. Основной целью ориентации на клиентке бағдарлаудың негізгі мақсаты тиісті шығындарды шегергендегі табыстарды ұзақмерзімді келешекте максимизациялау болып табылады.

Активтерді басқару әлеуетін жүзеге асыру активтерді біріктіру мен игерумен және терең шоғырлау деңгейін кейінгі орындаумен қамтамасыз етіледі. Мобильдік байланыс нарығында Топтың қатысуын кеңейтуді меншікті компаниялардың базасында инфрақұрылымды құру жолымен жүзеге асыру орынды. Халықаралық оптикалық телекоммуникациялық нарық сегментінде нығайту үшін шетел елдерінің аумағында, ең алдымен Ресейден қолайлы активтерді сатып алу қажет. Бекітілген кеңжолақты қосылыс, корпоративтік ИКТ және контент пен қосымшалар нарығы сияқты, мұндай бизнес бағыттарын дамыту біріктіру мен игеру бөлігінде құрамдастырылған амалдарды қолдана отырып, яғни Топтың меншікті активтері базасында инфрақұрылымды құрумен бірге компанияларды сатып алу арқылы жүзеге асыру орынды.

Топ, ҚР ірі телекоммуникациялық операторы  бола отырып, ҚР әлеуметтік маңызды  инфокоммуникациялар саласының  жағдайына елеулі әсер етеді және қоғам алдында корпоративтік әлеуметтік жауапты (КӘЖ) болатындығы соншалықты, Топтың тиісті стратегиялық даму бағытымен қолдау көрсетіледі. «2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында» анықталған ҚР экономикасын жаңғырту және диверсификация бойынша стратегиялық бағытты жүзеге асыру үшін Топ қазақстандық қамтудың дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік және мемлекеттік маңызды міндеттерді орындау Топтың ҚР мемлекеттік органдарымен тиімді ынтымақтасуға мүмкіндік туғызатындығы соншалықты, нәтижесінде Топтың жетекші орындарын басты нарықтарда нығайту мен құруға үлес қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, қазақстандық контент пен қосымшалардың өндірістік көлемін арттыру есебінен пайдаланушылармен тұтынылатын интернет-трафик пен контенттің өзіндік құнын азайтуға назар аударылады, олардың отандық өндірушілеріне көмек көрсетілді.

ҚР  инфокоммуникациялық қызметтер  нарығында Топтың елеулі жағдайымен де, стратегиямен қарастырылған жаңа қызмет түрлерін көрсету үшін жаңа лицензияларды алу қажеттілігімен де туған мемлекеттік органдардың  тарапынан Топтың нарықтарын жоғары реттеу деңгейіне байланысты, ҚР реттеуші органдарымен өзара әрекет етуге ерекше көңіл аударылады. Бұл өзара әрекет ету салалық қызметті қолайлы нормативтік-құқықтық реттеу, Топқа реттегіш жүктемені азайту, әлеуметтік міндеттерді шешу кезінде келісуге боларлық табыстылықты қамтамасыз ету, Топқа әлеуметтік жүктемеге өтемақы ретінде пұрсаттылықтарды қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталады.

Жоғарыда  сипатталған барлық стратегиялық бағыттардың  негізі Топты басқаруды жетілдіру  және технологиялық даму болып табылады.

Топты басқаруды жетілдірудің стратегиялық даму бағыты оны жоғары конвергенция және шоғырлау дәрежесін, клиенттерге бағдарлау мен жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін құрылымға өзгертуге негізделеді. Өзгерту Топты басқару құрылымдарының кешенді даму және бизнес-үрдістерді жетілдіру жолымен іске асырылады. Топты басқару құрылымдарының мақсатты күйі келесі сипаттарға ие: Топ аясында бірыңғайланған, өзара шоғырландырылған, икемді, тиімді, орталықтандырылған әдіснамалы және аспапты түрде қолданған. Топты өзгерту барысында қызмет тиімділігін арттыру мен инвесторлардың сеніміне бағытталған корпоративтік басқаруды жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Технологиялық дамудың стратегиялық бағыты байланыс желілерін, операциялық қызметті қолдау және бизнес-шешімдерді қолдау жүйелерін, контент пен қосымшалардың технологияларын, корпоративтік ИКТ және корпоративтік басқару жүйелерін дамытудан тұрады.

Байланыс  желілерін дамыту транспорт желісі, зияткерлік тірек желісі, қатынау  желісінен тұрады және желілердің технологияларын таңдау мен жоспарлау, салу және қызмет көрсету үдерістерінің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Операциялық қызметті қолдау жүйелерін дамытудың негізгі міндеті байланыс желілерінің талап етілетін сапа және сенімділік деңгейіне сәйкес ИКТ қызметтерін көрсету инфрақұрылымының, сондай-ақ контент пен қосымшалардың саласында қызметтерді көрсету үшін инфрақұрылымның қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бизнес-шешімдерді қолдау жүйелерінің дамуы түрлі  деңгейдегі менеджерлерді шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай ақпаратқа негізгі талаптар оның дұрыстығы, уақытында болуы, сондай-ақ тиісті нақтылау деңгейі болып табылады.

Контент пен қосымшалардың технологияларын  енгізудің негізгі салалары жеткізушілер және серіктестермен өзара әрекет жасау үшін, сондай-ақ құру, желімдеу мен таратуды қоса алғанда, контент пен қосымшалардың нарығында құндылықтар туғызу үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету болып табылады. ИКТ инфрақұрылымының дамуына жүйелік шоғырлау жобаларын жүзеге асыру, корпоративтік инфокоммуникациялық шешімдерді, байланыс желілерінің инфрақұрылымын, есептеуіш қуаттылықтарды, деректерді сақтау жүйелері мен сервистер түріндегі («бұлтты» шешім) корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер нарығында басқа да қажетті ресурстарды техникалық қолдау көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету жолымен қол жеткізіледі.

Стратегияның  негізі инновациялардың әлеуетін жүзеге асырудың стратегиялық даму бағыты болып табылады, оның аясында инновацияларды басқару дамытылады және инновациялық ой қалыптастырылады. Инновацияларды әзірлеу және енгізу бизнес-үлгілер мен өнімдер, Топ пен басқару құрылымдарын өзгерту, технологиялар, сондай-ақ қауіпсіздікті арттыру, энерго- және ресурсты жинауға топтастырылады.


Информация о работе Стратегия