Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:29, реферат
Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылғы 1 сәуірдегі шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2010 жылғы уқсас кезеңнен 1% артты және 59375 бірлікті құрады.
Облыс бойынша шағын және орта бизнестің белсенді убъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 224 бірлікк артты және 4893 кәсіпорынды құрады, 2010 жылдан 4,8% артық.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім (тауарлар, қызметтер) шығару 101,1 млрд. теңгені немесе 2010 жылға 10,3,1% құрады.
Шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 214650 адам немесе 100,1% құрады.
Шығыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті
дамыту және қолдау туралы
ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылғы 1 сәуірдегі шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2010 жылғы уқсас кезеңнен 1% артты және 59375 бірлікті құрады.
Облыс бойынша шағын және орта бизнестің белсенді убъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 224 бірлікк артты және 4893 кәсіпорынды құрады, 2010 жылдан 4,8% артық.
Шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім (тауарлар, қызметтер) шығару 101,1 млрд. теңгені немесе 2010 жылға 10,3,1% құрады.
Шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 214650 адам немесе 100,1% құрады.
Барлығы ағымдағы жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша шағын кәсіакерлік саласында 2072 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2011 жылғы 3 айдағы шағын
және орта бизнес
Қаржылай қолдау мақсатында өткен жылғы сәуірден бастап «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру басталды. Ағымдағы жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге бағдарламаның барлық бағыттары бойынша облыстың кәсіпкерлерінен жалпы сомасы 29,6 млрд. теңгеге 70 өтініш келіп түсті, соның ішінде:
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыты шеңберінде Өңірлік Үйлестіру Кеңесімен (Бұдан әрі - ӨҮК) кредиттің жалпы сомасы 17,8 млрд. теңге сомаға кәсіпкерлердің 25 өтінімдерінің кредиттерін субсидиялауға қолдады, оның кредиттерінің сомасы 13,9 млрд.теңгеге 21 ҚР экономикалық даму және сауда министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ЭДСМ) мақұлданды және кредиттерінің сомасы 3,9 млрд. теңгеге 4 уәкілетті органда келісуде.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ҚР экономикасын жаңарту мәселесі жөніндегі Мемлекеттік комиссиядағы жұмысшы топтарында қарауға облыстан 12 өтініш енгізілді. Қазіргі уақытта кредитінің сомасы 5,9 млрд. теңгеге 6 жоба субсидиялауға мақұлданды.
Барлығы ӨҮК және ҚР экономикасын жаңарту мәселесі жөніндегі Мемлекеттік комиссиядағы жұмыс топтар облыстан кредитінің жалпы сомасы 19,8 млрд. теңгеге субсидиялауға облыс бойынша 27 өтініш мақұлданды. аталған жобалар жөніндегі болжалды қажеттілік 2011 жылға субсидиялауға 1,3 млрд. теңгені құрды. Жобалар машина жасау, қағаз өндірісі және қағаз өнімдері, элекрт жабдықтары өндірісі, денсаулық сақтау және басқа салаларда іске асырылады.
Айтулы қаржыны орналастыру бағдарламасы бойынша «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейдегі банктер арқылы (1,2,3 транш) қайтқан қаржыдан шағын және орта бизнес субъектілерінен 656,2 млн. теңге сомаға 36 жоба қаржыландырылды.
Облыстық бюджет қаражатынан және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму-Регионы І» және «Даму Регионы-ІІ» бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 жобасын несиелендіруге 743,8 млн. теңге жолданды.
«Даму-Өндіріс» Бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 22,7 млн. теңге сомаға 2 жоба қаржыландырылды.
Екінші деңгейдегі банктердегің қаржыны айтулы орналастыру Бағдарламасы бойынша әйел кәсіпкерлігін кейінгі микрокредиттеу үшін 11,5 млн. теңге сомаға 6 несие берілді.
Облыста 28 микрокредиттік ұйым жұмыс істейді, соның ішінде 11 ауылдық ауданға қызмет көрсететін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталының қатысуымен құрылған 5 ұйым. Олармен 2011 жылғы 1 сәуірде 23,7 млн. теңге сомаға микрокредит берілді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 11,9 млн. теңгеге несие беретін 17 кредит бірлестігі қызмет етеді.
«Продкорпорация» АҚ уәкілдігімен көктемдік-суару және жинау жұмыстарына АӨК субьектілеріне 131,0 млн теңге бөлінді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалымен жалпы сомасы 100,4 млн. теңге несие берілді.
Ағымдағы жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ филиалы арқылы ауыл шаруашылық техикасын алуға және инвестициялық жобаларға 123,0 млн. теңге инвестицияланды, соның ішінде ауыл шаруашылық техникасы лизингі бойынша 59,0 млн. теңге, инвестициялық жобалар бойынша 64,0 млн. теңге.
Шағын кәсіпкерлік үшін берілетін қаржы көлемі бойынша несие көзі екінші деңгейдегі банктер болып табылады. 2011 жылы шағын бизнес субъектілеріне 7,6 млрд теңге берілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің облыстағы мемлекеттік сатып алу жөніндегі өткізілетін конкурстарға қатысуы қамтамасыз етіледі, аталған саты субъектілерінің көлемі ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 4,9 млрд теңгені құрады.
Отандық жеткізушілерді қолдау жөніндегі шаралар қабылдау мақсатында, шағын және орта бизнес субъектілеріндегі облыстың ірі компаниялармен іске асырылатын сатып алуды талдау өткізіледі. Ағымдағы жылы «Қазмырыш» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Титан-магний комбинаты» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС шағын және орта бизнестен жалпы сомасы 20,9 млрд. теңгеге өнім сатып алынды.
2011 жылғы 1 тоқсанда кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыру үшін 186 жер
учаскелері берілді,
«Алтай» Өңірлік ғылыми-технологиялық парк қызмет етеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде технопарк базасында кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету жөніндегі Сервистік орталық құрылды.
«Шығыс Қазақстан өңірлік бизнесті дамыту орталығы» АҚ қызмет атқарады. Семей қаласында «Өндіріс» және Өскемен қаласында «Өркен» индустриалық зоналары құрылды.
Кәсіпкерлердің 30-ға жуық бірлестігі қызмет атқарады.
Облыстың қалалары және аудандарында ақпараттық-кеңестік Бизнес-орталық құрылды (Семей қаласы, Курчатов, Зырян ауданы).
Европалық қайта құру және даму банкінің BAS бағдарламасының өкілі қызметін іске асырады.
Мемлекеттік органдардың қызметіндегі әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында және кәсіпкерлерге осы процеске белсенді қатысу мүмкіндігі үшін облыста шағын және орта бизнестегі әкімшілік тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына облыстық мемлекеттік органдардың басшылары және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің өкілдері кіреді.
Топтардың отырыстарында өңірдің бизнес-бірлестік проблемалық мәселелері қарастырылады, соның ішінде бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын аймақтық мемлекеттік органдардың басшыларын шақырумен қадағалау органдарының кәсіпкерлер қызметіне тексеру өткізуі.
2011 жылы алдағы жылға өңірдегі шағын бизнес субьектілерін тексеру саны азайды. Бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен облыстық құқық статистикасы жөніндегі комитет басқармасы және ҚР Бас прокуратурасының есебі бойынша ағымдағы жылғы 1 тоқсанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді белгілеу туралы 2815 акт тіркелді, 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 857 тексеруге аз (3672).
Талданып отырған кезеңде өткізілген тексерудің ең көп үлес салмағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында-1052 акт (тіркелгеннің жалпы санынан 37,4%). Аталған тексерулер халықтың санитарлық-эпидемилогиялық саулығы туралы заңнаманың нормаларын бұзуға бағытталған қызметтердің алдын алу мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетпен ТЖ облысында - 462 тексеру (16,4%), салық комитеті бөлімшелерімен - 559 тексеру (19,9%), ҚР ауыл шаруашылық министрлігі аймақтық инспекциясымен - 307 (10,9%) тексеру өткізілді. Әр түрлі деңгейдегі әкімдіктермен жалпы саннан 41 тексеру немесе 1,4% тексеру өткізілді.
Тіркеусіз өткізілген заңсыз тексерулер немес тексеруді белгілеу туралы акт шығару саны азайды, 2010 жылы 7-ден 2011 жылы 2-ге дейін.