Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:38, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі туындап, ақпараттық жүйелер кеңінен дамып, бухгалтерлік есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.
Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық
тұрғыдан зерттеу.
1.1 "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5
1.2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы......................................................................................8
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15

2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22
2.2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28
2.3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38

Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41

Работа содержит 1 файл

Алтуша курсовой.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

         Үстеме шығындар - өндірісті басқару мен қызмет көрсету мен байланысты шығындар.

         Шығындар өндіріс көлеміне байланысты  шартты тұрақты және шартты  өзгермелі болып бөлінеді.

         Шартты тұрақты шығындарға өнім  шығару көлемі өзгерген кезде  мөлшері өзгермейтін шығындар жатады.Өндірістің жайларын жылытуға, жарық беруге арналған шығындар жалпы өндірістік қызметкерлердің жалақысы, негізгі құралдар амортизациясы т.б.

         Шартты өзгермелі шығындарға  өнім шығару көлемінің өзгеруіне  сәйкес мөлшері ұлғайып, не азайып отыратын шығындар жатады. Бұл шикізат пен негізгі материалдар, жұмысшылардың жалақысы, технологиялық мақсатта отын мен энергия.

         Жоспармен қамтылу дәрежесіне  қарай жоспарланған және жоспарланбаған  деп бөлінеді.

         Жоспарлы шығындар өндірістік бағдарлама негізінде анықталады, яғни өндірістік бағдарламаны орындау үшін қанша шикізат, материал, еңбек ресурстары керек екені көрсетеді.

         Жоспардан тыс шығындарға ақаудан  болған шығындар, т.б. өндірістік  емес шығындар (материалдардың жетіспеушілігі мен бұзылуы, табиғи зиян нормаларынан тыс шығындар, аяқталмаған өндірістег жетіспеушіліктер т.б.) жатқызылады.

         Сонымен қатар барлық шығындар  өдірістік және өндірістік емес  болып бөлінеді. Өндірістік шығындарға  өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал өдірістік емес шығындарға өнімді өткізумен байланысты шығындар жатқызылады. Бұлай етіп бөлу өнімді өндіруге кеткен шығындарды, сондай-ақ олардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

         Шығындарды топтастыру мәселесін өзіндік құнның құрылымына байланысты экономикалық негізде шешуге шешуге болады. Түрлі шығындардың деңгейін төмендету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, өзіндік құнды төмендетудің жалпы қарқыны өзіндік құн құрылымымен қатар әрбір жекелеген шығын түрінің төмендеу қарқынына да байланысты болады. Мұнда материалдық шығындар мен еңбекақы шығындарының ара қатынасы, сондай-ақ материалдық шығындардың құрамы маңызды роль атқарады.

         Өнімнің өзіндік құнының құрылымы  шығындардың топтастыруына сәйкес  болуы керек. Шығындарды топтастырудың негізгі принципі оларды экономикалық элементтері және калькуляция баптары бойынша бөлу болып табылады.

         Шығындар бастапқы экономикалық  элементтері бойынша келесідей  топтастырылады:

         1. Материалдық шығындар;

         2. Еңбек ақы шығындары;

         3. Еңбекақыдан аударымдар;

         4. Амортизациялық аударымдар;

         5. Басқа да шығындар.

         Бұлай етіп топтастыру экономикалық  табиғаты біркелкі болғанда және  бірнеше өнімнің шығындарын жинақтағанда қолданылады. Ол кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттілігін, негізгі құралдардың амортизация сомасын, еңбек ақы шығындарын т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

         Осы элементтердің әрқайсысы  бойынша шығындар жөніндегі мәліметтер 8010 " Негізгі өндіріс " шотында жинақталады.

         Бухгалтерлік есеп шоттарының  жоспары экономикалық элементтер  бойынша барлық шығындар есебі  олардың шаруашылық процестері  арасында бөлінуін қамтамасыз  етеді. Бірақ шығындар құрамын  бақылау және өзіндік құнды  есептеу үшін өндірістік процесте не жұмсағандығымен қатар , бұл шығындардың қандай мақсаттарға бөлінгендігін, олардың технологиялық процеске қатынасын ескеру керек. Шығындар есебін осылайша жургізу өзіндік құнды оның құрамдас бөлімдері бойынша, сондай-ақ өнімнің кейбір түрлері бойынша талдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өзіндік құн есебін жүргізу және калькуляциялауда өндіріспен және өнім өткізумен байланысты шығындар баптар бойынша топтастырылады.

         "Шымкентсыра" АҚ өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есебін жүргізу және калькуляциялауда шығындарды келесі баптар бойынша топтастыру қабылданған:

1. Шикізат  пен материалдар;

2. Қайтымды  қалдықтар;

3. Қосымша  материалдар;

4. Технологиялық  мақсаттағы жылу;

5. Технологиялық  мақсаттағы энергия;

6. Технологиялық  мақсаттағы суық ауа;

7. Жұмысшылардың  негізгі еңбекақысы;

  1. Жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;
  2. Еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
  3. Үстеме шығындар;

         Енді осы баптарды жеке-жеке  қарастырайық:

         "Шикізат пен материалдар" -  дайындалған өнімнің негізін құрайтын немесе оны дайындау кезінде қажетті компонент болып табылатын шикізат пен материалдағы жұмсалатын шығындар.

         Шикізат пен материалдар негізгі  және қосымша болып бөлінеді.                    "Шымкентсыра" АҚ негізгі шикізат пен  материалдар:

  • арпа;
  • хмель;
  • су.

 Қосымша  материалдар:

  • кизельгур;
  • фильтркартон;
  • келкалоид;
  • тұрақтандырғыш заттар;
  • аскорбин қышқылы;
  • каустикалық сода;
  • келгонит;
  • солод;
  • сыра ашытқысы;
  • монокальций фосфаты;
  • тұзды қышқыл;
  • кроненпробка;
  • этикетка т.б.  (Қосымша 1)

        Кәсіпорында материалдар мен шикізаттарға жұмсалатын шығындардың үлесі жоғары 47.3 % (Қосымша 2) Өзіндік құн негізін осы шығындар құрағандықтан, материалдық ресурстардың есебін жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді.

         Кәсіпорында қосымша өңдеусіз  қайта пайдаланылатын немесе сыртқа сатылатын шикізаттар мен материалдар құны "Қайтымды қалдықтар" бабы бойынша көрсетіледі. "Шымкентсыра" АҚ қайтымды қалдықтарға сыра дробинасы, көмірқышқылы және сыра ашытқысы жатады. Олар келесі тәртіпте бағаланады:

         Сыра дробинасы - негізгі шикізат құнынан сатылу бағасы                       бойынша шегеріледі;

         Көмірқышқылы - өндіріс процесінде  қышқылды жинақтайтын қондырғыны  эксплуатациялау шығындарының негізінде;

         Сыра ашытқысы - өндіріске босатылған  ашытқы құнының 50 % мөлшерінде.

         "Технологиялық мақсаттағы жылу энергиясы" бабында негізгі өндірістің тікелей технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалған жылу энергиясы бойынша шығындар сомасы көрсетіледі. Жылу энергиясы бойынша жоспарлық шығындар өнім бірлігіне жұмсалатын энергия нормасының негізінде жекелеген отын түрлерінің құнын ескере отырып есептеледі. Оған көлік - дайындау шығындары және жылу қазандықтарын күту шығындарының сметасы қосылады.

         "Технологиялық мақсаттағы электр энергиясы" бабына негізгі өндірістің технологиялық қажеттілігіне жұмсалған электр энергиясы бойынша шығындар кіреді.Электр энергиясы бойынша шығындар оны сатып алуға, трансформациялауға және цех подстанцияларына жеткізу шығындарынан тұрады.

         Сыра суслосын салқындатуға және өндірістік процесстерді тиісті температуралық режимде сақтауға арналған суық ауаға жұмсалған шығындар "Технологиялық мақсаттағы суық ауа" бабы бойынша көрсетіледі.Суық ауа шығындары өнімнің жекелеген түрлеріне сыра өндірудің технологиялық процесінің ұзақтығы негізінде есептелген коэффициенттерге пропорционалды түрде жатқызылады. 

         "Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы" бабы бойынша өндірістік жұмысшыларға, сондай-ақ өнім өндірумен тікелей  байланысты инженер, технолог  мамндарға есептелген негізгі жалақы сомалары көрсетіледі. Егер өндірістік жұмысшылардың бір бөлігін тікелей белгісі бойынша өнімнің жекелеген түрлеріне жатқызу мүмкін болмаса, онда оны жұмыс көлемін, жұмыс орындарының тізімін, қызмет көрсету нормаларын ескере отырып сметалық ставканы есептеу негізінде өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.

         "Жұмысшылардың қосымша еңбекақысы" бабында еңбек жөніндегі заң  актілерімен немесе ұжымдық шарттармен  қарастырылған өндірісте жұмыс  істелмеген уақыт үшін төленетін  төлемдер,  кезекті және қосымша демалыс ақы т.б. сомасы бейнеленеді.

         "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" бабы бойынша еңбекақыдан ұсталып,  бюджетке аударылатын сомалар  көрсетіледі.

         "Үстеме шығындар" бабы бойынша  "Шымкентсыра" АҚ келесідей  шығындар көрсетіледі:

  1. Негізгі өндірістегі амортизация
  2. Көмекші өндірістегі амортизация
  3. Негізгі өндіріс бойынша жөндеу шығындары
  4. Көмекші өндіріс бойынша жөндеу шығындары
  5. Ведомстводан тыс күзет
  6. Жалпызауыттық ғимараттарды күтіп ұстау
  7. Көлік құралдарын күтіп ұстау
  8. Лабораторияны күтіп ұстау
  9. Еңбекті қорғау бойынша шығындар
  10. Суға ақы төлеу
  11. Басқа да шығындар - канцелярлық, типографиялық, байланыс 
  12. Өнімді сату бойынша шығындар
  13. Банк қызметіне ақы төлеу
  14. Материалдық емес активтердің тозуы
  15. Іссапар шығындары
  16. Сынған ыдыстарды есептен шығару шығындары
  17. Автокөлік жалдау шығындары т.б.

                  

    1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

 

                  Өндірістік шығындар есебін жүргізу  бухгалтерлік есеп жұмысының  ең маңызды бөлімі болып табылады. Шығындар есебі дұрыс ұйымдастырылып, нақты жүргізіліп, қажетті көрсеткіштер жедел түрде тез арада қамтамасыз етілуі қажет.

8010–шы “Негізгі өндіріс” бөлімшесінің шоттары түрлі мақсаттарға арналған. 8011-8015 аралығындағы шоттар транзиттік шоттар болып саналады. Бұл шоттар негізгі өндіріске жұмсалған  материалдардың, өндіріс жұмысшыладың еңбегіне ақы төлеу, еңбек ақыдан аударымдар, амортизациялық аударымдар және басқа да шығындардың экономикалық элементтері бойынша сомасын анықтауға арналған. 8011-8015 шоттардың дебеті бойынша бір элементтік шығындар сомасы көшіріліп жазылады. Олар әр айдың соңында 8010“Негізгі өндіріс” жинақтаушы шотына жатқызылады.

         Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында  есепті кезеңде өндірістік шығындар  есептелген шығындар кезең басында  және кезең соңында толық көрініс таба алмайды. Бұл шығындар баланста бөлшектеніп көрсетіледі, яғни аяқталмаған өндіріс қалдықтарының нақты сомалары арқылы 1340,1341,1342,1343 шоттарда есептелетін қалдық сомаларында, мұнда аяқталмаған негізгі өндіріс, аяқталмаған өзіндік өндірістің шалафабрикаттары, аяқталмаған көмекші өндіріс, басқа да аяқталмаған өндіріс көрсетіледі және тауарлы – материалдық құндылықтардың өткізілмеген қалдықтары нақты өзіндік құн арқылы.  Ай басында 1340 – 1343 шотта көрсетілетін аяқталмаған өндіріс қалдықтары шоттың кредитінен 8010-8040 шоттарының дебетіне көшіріледі. Ал кезең соңында аяқталмаған өндірістің нақты өзіндік құнына сай сомалар 8010-8040 шоттарының кредитінен 1340-1343 шоттарының дебетіне жазылады. Негізгі өндіріс – өткізуге арналған өнімдерді шығаруға, сондай – ақ завод ішіндегі тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндіріс.

"Шымкентсыра"  АҚ – да келесідей негізгі  өндіріс түрлері бар:

Шығындар  есебі ұйымдастырылатын цехтардың  аталуы

Өндіретін шала фабрикаттары мен дайын өнімдер

1

Қайнату цехы

Солодты ұсақтау, сумен араластыру, қайнату және фильрациялау

Ыстық сусло

2

Ашыту цехы

Суслоны суыту  және негізгі ашыту процесі

Жасыл сыра

3

Лагер цехы

Қосымша ашыту, сыраны пісіру және фильтрациялау

Дайын сыра

4

Сыраны құю  цехы

Сыраны ыдыстарға құю, бекіту

Шөлмектегі  сыра


         Негізгі өндіріске жұмсалған  шығындар калькуляция баптарының  номенклатурасы бойынша 8010“Негізгі өндіріс” шотында есепке алынады.

Информация о работе Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері