Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа
Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Кіріспе..............................................................................................................3
1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық тұрғыдан зерттеу.
1.1 "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5
1.2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы......................................................................................8
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15
2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22
2.2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28
2.3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38
Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41
Пайдаланган әдебиеттер............................................................................42
Өнім өндіруге жұмсалған шығындар сол есепті кезеңдегі өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Қандай калькуляциялық кезеңге жататынын дәл анықтауға болмайтын шығындарды жекелеген түрлері өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі салалық нұсқауларда белгіленген сметалық нормаланған өндіріс шығындарына енгізіледі.
Калькуляция баптарының номенклатурасы бойынша өндірістегі барлық шығындар цехтар бойынша ведомосқа жинақталады, онда әрбір цехқа жеке парақ ашылады.
Аяқталмаған өндіріс қалдығы есепті кезеңнің басында қаржы бухгалтериясының басқару бухгалтериясына, есепті кезең соңында керісінше басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беріледі.
Өңдеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім қабылдай алмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріс шығындарын құрайды. Аяқталмаған өндіріс қозғалысының сондай – ақ жедел есебін жоспарлау бөлімі, ал ақша салымын өндірістік бухгалтерия жүргізеді.
Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың сақталуын, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындарының арақажеттілігін дұрыс ашуды, аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуын анықтауды, оларды есптеп шығарып тастауға арналған.
Аяқталмаған өндіріс "Шымкентсыра" АҚ–да жоспарлы есептік бағамен (плановая расчетная цена) анықталады.
Аяқталмаған өндіріске жататын шығындарды айқындау мен олардың қалыпты дәрежеде сақталуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның есептіғк саясатында көрсетілген тәртіпте түгендеу жүргізіледі.
Аяқталмаған
өндірістегі қалдықтар
* шығындарды толығымен дайын өнімге жатқызылатын “Өндірісті игеруге жұмсалған шығындар”, “Өндірістен тыс шығындар” баптарынан басқа барлық баптар бойынша іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша;
* дайындық дәрежесін ескере отырып тікелей шығынның барлық баптар бойынша шығын нормаларын негізге ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік шығындар % бойынша қабылданған базасына таратады.
Ай сайын бухгалтерия
Жинақта транспорттық
дайындау шығындарының сомасы немесе
іс жүзіндегі өзіндік құнның өндіріске
жұмсалған материалдық
"Шымкентсыра"
АҚ–да шығындар жинағы
Негізгі және көмекші өндірістердің цехтары тұтынған сондай – ақ басқа тарапқа босатылған энергия, су, бу мөлшері есептегіштердің көрсетуі бойынша анықталады. Автокөліктердің жұмысы жүк автомобильдерінен жолсапар парақтары бойынша анықталған тонна – километр есебімен есептеледі.
Көмекші өндіріс өнімнің , қызметтің өзі құнның дұрыс есептеп шығару үшін аяқталмаған өндіріс көлемін дәл анықтаудың маңызы зор. Біз қарастырып отырған "Шымкентсыра" АҚ – да көмекші өндірісінің ішінде механикалық, кислородтық, жөндеу құрылыс цехынан басқасында аяқталмаған өндіріс жоспарланбайды. Аяқталмаған өндірісті екі әдіспен іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша және есептен шығару жолмен анықтауға болады.
Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға қатысты есптер шығарылады. “Қосалқы материалдар”, “Негізгі және қосалқы еңбек ақы”, “Негізгің материал” баптар бойынша шығындар бастарқы деректер енгізінде тікелей табылады. Қосымша шығындар олардың бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып, жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу механика цехы, автокөлік т.б. Көмекші өндіріс шығындарының есебі 920 шотта және “Цехтардың шығындары” ведомостінде жүргізіледі. Мұнда әрбір өндіріске (цехқа) жеке талдамалық шот тіркелмелі парақтарда ашылады.
Көмекші өндіріс шығындарының есебі келесі шоттарда жүргізіледі.
8030 “Көмекші өндіріс” (қорытындылаушы шот)
8031 “Материалдар”
8032 “Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу”
8033 “Еңбек ақыдан аударымдар”
8034 “Амортизация”
8035 “Басқа да шығындар”
Көмекші өндірістердің әрбір цехы бойынша шығындарды есепке алу “Цех шығындары” машинограммасында жүргізіледі.
Есепті кезеңнің
басында қаржы бухгалтериясының
басқару бухгалтериясына
Дт 8030 Кт 1342
Мұнда жазбалар нәтижесінде қаржы бухгалтериясы көмекші өндірістегі аяқталмаған өндіріс қалдықтарын балансқа енгізе алады.
Екінші әдіс кезінде түгендеу
деректері бойынша аяқталмаған
өндіріс саны және норма сағат
есебінен алғанда олардың
Ай соңында
“Цехтардың шығындары” ведомостында
көмекші өндіріс бойынша шығынд
"Шымкентсыра" АҚ – да
келесідей көмекші өндіріс
11.Теміржол торабының базасы;
12. Шөлмектегі сыра экспедициясы.
Сондай-ақ "Шымкентсыра" АҚ-да
кәсіпорын жұмысшыларының
2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1 Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялаудың жалпы ережелері
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция-өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың, нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жомпарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде паййдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.
Норматиті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады,ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, аммортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.
Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.
Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.
Мысалға, тігін фабрикасының шығыны мен өнімнің өзіндік құны сол фабрикада тігілген ерлер костюмы бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашылығында есеп объектісі, әдетте, өзінің калькуляциялау объектісімен сәйкес келе бермейді. Мысалға, өсімдік шаруашылығында есептеу объектісі күздік бидай болып табылса, ал калькуляциялау объектісі болып-дән, сабан саналады. Мал шаруашылығында есептеу объектісі сүтті табын болып табылады, ал калькуляциялау объектісіне сол табынның сүті, төлі, қиы жатады.
Есеп объектісі мен калькуляция
Сонымен, іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:
-натуралды бірліктер - дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;
-ірілендірілген бірліктер - тігін
бұйымының прейскуранттық
-өнімнің өзіндік құнын
-құндық бірлігі;
-еңбек бірлігі (норма-сағаты);
-орындалған жұмыс бірлігі (
-пайдалы нәтиженің бірлігі-
Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процесте екі немесе бірнеше түрі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы шығынды өнімдердің арасына тартуға болмайды, сондықтан ондай өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге төменде келтірілген әдістің бірін пайдаланады. Егер де технологиялық процесте шикізатты өңдеу кешені бірнеше рет қайта жасаудан тұратын болса және өндірістің бұл кезеңдері бойынша шығын деңгейін анықтау мүмкіндігі бар болса, онда соңғы өнімге немесе шалафабрикатқа бөлістік калькуляциясын пайдалану мүмкін. Егер де жалпы шығыннан белгілі бір өнім түріне қатысын бөлу мүмкіндігі бар болса, онда оны тікелей сол өнімнің өзіндік құнына қосуға болады.
Информация о работе Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері